Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1387

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру

   Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын   талабы оқушыларға әлемдік  ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру,олардың   ойлау мүмкіндігін қалыптастыру.

Бастауыш  сынып оқушыларын дамытудың маңызды  факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін   ғана емес,сонымен бірге баланың ақыл-ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға  қою болып табылады.

   ХХ1-ғасыр-жеке адамның білімі мен біліктілігі үстемдік құратынын уақыт дәлелдеп отыр.Ендеше, осы бір толассыз ақпараттар ағыны мен жаhандану заманында төрткіл дүниеге елімізді танытатын білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар қауымына жүктелетін үлкен міндет.Алдымызда отырған шәкірттерімізге сапалы білім,саналы тәрбие беріп,   шығармашыл іскерлік дағдысы қалыптасқан,жан-жақты мәдениетті тұлға қалыптастыруға аянбай  тер төгу керекпіз.

Оқу дағдыларын қалыптастыруда  оқушыны   дұрыс түсініп,шапшаң  және мәнерлеп оқуға үйрету.

Алдымызда отырған шәкірттерімізге сапалы білім,саналы тәрбие беріп,  шығармашыл іскерлік дағдысы қалыптасқан,жан-жақты  іске асыру,яғни жаттықтыру жұмыстарын жүргізу жолдары мектеп тәжірибесінде  әлі де анықталуда.

Осы орайда бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыруда қолданылып жүрген әдіс-тәсілдерімді сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

   Бастауыш сыныпта оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастырудың негізгі мақсаты оқушыларды мәтін мазмұнымен толық таныстырып, жүйелі сөйлеуге,ойын дұрыс жеткізуге баулу.

   Бастауыш сыныпта оқылымға  негізделген бірнеше белсенді  әдіс- тәсілдер бар.Әңгімені түсініп оқу, түртіп алу,көз жүгіртіп оқу яғни жылдам оқу.

Мәтіннің мазмұнын айту үшін оқуда түсініп оқу жүзеге асады. Оқылым бөліміндегі әдіс- тәсілдер мәтін бойынша сұрақтар қоя білуге,мәтіннің идеясын,құрылымын анықтауға, мәтінге анализ жасауға негізделеді.Мысалы   мәтінмен жұмыс жасауда сыныпты топқа бөліп,мәтінді толық талдау жүргізіледі.

Бірінші топ: Әңгіменің мазмұнын айтады.

Екінші топ: Әңгімені зерттейді.

Үшінші топ: Жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады.

Төртінші топ: Әңгімені талдай отырып, өз ойларын айтады,толықтырады.

     Оқушылардың жаңа сабақтағы тақырыпты түсіну деңгейін тексеру мақсатында «Серпілген сауал» әдісін пайдалану да тиімді тәсілдердің бірі.

Сабақта оқушыларды жан-жақты ойлауға жетелеу үшін «Ойлау картасы» әдісін пайдалануға болады.

 1.Мәтіндегі мәліметтерді айқындау

2.Сипаттау.

3.Салыстыру. 

 Әдебиет сабағында тағы бір оқушыларға өте ұнайтын әдіс: «Ассоциация»әдісі

Ережесі:Оқушылар мәтінді немесе өлеңді мазмұнына қарай суретпен сәйкестендіреді.

Табиғат, сен -тіршілік тұнып тұрған.

Сен -күнсің көтеріліп күліп қырдан,

Сен-көлсің,

Сен -ормансың.

  Қорыта келгенде қандай әдіс-тәсілдерді қолдансақ та балалардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізері сөзсіз.

230 0
Капсаметова Динара Кабидолловна Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Нұр – Сұлтан қаласы Ұлы дала ұстазы № 002403
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: