Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1385

Атадан қалған асыл мұра. Аңқау арыстан (Ертегі)

Сабақтың тақырыбы:

Атадан қалған асыл мұра. 

Аңқау арыстан (Ертегі)

Мектеп: № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі

Күні: 09.02.2018 жыл

МұғалімдерЖандилдина Гүлмирам .Б                       

СЫНЫП: 2 «В»

 

 

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау  

2.2.1.2 - шығарманы тізбектей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу  

2.3.1.1 -  Оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  1. Оқулықта     берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  1. Тақырыптың     маңызы туралы  дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  1. Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. 

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих. 

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар  төменде

жоспарланған жаттығулар мен ,ескертпелер

Ресурстар

Басталуы  

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен тақырыппен жұмыс. 

3 минут

Психологиялық тренинг жүргізу.

1.Қонақтармен үш тілде амандасу

2. Қуанамын мен де,
       Қуанасың сен де.
      Қуанайық достарым,
      Арайлап атқан күнге!

3.  - Өте жақсы, енді топқа бөліну үшін мына суреттердің қалағандарыңды алыңдар. (Аңдардың суреттеріне байланысты топқа бөліну)

Оқушылар қалаған суреттерін алып төрт топқа бөлінеді 

Топ ережесін еске түсіру.

Сабақтың мақсаты айтылады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 

  «Әдемі есім» ойыны. Оқушылар өз топтарының есімдеріне сын есім (қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз) қосып айтады.

«Ауыспалы микрофон» ойыны.

 

 

 

 

1-топ – арыстан

2-топ – түлкі

3-топ – қоян

4-топ – қасқыр

 

 

 

Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз  қосып айтады.

Өткен бөлім бойынша 

бір-біріне микрофонмен сұрақтар қояды.

 

 

Жаңа сабаққа дайындық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулықпен жұмыс: 

 

 

10 минут

 

 

 

 

Болжау әдісі

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс:

 

Дәптермен жұмыс.

 

5 минут

Білу және түсіну 

- Балалар, бүгін біз сендермен үлкен бір тараумен танысқалы отырмыз. Тараудың тақырыбы: «Атадан қалған асыл мұра» деп аталады. Мұнда халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді, аңыз әңгімелермен танысамыз.

1.Халық шығармаларының түрлерімен таныстыру.

    Шешендік сөздер,ертегілер, мақал мәтелдер, аңыздар, жұмбақтар ,жырлар

   Соның ішінде, ертегілер - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.
- жануарлар жайында 
- қиял - ғажайып ертегілер
- шыншыл ертегілер
   Ертегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

2. Берілген жұмбақтарды шешеді.

Өзі ширақ өзі қу, 

Жүрген жері айқай - шу                     (Түлкі)

 

 Бір аң бар қайраты көп болған күшті,

 Басынан өткізеді әрбір істі                (Арыстан)

 

Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, 

Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ.             (Есек)

    Ал, балалар, жұмбақты шештіңдер. Қалай ойлайсыңдар, бүгін оқитын ертегіміз не туралы болмақ?   

  1. Оқулықтан өздері оқып, топта талқылайды. 

(түсінбеген сөздерін түртіп алып отырады)

 Өзің шешкен жұмбақтарға және ертегіге сүйеніп, кейіпкерлерді сипаттайды.

Сөздік жұмысын дәптерге жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды     оқулықтан тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

Электронды оқулық

Сергіту сәті 

2 минут

«Ертегілер»  әні

 

Музыка ырғағымен билейді

 

 

Шығармашы-лық кезең

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы 

 5 минут

Топтық жұмыс

1-топ – Әр бағандағы сөздер қай кейіпкерге тиісті екенін айт. Әр бағанда бір сөз артық. Ол-басқа кейіпкерлердің сөзі, соны тап.

2-топ – Мәтін бойынша жоспар құр.

3-топ  – Ойланып жауап бер: Сабақтан кейін ата-анаңды тосып жүр едің. Әдемі көлікпен келген адам саған:

- Мені сенің әкең жіберді. Жүр, үйіңе апарып тастайын, - деді. Сен неістер едің?

4-топ – Берілген суретке зер сал. Ертегідегі оқиғаның қай сәтіне сәйкес келеді. Сахнала. 

 Оқушылар тапсырмаларды тақтаға шығып орындайды.

    Осы ертегіден қандай ой түйдің? 

    Ертегі арқылы саған не айтқысы келді?

Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

 

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

 

Постер қорғайды

 

 

 

 

 

 

Аңдардың бетпердесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

 

Рефлексия

 5 минут

«Менің көңіл-күйім баспалдағы» кері байланыс.

    Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

 

 

 

244 0
Жандилдина Гүлмирам № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 002402
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: