Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1384

Мақал-мәтелдер қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ой өрісін, адамгершілік құндылықтарын жетілдіру


  Әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, әр адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдеті, болмысы танылады. Осы мақсатқа жету үшін оқушы да, ұстаз да өзіне сеніп, жаңа технологиялық ізденіс үстінде болуы керек. 

  Мақал-мәтел – қазақ ауыз әдебиетінің бір бөлігі. Мақал – мәтел ғасырлар шежіресі. Мақалдың мәтелден айырмашылығы неде? Мақалда нақты қорытынды ой, тұжырымды түйін болады. Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады. Ал мәтелде ой тікелей білдірілмей, жанамалап айтылады. Мақал -мәтел әуел баста жеке адамдар шығарған, біреуден-біреу жаттау, ауызекі айта жүріп, өзгеріп, жалпы халықтық мұраға айналған. Мақал – мәтелдерді  түсініп оқу арқылы сөздік қоры молаяды. Мақал-мәтелдің оқушыларға тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына. Өз сабақтарымда мақал-мәтелдерді оқу барысында сөздік жұмыстарын жүргіземін. Оқушыларға сөздердің мағынасын түсіндіріп, қандай ойды білдіретінін айтып отырамын. Мақал-мәтелдерді тек қана жаттау үшін бермеймін, әдетте олардың тура және ауыспалы мағынасын түсіндіремін. Оқушылар мақалдың мағынасын ашып, өздері ой түйіп, түсінуге тырысады. Тілдерін дамыту үшін сөздік жұмыстарын жүргіземін. Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген бала өз ойын еркін жеткізе алады. Тіл дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушыларды тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін дамытуға зор үлес қосады. Мақал – мәтелдер арқылы оқушы жақсы мен жаманды ажырата білуді, мейірімді, сыпайы, әдепті болуды үйренеді. Еңбек туралы мақалдар арқылы еңбек етуді, Отан туралы мақалдар арқылы өз елінің патриоты болуды, білім туралы мақалдар арқылы білімді, білгір, алғыр болуға ұмтылады. 

  1. Отан оттан да ыстық. 
  2. Еңбектің- наны тәтті,

Жалқаудың – жаны тәтті.

  1. Білім инемен құдық қазғанадай. 

Оқыту үрдісінде тиімді қолданылған мақал-мәтелдер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, сол арқылы ана тіліні терең қатпарларын игеруіне, асыл маржандарын түсінуіне жағдай жасайды. 

 Адамгершілік – адамның рухани байлығы. Адамгершілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен – кішілігіне қарамай жақсы қарым- қатынаста болуы. Мақалдар арқылы адамгершілікке баулуға болады. Адамгершілікке тәрбиелеудің алғашқы әліппесі, өмір табалдырығын аттаған бастауыш сынып оқушыларына зор тәлім. Осындай жұмыстарды тәрбие сағатымен ұштастырып, мың бір мақал жүз бір жұмбақ  жарысын, суреттерден мақал құрастырып айтуды ұймдастырып отырамын. Мұндай жұмыстар оқушыларыма өте ұнайды. Олар бар ынталарымен құлшына кіріседі. 

461 3
Бейсеитова Арайлым Картаевна Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Нұр-Сұлтан қаласы. Ұлы дала ұстазы № 002401
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Жанболат
14 февраля 2022 22:20
Тамара керемет
Жанболат
14 февраля 2022 22:56
Тамаша керемет
Гулмира
14 февраля 2022 23:39
Өте жақсы айтылған.Мақалдап сөйлегенді жақсы көреміз.[