Жаhандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін,белсенділігін арттыру білімге деген құштарлығын ояту. Еліміздің орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалау тапсырмасын әзірлеу және сараптама жасауда мұғалімдердің кәсіби шеберлігі үлкен роль атқарады. Оқыту барысында мұғалім пәннің оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттарын басшылыққа алады. Оқу мақсаттары сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер тұрғысында анықталған: білік немесе дағды, білу немесе түсіну. Мұғалім түрлі тапсырмаларды әзірлеуге, оларды көрсетудің әртүрлі тәсілдерін қолдануға, әзірленген тапсырмаларға сараптама жасаудың педагогикалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, тест сұрақтарының дұрыс жауабы мен дистракторларды шеберлікпен құрастыруға, тапсырма мен тест сұрақтарының мазмұнын талдай білуге және пән бойынша бағалауға арналған тапсырманы дұрыс таңдай білуге назар аудару керек. Бағалау тапсырмаларын әзірлеуші сыни ойлау дағдысын ұзақ уақыт бойына жетілдірген, өзінің дағдылары мен сын тұрғысынан ойлаудың аталған төрт компонентін дәйекті пайдалана білетін білікті маман болып табылады. Бағалауға арналған тапсырманы әзірлегенде құрылым мен өлшеуге арналған компоненттерді сақтау маңызды. Бағалауға арналған тапсырманың сәйкес болмау себептерінің бірі оның толық анықталмаған-дығында құрастырылмағандығында болады. Тапсырма құрылымының жеткіліксіз берілгендігінің мысалы ретінде әрқайсысы жеке немесе барлығы бірге қарастырылып бағалануы тиіс байланыстырушы ортақ тақырыптардың болмауын айтуға болады.
Мысалы, физика фәні бойынша жиынтық бағалау тапсырмасында бағыттас пәндердің ескерілмеуін айтуға болады. Жалпы түсінік қалыптастыру мен дұрыс шешім қабылдауда бір-бірімен байланысты барлық пәндер қатар маңызды. Жиынтық бағалауда олардың біреуінің ескерілмеуі пән бойынша оқушының оқу жетістігі туралы дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.
Поллит, Ахмед және Крисп (Pollitt, Ahmed and Crisp, 2007) бағалауға арналған тапсырманың мазмұнына төмендегідей талаптар қояды:
- тапсырманы орындауға берілетін уақытты дұрыс белгілеу;
- тиімді жұмыс көлемін ұтымды анықтау;
- бағалауға арналған тапсырманы орындау кезінде оқушылардың күйзеліске ұшырау мөлшерін анықтау.
Танымдық саладағы оқу мақсаттарының жіктелімі (Блум таксономиясы) бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау үдерісінде кеңінен қолданылады. Бастапқы және түзетілген Блум таксономиясы оқуды күрделілік деңгейінің өсуі бойынша алты танымдық деңгейге бөледі. Әрбір жоғары деңгей алдыңғы деңгейде меңгерген дағдыларға негізделеді. Оқу мақсаттарын Блум таксономиясы бойынша жіктеуде бағалау критерийлерін құруда мұғалім басшылыққа алатын зат есім мен етістіктерді дұрыс қолдану маңызды. Етістік таңдаған танымдық санатқа (деңгейге), ал зат есім оқушының меңгеріп, көрсетуі тиіс тапсырманың түріне бағытталады. Оқу мақсаттарын дәл тұжырымдап, үнемі есте ұстау өте маңызды; оқу мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді практикалық тапсырма әзірленеді. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болады.
«Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы қажет. Басқаша айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге қолайлы. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап беруі мүмкін; осындай тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт ішінде қамтуға болады.
Тапсырма әзірлеушіге (мұғалімге) мұндай тапсырмаларды құрастыру оңай және тез болады. Сондай-ақ, тексеру мұғалімнің пайымдауына байланысты болатын тапсырмаларға (ашық тапсырма) қарағанда, мұндай тапсырма барынша объективті, қойылған балл көбіне сенімді болады. Сәйкестендіруге арналған тапсырмалардың түрлері көп. Оның қарапайым түрлерінің бірі – екі бағанды салыстыру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші бағанда салыстыруды қажет ететін олардың жауаптары көрсетіледі. Бұл жағдайда бірінші бағандағы тапсырмалардың саны мен сәйкес жауаптар саны бірдей болады. Алайда, бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар жауапты болжамдап дұрыс табуы мүмкін, сонымен қатар, егер оқушы бір жауабында қателессе, одан ірі де қателікке ұрынады. Мынандай жағдай болуы да мүмкін: оқушы біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сәйкестікті дәл біледі, сонда жауабын білмейтін сұрақтың шешімі оқушыға өздігінен айқын болып шыға келеді.
Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде шектелген, дәйекті жауабы берілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай тапсырма екі компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары, мұндағы дұрыс жауап – тапсырманың кілті, дұрыс емес жуаптары – дистракторлар болып табылады. Ашық тапсырмалар жоғары деңгейдегі танымдық дағдыларды тексеруге, аргумент келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше сөздерден (қысқа жауап) толық аргументативті пайымдауларға (толық жауап) дейін өзгеруі мүмкін. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет. Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындауы қажет. Сонымен бірге ашық тапсырманы құрастыру кезінде ескеретін кейбір жағдайлар:
1. оқушының жас ерекшелігін, мәдениетін және ақпараттың өзектілігін ескеру, яғни тапсырмалар оқушыға түсінікті, қолжетімді берілуі қажеттілігі;
2. жауап үлгісін тиянақтылау, нұсқалардың барлық мүмкіндігін есепке алу, берілген жауап үлгісін тапсырманы тексеру кезінде қолдану керек. Мұғалімдер дағдылар мен төрт компонентті бағалау тәжірибесіне жеткілікті деңгейде уәжделген. Оқушылар көбіне сын тұрғысынан ойлауда қиналады, оның құрамдас бөліктерімен жұмыс істеу қабілеті мен оларды өз тәжірибесінде қолдануға деген ынтасы төмен. Осының барлығы емтихан алушы мұғалімнің жоғары, орташа және төмен көрсеткіштердің дәлелдерін жинақтауына көмектесетін бірыңғай тест спецификациясын құру қажеттілігін айқындайды. Тест сұрақтарын әзірлеуде сұрақтарды шеберлікпен құрастырудың маңызы зор. Тест сұрақтарын пайдалану (тестілеу) тақырыптың соңында материалды бекіту кезеңінде өте тиімді. Сонымен қатар тақырыпты жаңадан бастаған кезде де тест қолдану пайдалы болып табылады. Бұл жағдайда оқушылар бастапқы білім деңгейін көрсетіп, білім-дағдыларын одан әрі тереңдетуге және дамытуға қызығушылық танытады. Берілген тақырып бойынша сұрақ құрастыруды оқушыларға үй тапсырмасы ретінде беру жақсы тәжірибе болып, өз бетінше зерделеуге арналған бөлім бойынша). Құрастырылған сұрақтары бойынша оқушылардың материалды білу, түсіну деңгейін байқауға болады.Келесі тағы бір айта кететін жағдай балл қою кестесі туралы.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Балл қою кестесі қашан, қалай балл берілетіндігін білдіретін, дұрыс (болжамды) жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық және нақты ақпарат ұсынатын құрал болып табылады. Балл қою кестесінің құрылымы мен мазмұны пәндер мен тапсырмалар түрлеріне қатысты ерекшеленуі мүмкін . Балл қою кестесінің құрылымы мынадай ақпараттардан тұрады: тапсырмалар нөмірі, тапсырмаларды орындаудың кезеңдері көрсетілген жауаптары, әр кезеңнің балдары және балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша ақпараттар. Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы (кілті) көрсетіледі. Ашық типті тапсырмалардың дұрыс (болжамды) жауаптарының үлгілерін құрастыру кезінде балл қою кестесінде бағалаудың екі аспектісі сипатталады: таңдалған жауап ; ықтимал жауаптар немесе оқушы жауабы ескеріледі (мысалы, автор пікірімен келісу/келіспеу пікірін жазады/оқушы жауабы ескеріледі.). Бұдан әрі тапсырмаларды орындаудың әр кезеңінің балдары көрсетіледі. Барлық альтернативті жауаптар балл қою кестесінде көрсетілуі тиіс, кинематика бөлімі бойынша жиынтық бағалаудағы тапсырманы қарастырайық: мысалы
Автобус 54км/сағ жылдамдықпен қозғалуда.Ол х0=250м нүктесіне жеткенде 4 секунд бойы 3м/с2 үдеумен жылдамдығын арттырады. Кейін 10с ішінде тежеліп тоқтайды. Есептеңіздер: а) автобустың 4 секундтан кейінгі жылдамдығын________[1]. b) автобустың 4 секундтан кейінгі координата-сын_________[1]. c) автобустың жүрген жолын________[1]. d)автобустың тежелу үдеуін________[1]. е) автобустың тeжелу кезіндегі алған жолын_________[1]. Осылай тапсырманың алгоритм жасау арқылы беріледі. Тапсырмалардың әр түрлерін қолдануда олардың жеңілден күрделіге қарай логикалық реттілікпен орналастырылуы ұсынылады. Кез келген ресурстық материалдарға нақты нұсқау берілуі қажет. Құрастырылған сұрақтары бойынша оқушылардың материалды білу, түсіну деңгейін байқауға болады. Жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып табылады. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Қолданылған әдебиеттер:
- Критериалды бағалау жүйесінің кіріктірілген моделі. Әдістемелік ұсыныстар– Астана. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ .
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (27.07.2007ж. № 319- III, 13.01.2015 жылғы өзерістер және толықтыруларымен).
- Казакова И.А. Система оценивания знаний в историческом аспекте [Білімді бағалау жүйесінің тарихи аспектісі]. Высшее образование в России, №6, 2011.
- Аллан Дж. Уильямс, Сарбасов Н.С. Международный подход к системе оценивания (Великобритания, США, Сингапур и Новая Зеландия). [Халықаралық бағалау тәсілдері. Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур, Жаңа Зеландия] – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.
- Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.