Жаңа технологияның мақсаттарының бірі - жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайтып, белсенді шешім қабылдауға дағдыландыру. Оқушылардың сабақта шығармашылық зерттеуде мүмкіндіктерін сараптаған белгілі педагог С.Соловейчук жазған «Балаларды оқуға мәжбүр ететін үш күш бар» тыңдау, құмарлық, және мақсат. Тыңдау итермелейді, мақсат тартады, ал құмарлық қозғайды. Ең басты байлығымыз, болашағымыз оқушылардың белсенділігі мен ішкі үнін, пікірін өз дәрежесінде ескермей келдік. Менің көзқарасыммен қарағанда мектебіміздегі әрбір мұғалім жеке тұлға, өз ойлары мен ұстанымдарын ортақ мүддеге бағыттай отырып алар асуларымыз әлі де алда екеніне сенімім мол. Қазіргі осы кезеңде жүріп жатқан Кембриджді деңгейлік курстар дүние жүзінде үздік деп танылған жаңашыл стратегиялар мен педагогикалық тәсілдерді шешудің бірден- бір жолы болып табылды «Менің өзіме жасатсаң үйренемін!» демекші әр сабақта оқушылар бұрынғыдай көшіріп қана қоймай белсенді әрекеттер ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, суреттеу арқылы ойын жеткізу, пікірлесу, пікір таластыруды атқаруда.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ұлттық құндылықтарымыздың бір бөлігі – қолданбалы қолөнерімізді зерттеу, оны ары қарай дамыту қолға алынып жатқан осы сәтті пайдаланып, өзіміз тәлім-тәрбие үйретіп жүрген жас ұрпаққа он саусағынан өнер тамған шебер ата-бабаларымыздың өз саусақтары арқылы өлшем алу жолдарын еске түсірсем деймін.
Қазақ халқының қолөнерінің бірі –құрақ құрау өнері туралы түсініктеме бере отырып, бізге тәрбие мен білім негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған тәрбиесін, адамгершілік қағидаларды бойына сіңіре отырып, өнер мен мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын, ата-салтын, халықтың қалпын жоғалтпау мақсатында құрақ құрау әдісін мұғалімнің ұсынысымен бойыма сіңіре отырып,ғылыми жобамды ұсынамын.
Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, ендеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған "қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй "тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Әжелер киім тіккенде,
Тастамапты қиықты.
Әр алуан қиық түскенде,
Дорбаға салып жиыпты.
Көп киім тігіп біткенде,
Қиыққа дорба толыпты.
Қиықты сәндеп тіккенде,
Құрақ көрпе болыпты
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.
Құрақты құрау кезінде қойылатын талап – ол мата бөлшектерінің симетриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдалынатын мата жұқа, қалыңдығына қарай іріктеліп алынады. Матаны үлгі бойынша қию үшін тігіске кететін қосымшаны 0,5-1см артық алып, матаның шығымдылығын ескеру керек. Матаның үлгі бойынша қию үшін алдын ала дайынаған матаның үстіне үлгіні қойып, бормен немесе сабынмен шетін сызып, қосымшаны ескере отырып белгілейміз де, бұдан кейін үлгіні алып тастап, бормен белгіленген жерін қиып аламыз. Құрақ қиындыларын әуелі көктеу тігістері арқылы біріктіреміз, одан соң тұрақты тігіс машинаға саламыз. Құрақтың сәнді болуы сызбасымен үлгісіне тікелей байланысты. Машина тігістерін қолмен тігу арқылы орындауға болады. Қол тігістері: тепшіу, көктеу, жөрмеу, қайып тігу, т.б. солардың ішінде қайып тігу әдісімен тігеміз. Құрақтан жасалған бұйымның шетін түрлі мата қиындыларынан тұмаршалауға шашақтауға немесе өзге түсті матамен жиектеп сәндеуге болады. Көрпенің астына лайықтап астар қиып алып беттестіру кезінде екі жағының да оң беті ішіне қарайды. Арасына корпешенің немесе бұйымның барлық жақтауларына олшеніп алынған тұмарша қосыла көктеледі. Мықты болу үшін машина тістерін пайдаланамыз. Құрақ бұйымның оң бетін аудару үшін 8-10 см көлемінде астардың дәл ортасынан ашық тігілмеген жер қалдырамыз. Арасына тұмарша салынып астарланған құрақтың ішіне мақта саламыз да көрпешені көктейміз. Көктеу жұмысы мақтаның түйдектеліп, көрпешенің бір шетіне жинақталып қалмауы үшін қажет. Көктеп болған соң корпешені сулы дәкемен үтіктейтін болсақ тігістің кейбір кемшілігі білінбей кетеді.