Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1371

Ұстаз туралы ой

Әр бір адамның жүрегінің қалауымен қалап,біреуге еліктеп мамандықты таңдайды.Сүйікті мамандық иесі болу бұл кез келген адамның қолынан келе бермейді.Мен мұғалім мамандығын таңдауда бастауыш сыныптағы апайыма еліктей отырып,бастауыш сынып мұғалімі мамандығын иелендім.Ұстаздық қызмет кеңпейіл көңіл  мен жылу сыйлар үлкен жауапкершілікті талап етеді.Алдыңдағы    шәкіртіңнің  болашағына жол сілтер ұстазға артылатын үміт пен сенім көп.Осы орайда Д.Ушинскийдің «Мұғалім  іші сырттай қарапайым болғанымен –тарихтағы ең ұлы істің бірі»деген дана сөзі ойға келеді.    Қазіргі дамыған заманда  ақылы ойы ұшқыр ұрпақтың санасына  ой салып,білім нәрімен сусындату көп қажырлы еңбекті талап  етеді,мұғалімге қойылатын талапта күшті. Осы ұстаздық еткен еңбек жолымда   жылдан жылға  заман талабына сай білім,біліктілігін арттырумен, бірге іс-тәжірибемдіде  түрлендіріп отыру керек  болады. Соның нәтижесінде өз тәжірибемде  инновациялық   технологиясын жан-жақты қолдана отырып,сапалы білім бере аламын.      Еліміздің болашағы болған балалардың тағдырына мемлекет басшысы,ата-ана,мұғалімде жай қарап отыра алмайды.«Қазақстан -2050»стратегиясы :қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен инвестиция.Біз бұл мәселеге  жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек»деп атап көрсеткен.Болашақ инвестицияға тек қана білім берумен бірге дұрыс тәрбиені де бере алуымыз керек міндеті тұр. «Мәңгілік ел»жалпыұлттық идеясын іске асыру бұл міндеттердің бірі болып табылады.Оның іргетасы мектепте қалануы тиіс.Осы идеяны іске асыру  әр бір сынып жетекшінің алдындағы міндеті болып табылады.Ендігі ұрпақ –Мәңгілік   қазақтың перзенті.Осы ұрпақты саналы,рухани дүниесі бай,көрегенді,білімді етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздан күтіледі. Әр бір ұстаз әр бір өтетін сынып сағаттарында   патриотизм және азаматтық жауапкершілік,отбасы,үлкендерге,достарына,адамдарға қамқорлық,жылы сезімде  болуды, басқа  адамдармен бірлесіп  жұмыс істеуге   дайын болу,тұлғаның әлеуетін дамыту,еңбексүйгіштік,адалдық, жұмысқа құлшыныс, мақтаныш, экономикалық білімін дамыту,адамның физикалық және рухани денсаулығы,ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі осы құндылықтарды   оқушы бойына дарыту керек.

      Ғұлама,ақын Абай Құнанбайұлы   айтқанындай «Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті». Мұғалім  өз сабағын қызықты өтумен бірге баламен де тіл табыса алу керек.Баланың психологиясын білумен бірге,отбасылық жағдайында танып біледі.Білім алушының бойына   өз сәулесімен нұрландырып,жүрегінен жол тауып,өмірге нық қадам басуына бағыт бағдар беруші ұлы тұлға,  ол-ұстаз.      «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал өзім істесем үйреніп аламын» (Конфуций) деген қанатты сөздің астарына үңіле отырып, шәкірттеріме өздері сыни тұрғыда ойлап, сапалы  білім,тәрбие игеруіне жол көрсетемін. 

    Әр бір ұстаздың жемісі- шәкірті. Шәкірт    биік самғап,өз жолын тауып  жақсы нәтижеге жетсе,ең бірінші ұстазына алғыс білдіреді.Менің мектепті бітіріп кеткен бір шәкіртім былай жазыпты:«Менің ең алғашқы мейірімді де, сұлу,ұстаздық  жолында қызмет етіп келе жатқан, мен үшін жүрегімде тарихи  тұлға болып қалыптасқан құрметті Тамара апай!Мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын!Шығармашылық жолындағы  табыстарыңыз бен ұстаздық  өмір жолындағы биік шыңдарыңыз сізді әлдеде аңсаған армандарыңа жеткізсін!» Мен   шәкірттерімнің осындай жүрекжарды сөздерін оқи отырып, өмірден өз жолын таба алғанына және мен олардың жүрегінде тарихи тұлға болып қалыптасқаным үлкен бақыт емес пе?! Ұстаз –абыройлы,ақылдылық пен көрегенділіктің бейнесі деп  ой түйемін.

164 0
Тамара Куракбаева ,«№10 жалпы білім беретін мектеп»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001903
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: