Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1365

Орман тұрғындары

Ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: «Таным» «Қатынас»

Оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Орман тұрғындары».

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін байыту. Оларды бір – бірінен ажырата білуге және дұрыс айтуға үйрету. Жабайы жануарлардың /аю, түлкі, қоян, кірпі/ сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту. Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін, ойын арқылы эмоциялық сезімдерін дамыту. Олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу. 

Көрнекілік: касса,билет, орманда жүру ережесінің суреттері,слайд, орман көріністері,жабайы аңдардың суреттері.

Әдіс – тәсілдер:  әңгімелесу, тақпақтар айтқызу, жұмбақ жасыру, құрастырмалы және шартты ойындар,синквейн әдісімен лексикалық грамматикалық категорияларын дамыту,сұрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: қонжық, бөлтірік, жаутаң, көжек, кірпішек.

Билингвальдық компонент: орман -лес, Жабайы жануарлар- дикие животные.

Оқу қызметінің барысы

Музыка қосылады, балалар топқа кіріп орындықтарына отырады.

Іс-әрекет кезеңдері.Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші: - Балалар, бүгін ашық оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіпті..

Тәрбиеші: Қане,ендеше шаттық шеңберге жиналып бір бірімізге  жылы лебізімізді білдіріп  қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық

Таза ауа салайық

Күннен нұрын салайық,

Жүректен жылуын салайық ,

Осы айтқан лебіздерді 

Бір бірімізге сыйлайық!(Балалар шаттық шеңберінде тұрып іс-әрекет жасап қайталайды. Балалар қонақтармен  амандасады.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

-  Күз.

 - Күз айларын атап беріңдерші?

- Қыркүйек, қазан, қараша.

 - Күзде ауа райы қандай болады,қандай ерекшеліктері болады?

-. Күзде күн салқын болады. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді

 - Адамдар күзде жылы киінеді.

Тәрбиеші: Иә, жарайсыңдар балақайлар! Қане, балалар,күз мезгілі туралы қандай , тақпақтар білесіңдер?

Асылым:Күзім ау  күзімау 

                 Мінезің  бұзақ ау

                Жаңбырың  себелеп

                 Келгенің  қызық ау

Ханшайым:.Күз болғанда                              

                   Алма, алмұрт піседі                

                   Жапырақтар сарғайып             

                  Сылдыр сылдыр түседі. 

Інжу:        Сарғайды тоғай                      

                   Сап сары маңай                        

                   Соңғы әнін айтып                    

                    Құс кетті қайтып                         

 - Балалар, сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

 - Жабайы аңдар қайда мекендейді?

 - Дұрыс айтасыңдар, сондықтан оларды орман тұрғындары дейміз. 

Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы:

«Орман тұрғындары».

 Балалар, жануарлар екіге бөлінеді. (тақтада суретін көрсету)

 Үй жануарлары және жабайы жануарлар болып. Үй жануарларын адамдар қоректендіреді, жабайы жануарлар орманда тіршілік етеді ол жануарлар өз азығын өздері тауып жейді.

Енді біз орманда тіршілік ететін жабайы жануарлармен танысамыз.

– Балалар, бүгін сендерді орманға тамаша саяхат күтіп тұр.Орман–бұл біздің байлығымыз, орман жануарларының әлемі түрлі болып келеді.           

Тәрбиеші: Орманға бару үшін алдымен орманда жүру ережесін есімізге түсірейік:

Суретпен жұмыс

– Қандай ережелерді білесіңдер, балалар?
 –  Өсіп тұрған өсімдіктерді тамырымен жұлмау керек.
 – Бұтақтағы құстың ұясын бұзба.
 – Құмырсқаның илеуін бұзба.
 – Орманнан аңдарды алуға болмайды.
 – Орман жәндіктерін ренжіуге болмайды.
 – Шулауға болмайды.
 – Орманда от жағуға болмайды.
 – Қоқыс таустауға болмайды.
 –Құстың жұмыртқасына тиісуге болмайды.

- Айтыңдаршы, кішкентай балаларға жалғыз орманға баруға бола ма?

-Жоқ, болмайды. Жалғыз орманға бару қауіпті. Орманда тыныш, әрі биік ағаштар күннің көзін жауып қараңғылау болып тұратындықтан адасып қалуға болады.

Тәрбиеші;Иә балалар осы табиғатты қорғау жайында Кәусардың тақпағын тыңдайық:
 Табиғатты қолдай біл

Аң құсында қорғай жүр

Білуіміз керек оны біз

Бізде табиғаттың біріміз

 (есікті біреу қағады).

– Балалар, бізге қонақтар келген сияқты.

(Қызыл телпек кіреді).

Қызыл телпек: Салеметсіңдер ме, балалар.Балалар амандасады.

- Менің естуімше, сендер орманға серуендеуге шыққалы жатыр екенсіңдер. Менің де орманға барғым келеді. Мені де бірге алыңдаршы, өтінемін.

 

Тәрбиеші: Балалар, орман алыс, сондықтан автобуспен барамыз. Автобуспен бару үшін ,Автобус билеттерін аламыз ондағы сан номерімен   орынымызды тауып отырайық

Орман алыста болғандықтан автобусымыз тез жүретіндіктен жел қатты соғады,көзімізді қатты жұмып отырайық.

(қатты жүрген автобустың дауысы)

Слайд; Орман дауысы қосылады 

Тәрбиеші:. Міне, балақайлар,көзімізді ашайық біз күзгі орманға келдік. 

– Тыңдаңдаршы, қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар? (жапырақ сыбдыры, құстар әні)

Тәрбиеші: Әрбір орманда тек ағаштар, үйінділер мен гүлдер ғана болмайды. Қалай ойлайсыңдар, орманда тағы нені кездестіруге болады?

Балалар: аңдар, құстар, жәндіктер. 

Тәрбиеші: Орманда өмір сүретін қандай аңдарды білесіңдер? 

(атайды)қоян, қасқыр, аю, түлкі.

– Балалар, бір сөзбен осы аңдарды қалай атаймыз? 

(балалар жауап береді). (жабайы аңдар)

    

Қызыл телпек: Ал менің ертегі орманымда мен тек қасқырды кездестіргем, - деп қасқыр туралы слайд бойынша айтып береді.

Слайд – қасқыр 

Қасқыр – аңдар үшін де адамдар үшін де өте қатігез, қауіпті жыртқыш аң. Қасқырдың тістері ірі және өте өткір (азу тістері бар). Қасқырлар қараңғыда өте жақсы көреді әрі құлақтары жақсы естиді. Қыста қасқырдың терісі жылуда болу үшін қалың жылы қыстық тон өсіп шығады. Қасқыр қысты аязды күндері ерекше қатігез және аш болады. Ол қояндар мен тауықтарын аулайды, кейде тіпті бұғыларды да аулайды. Қасқырдың баласын бөлтірік дейді.

Балалар қайталайды; бөлтірік

Қызыл телпек: – Ал басқа аңдар туралы білмейді екенмін.  Орманда тағы қандай аңдар бар айтып беріңдерші.

Тәрбиеші: әрине, айтып береміз. Бірақ, алдымен аздап ойын ойнап сергіп алайық. 

Үстел үсті ойыны: «Сан ретімен құрастыр» . «Қоян», «Түлкі» және «Кірпі», «Аю» «қасқыр» аңдарын қима қағаздардан құрастыру.

Шарты: әр топ берілген аңның бөлінген суреттерді сан ретімен қою.арқылы құрастырады. Берілген қима-қағаздан аңдардың суреттерін дұрыс құрастыру.

Тәрбиеші: Балалар ненің суретін құрадыңдар                        

Балалар: (кірпі, түлкі, аю,қоян)міне, осы аңдар жайлы айтатын боламыз. 

 Тәрбиеші: Қане балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын 

Өзі бір қу

Жүрген жері айқай мен шу.  (түлкі)

Тәрбиеші: – Балалар, түлкі туралы тақпақ білесіңдерме?

Аймауыт; Түлкі деген қу ғой,

                   Жүрген жері шу ғой. 

                   Жатып алып жағада, 

                     Іздегені ду ғой.

 

Слайд – түлкі

Түлкі өте әдемі жануар. Оның жүндері жұмсақ әрі үлпілдек. Ол өте епті, қу. Түлкі тышқандарды, қоянды аулап жейді, кейде жауыннан соң шығатын құратарды қазып алып жейді. Жидектер мен көкөністерді де жейді.Түлкінің баласын жаутаң деп атайды.

Балалар қайталайды:жаутаң

(слайд – аю)

Тәрбиеші:  Балалар, бұл аю. Түсі қандай екен? 

Балалар:Қоңыр. Тәрбиеші: Аю қандай жануар? Балалар: - Аю үлкен жануар. Тәрбиеші: - Аю үлкен болсада оның құлағы кішкентай екен. Аю балды, құлпынайды, балықты жақсы көредіАю ірі және ең қауіпті аңдардың бірі. Аюдың құйрығы қысқа, ұзын әрі қалың жүні бар. Ол жыртқыш аң..  Қорегін аулауға кешке немесе ерте таңертең шығады. Ағаштарға жақсы өрмелей алады, суда да жүзе алады. Кейде ол артқы аяқтарымен тік тұра алады. Аю қыста апанына кіріп қысқы ұйқыға кетеді. Аюдың баласын қонжық деп атайды.

Балалар қайталайды:қонжық

Тәрбиеші: Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын жұмбақтың жауабын шешейікші.
 Көлеңкесінен қорқып безектейді
 Ал оның баласын көжек дейді.

Балалар: Бұл қоян.
 - Қоян 

- Ол қайда мекендейді?

- Орманда, үйде.

Бұл қоян. Қыста қоянның тонының  түсі . қыста аппақ, ал жазда (сұр) болып өзгертіп   тұрады Қыста, ақ қардың үстінде қоянды байқау өте қиын оны жауларынан қорғайтын осы тоны ,өйткені қыста ақ болса ,жазда   сұр түске өзгеруіне байланысты. Қоян , орманды далада мекендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтанда биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді.
 Қорқақ, құлағы ұзын, сүйкімді жануар.Тісі өткір.
 Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады.
 Көктем, жаз айларында жасыл шөп, Құрғак шөптер мен ағаш қабығымен қоректенеді.. Ал қыста қалың қар астында тығылады.

Орманды мекендейтін кейбір жыртқыш аңдар қоянды аңдиды.

Бұл сәттерде қоян өзінің жүйріктігіне байланысты кейде құтылып кетеді. Қоянның баласын көжек дейді.

Балалар қайталайды:көжек

Тәрбиеші: - Қоян өте қорқақ екен.Қоянның құлағы ұзын ба, қысқа ма? Балалар: - Қоянның құлағы ұзын. Тәрбиеші: - Қоян аюдан үлкен ба, кішкентай ма? Балалар: - Қоян кішкентай, аю үлкен, Тәрбиеші: - Өте жақсы.Қоянның баласын недеп атаймыз? Балалар: Көжек. 

Тәрбиеші: – Балалар, кім қоян туралы тақпақ айтып бергісі келеді? 

Қоян:Ақ қоян – ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ, сақ қоян.

Қаша берсең, орманға,

«Қорқағым» деп ат қоям.

Ал балалар шаршап қалдыңдарма ?Қазір бір сергіп алайық

    

      Сергіту сәті

    Біз орманға барамыз,

    Жан-жағымызға қараймыз .

    Аю шықты қорбаңдап,

    Қасқыр шықты ырылдап,

    Түлкі шықты майысып,

    Қоян шықты секіріп,

    Қорықпаңдар балалар,

    Өз орныңды табыңдар.

 

Слайд кірпі

Тәрбиеші: –Балалар, орман тұрғындарының бірі- кірпі, оның үсті қандай болады екен? Балалар:тікенекті болады.

 Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, Кірпі кішкентай жануар.ол тікенегінің көмегімен өз жауларынан қорғанады. Кірпі өте иіс сезгіш жануар. Балалар, қараңдаршы, аюдан, қояннан кірпі кішкентай ма? 

Балалар: Иә кішкентай.

 Тәрбиеші: Кірпі немен қоректенеді екен,кім біледі?

 Балалар:Кірпі саңырауқұлақ, алма, алмұрт, кішкентай шөптерді жейді. Тәрбиеші: Өте дұрыс балалар, сонымен қатар кірпі сүтті де жақсы көреді. Өйткені олар сүтқоректілірге жатады

Кірпі бұл кішкентай тікенекті жануар. Кірпі өзіне қауіп төнгенде дөңгеленіп жиырылады, судан қатты қорқады. Кірпінің аяқтары кішкентай болса да өте жылдам жүгіреді. Оның қорегі жәндіктер мен жауын құрттар. Ол жидектерді, саңырауқұлақтарды жақсы көреді. Қыс мезгілінде кірпілер ұйқыға кетеді.Кірпінің баласын кірпішек деп атайды. 

Балалар қайталайды: кірпішек

Тәрбиеші: балалар кірпі жайлы жұмбақ,тақпақ айтыңдаршы? 

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

Кірпі

Мен ашулы кірпімін,

Көрінгенге түрпімін.

Үстім толы ине,

Есің болса тиме.

Ойын: «Анасын  тап»

Шарты: Аңдардың баласын шатаспай тауып беру.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар, Міне балалар, біздің орманға саяхатымыз мәресіне жетті,орманда күз мезгілінде ерте қараңғы түседі, кеш болмай , ғажайып  автобусымызбен , көзімізді қайта қатты жұмып отырайық.

(қатты жүрген автобустың дауысы)Бақщамызға оралдық 

Балалар:

Бірге өсіп, толамыз,
 Биіктерге қонамыз.
 Балбақшамызға күн сайын,
 Қол ұстасып барамыз.

Тәрбиеші: Мінекей, біз енді балабақшадамыз. Қызыл телпек,саған біздің балалармен көңілді болдыма? 

Қызыл телпек; иә балалар орманда жүру ережесін сақтап  тәртіппен жүрді,және олармен бірге  мен білмейтін орман тұрғындарымен таныстым мен өз ертегілер еліме қайтайын,рахмет сендерге балалар. (Қоштасып шығып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар, бізге кім қонаққа келді?(Қызыл телпек)Біз сендермен қайда болдық? (орманда). Орманда нелерді кездестірдік?

Балалар: (қояндарды, қасқырды, түлкі мен аюларды)

Тәрбиеші: Орманда тұратын жануарларды қалай атаймыз?

Балалар: Жабайы жануарлар- Дикие животное, 

Дұрыс айтасыңдар, олар орманда өмір сүретіндіктен оларды жабайы жануарлар деп атаймыз. 

Ал қане балалар Синквейн жүйесімен сендерге ұнаған жабайы аңға әңгіме құрастырайық. (Аюға, түлкіге, кірпіге,қоянға)

1.Не?

2.Қандай?

3.Не істейді?

4. Тақырыпқа төрт сөзден тұратын сөйлем

5. Ол не?

Рефлекциялық түзетушілік

Тәрбиеші: - Балалар,бүгінгі ашық оқу қызметі сендерге ұнады ма?

   Орманда нелендерді кездестірдік?

   Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Несімен ұнады?

   Қандай қиындықтар кездесті?

   Сабақты смайлик арқылы бағалайды

Балаларға,көңілді және көңілсіз смайликтер таратып беру,  солардың біреуін көтеру арқылы бала өзінің көңіл күйін және оқу қызметінің қаншалық қызықты болғанын білу

Күтілетін нәтиже:

Біледі: орман тұрғындарын танып, ажыратады.

Игереді: ойын арқылы жабайы аңдардың тіршілігін біледі.

Меңгереді: сұрақтарға жауап беруді, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды 

283 0
Чапаева Сауле Мұқанқызы, № 133- бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі, Алматы қаласы № 001742
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: