Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1363

Жылы жүрек-жақсы тілек

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

 

Міндеттері: 

-жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

- қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа, сиқырлы қорапша, т. б.

 

Жағымды көңіл-күйге келу:

Балалар сендермен өзін-өзі тану сабағында кездескеніме қуаныштымын.

  1. Балалар, өзін-өзі тану бөлмесінен өзгеріс байқайсыңдар ма? Ал  айналадағы адамдарға қарасаңдар көңілдері көтеріңкі, жүздері жайдарлы мұның себебі неде деп ойлайсыңдар?
  2. Жаңа жыл мерекесі жақындап қалды.
  3. Дұрыс айтасыңдар.
  4. Осы мерекеден сендер не күтесіңдер?
  5. Сыйлық.
  6. Ал осы мерекеге Алпамыс пен Махаббат та бізге сиқырлы қорапша беріп жіберіпті.
  7. Ал, қане ішін ашып көреміз бе?
  8. Қандай керемет!
  9. Жасыл шырша.
  10. Ал осы шыршаны әсемдеу үшін әрқайсысымыз, жылы сөздер айтып, шыршаның бұтақтарын жазайық.

 

Болу үшін бұл өмірде жақсылық.

  1. Бізге ашық күн керек,
  2. Аспан керек мөп-мөлдір.
  3. Ізгі сөздер қуантатын,
  4. Жақсы сөздер жұбататын,
  5. Ата-ана мейірімі таусылмас,
  6. Адал, шыншыл дос, жолдас,
  7. Сабырлылық, ізеттілік қажет-ақ
  8. Ата, әже ақылы да қымбат –ақ,
  9. Қуаныш, шаттық, мейірім,
  10. Қол ұшын берер уақыт-қиындық,
  11. Үлкендерге құрмет пенен ізгілік,
  12. Білімді болу үшін ізденіс,
  13. Сол үшін әдепті болайықшы,
  14. Биік шыңға самғап қонайықшы.

 

-Бір-бірімізге қандай сөздер айттық? Бұл сөздерді естігенде не сезіндіңдер?

«Жылы сөз- жүректен шығады» дегендей, бүгін біз осы «Жылы сөз –жақсы тілек» тақырыбында әңгімелесеміз.

.

Тыныштық сәті 

-Үнтаспадан көңілді әуен тыңдату.

-Балалар мен сендерге оқулықтағы Е. Шайқыұлының «Жақсы ата» әңгімесін айтып берейін.

 

 Мәтін соңынан ұсынылатын сұрақтар

-Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?

-Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?

- Өздерің жылы жүрекпен тіліек айтқан кездеріңді естеріңе түсіріп көріңдер.

Балалардың жауаптары

Суретпен жұмыс

Интерактивті тақтадан түрлі жағдайларға берілген суреттер.

(Ана мен бала, әке мен қыз, сәбидің дүниеге келуін, тұсау кесу рәсімі,

«Наурыз» тойы, достарға жақсы сөз, жылы тілек айтқызу.)

 

Дәйексөз

«Жақсы сөз-жан семіртер» деген халық мақалының мағынасын қалай түсінесіңдер?

Жақсы ой, жылы лебіз жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді, адамның көңіліне қуаныш сыйлайды, жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады.Жақсы жылы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады, жақсылық жасауға қамқорлық жасауға құштарлығың артады.

-Балалар, біздің сабағымызға қонақтар келген секілді, тыңдап көрейікші.

Жаңа жылда біз кімдерді күтуші едік.

Аяз ата мен Ақшақарды

Ал қане бәріміз амандасып жіберейік. 

-Сәлематсыз ба! Қош келдіңіз! Төрлетіңіз!

-Балалар, Аяз ата бос келген жоқ өзімен бірге сиқырлы таяқшасын алып келген екен Қазір сендерге ойын ойнатады.

 

 Ойын: «Сиқырлы таяқша»

Балалар таяқшаны жалғастыра отырып көршісінің жақсы көңіл-күін білдіретіндей жылы сөздер айту.

-Диана, бүгін сен қандай әдемісің!

-Уалихан, сенің көздерің сондай мөп-мөлдір!

-Қайырбек, сен сондай жанашыр, бауырмал жансың! т. б.

Шығармашылық тапсырма

Ал енді біз өзін өзі тану сабағында алған білімдерімізді Аяз атаға көрсетіп, 

жазған тапсырмаларымызды сиқырлы қорапқа салып Алпамыс пен Махаббат қа беріп жіберейік.

 

 -Адамдардың көңілін көтеру үшін

-Мақтау, мадақтау үшін

-Алғыс білдіру үшін

-Қал-жағдайын сұраған кезде

-Сағынған кезде

Балалардың жауаптары оқылады.

Аяз ата мен Ақшақармен қоштасады

 

Рольдік ойын

                   Әжесі мен Бағлан

-Жүрегім кім менің?

-Мен!

-Тірегім кім менің?

-Мен!

-Жаным кім менің?

-Мен!

-Сәнім кім менің?

-Мен!

-Ботақаным бағлан қызым,

Не деген тәтті баласың өзің,

Ой, қарғам меніңІ

-Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо ...жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға «қарқ-қарқ» етеді

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

 

-Сендерді туыстарың қалай еркелетеді?

Сергіту сәті

-Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа , айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылмен жасай отырып көрсетейік.

                                          Тілек                            

Шөліркемей гүл тұрсын,         ( Сол қолын жайып көрсетеді)

Жерім жайнап құлпырсын.     (Оң қолын жайып көрсетеді)

Нұрын сыйлап біздерге,          (Екі қолын жоғары көтереді)

Көкте мәңгі күн тұрсын.          (Екі қолын екі жаққа жаяды)

Ортақ бізге туыстық,                (Екі қолын төбесіне жаяды)

Нұр сыйлаған күн ыстық.         (Қолдарын жаяды)

Ыстық бізге кең өлке,                (Оң жаққа жаяды)

Ыстық бізге тыныштық.           (Сол жаққа қарайды )

 

 

 

Үй тапсырмасы      

Балалар, бүгінгі сабақта естіп, білген, үйренген жақсы сөздер мен жүректен шыққан жылы тілектерді дәптерде берілген бос жолдарға жазып келіңдер.

Жүректен-жүрекке 

-Бүгінгі сабағымызды қорытындылауда  қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев адамның қасиеті үш –ақ нәрседен тұрады дегенекен ол ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, олай болса барлығымыз жылылық шеңберін жасайық.

   Бүгінгі келіп отырған қонақтарымызға жылы сөздер мен тілектеріңізді айтып, қолдан жасалған ашық хаттарыңызды сыйға тартыңыз.

 

Барлығы бірге «Бала тілегі» әнін орындайды.

490 0
АЙСУЛУ ЕСЛЯМОВА,ХАМЗА ЕСЕНЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ПЕДАГОГ-МОДЕРАТОР Ұлы Дала Ұстазы № 001902
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: