Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1356

Шетел тілін оқыту процесіне мәдениет аспектісін енгізудің кейбір мәселелері

   Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа танылуы мен кіруі, саяси, экономика, мәдениет, идеология саласындағы өзгерістер, халықтар мен тілдердің қозғалысы мен араласуы қазақстандықтар мен шетелдіктердің қарым-катынасының дамуы, қатынастарға жаңа мақсаттардың қойылуы-шетел тілін оқытудың теориясымен практикасында жаңа проблемалар туындатары сөзсіз. 

        Қазақстанда шетел тілін оқыту басқа да әлеуметтік тұрмыс аясы сияқты түпкілікті қайта құру мен құндылықтарды қайта айқындау, мақсат міндеттерді, әдіс пен материалдарды қайта қарастыру негізінде күрделі де қиын кезеңді бастан кешуде.Белгілі әлеуметтік-тарихи себептермен қазір бұл салада болып жатқан өзгерістер туралы, қоғамдық қызығушылықтың қуатты серпілісі мен шетел тілі(ШТ) пәніне деген көзқарастың түпкілікті өзгеруі туралы сөз қозғамаса да болады. Туындаған жаңа мезгіл мен жағдайда ШТ оқытудың әдіс-тәсілдерін тез арада және түпкілікті түрде қайта қарастыру қажеттілігі туындайды.  

          Шетел тілінде коммуникацияға түсу процесі-тілді ұстанушылардың өмір салтын, өздерін ұстау үлгілері туралы білімді қажет етеді. Мәдениет пен тілдің арақатынасы социолингвистика саласында өткен ғасырдың 60 жылдарынан тереңінен зерттелуде. Коммуникативті дағдыны жоғары дәрежеде меңгеру дегеніміз-тіл ұстанушымен әртүрлі әлеуметтік жағдайда қатынастың тиімді және сол жағдайға орай дұрыс жолын білу болып табылады. Соған орай тіл үйретуші ауыз екі қарым-қатынасқа қажетті тілдік «формулалар» игеруге тиіс. Мысалы: амандық-саулық сұрасқаннан кейін әңгімені одан әрі қай арнада өрбіту, әңгімені аяқтап, қоштасу жолдарын, мәлімет алу, тамақ барысындағы өзара қарым-қатынас т.б. Сонымен қатар дұрыс дискус стилін, дене қимылы мен бет іширатын қолдану, жағдайға орай әңгіме тақырыбын тыңдай білу мәдениет аспектісінің жеке тұрғыдан және тілді қолдану тұрғысынан да, тілді оқытудың маңызды аспектісі бола тұра, қарым-қатынас дағдысын дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда ШТ оқыту үрдісіне мәдениет аспектісін енгізу қажеттілігін ғалымдар мен әдіскерлер мойындауда.  

       Мәдениеттің жеке адам өмірінде де, қоғамда да атқаратын ролі зор. Оның негізінде қарым-қатынас арқылы мағлұмат алады, әлеуметтік қатынастар тізбегі орнатылады, сенім мен эмоция қалыптасады.  Сонымен мәдениет заттарға, құбылысқа, оқиғаға, процеске көзқарас. Мәдениет адамның ойлау өрісінің алуан түрлі мотивтеріне және жалпы азаматтың проблеманы шешу жолындағы іс-әрекеттерге бағдар беретін күрделі, белгілі жолдармен топтастырылған принциптер жиынтығы. 

           Адамзат санасында бірден көптеген құндылықтар орын алған, сондықтан құндылықтар жүйесі туралы сөз етсек, онда құндылықтар ретсіз дүние емес, керісінше олар бір-бірімен белгілі түрде реттелген жүйе. Рон мен Сюзанне Сколендердің пайымдауынша қоршаған ортаның құндылықтарын игергенде, адам өз мәдениетіндегі салт-дәстүрлерге, нормаларға сүйенеді.(1,27) Оның негізінде, адамның өмір бойы ұстанатын жалпы құндылықтар жүйесі қалыптасқан. Құндылық жүйесі олардың маңыздылығына орай, өсу сапасымен орналасқан құбылыс. Бұл жүйеге орай мәдениеттің біртұтастығы, оның қайталанбас көрінісі, қажетті тәртіп сатылары қамтамасыз етіледі.

        Егер құндылықтарды азамат пен қоғам үшін маңыздылық ретінде қарастырсақ, онда бұл түсінік субъективті мазмұнмен толығады, өйткені бүкіл әлемде барлық адамға бірдей маңызды құбылыс жоқ. Белгілі бір топқа немесе жас аралығына тән жеке сипатты құндылықтар бар әр дәуірдегі, әр мемлекеттердегі құндылықтар, осылай жалпы адамзаттық құндылықтарға дейн. Осы себеппен ғылымда мәдени құндылықтар екі негізгі жүйеге бөлінген. Біріншісі- бұл интеллектуалдық, көркем және діни шығармашылықтық үздік еңбектері. Бұл топқа сонымен қатар архитектура ғимараттары, өнердің бірегей туындылары, археологиялық және этнографиялық раритеттер кіреді. Мәдени құндылықтардың екінші тобына әдет-ғұрып, өзін-өзі ұстау, сана, баға беру, пікір, түсініктеме беру стереотиптері кіреді. Екінші топтағы құндылықтар қоғамды ынтымақтастыруға, адамдардың өзара түсінушілігін арттыруга жетелейді. Бұл мәдени құндылықтар екі мәдени топта да, іс жүзінде кез кеген мәдениеттің негізін құрайды, оның қайталанбас өзгешелігін сипаттайды. 

           Мәдениетаралық байланыстарда бұл құндылықтың өзін әр түрлі мәдениет өкілдері әр қалай қабылдайтыны көрінеді. Дегенмен де, алуан түрлі құбылыстардың арасынан белгілі бір топ құндылықтарды бөліп алуға болады. Бұл топқа баға беру мен мазмұны жағынан бір тектес құндылықтар кіреді. Бір тектес құндылықтар әмбебаптық немесе жалпыазаматтық құндылықтар болып саналады. 

             Бұл құндылықтардың әмбебаптығы адамзаттың биологиялық табиғатына және әлеуметтік қарым-қатынастың ортақ тенденциясына байланысты. Мысалы: жер жүзінде кісі өлтіруге, өтірікке, ұрлыққа позитивті жағымды баға беретін бірде-бір мәдениет жоқ. Тек әр мәдениетте осы құбылыстарға төзімділік аясы әртүрлі, бірақ бұл құбылыстардың жалпы жағымсыз бағаланатыны сөзсіз.  

       Құндылықтардың қай түрі болсын адамдар үшін маңызды және ықпалы зор, керісінше қайсысының назарға ілінбей қалатыны мәдениетке байланысты. Олардың құрылымы мен маңыздылығы мәдениеттің өзгешелігін, ерекшелігін анықтайды. Мәдениет өкілі өз мәдениетінің көп ерекшеліктерін біле білмейді. Мәдениетті саналы түрде емес, қалыптасқан түрде қабылдайды. Дональд Хендон өз еңбектерінде адам іс-әрекетінің әр түрлі мәдениет өкілдерінің әрқилы проблемасын көтере отырып, мәдениетаралық қатынаста төмендегі жеті мәселеге баса көңіл аудару қажеттігін айтады. (2.79-82) Төл мәдениеттің құндылығы саналы түрде тек басқа мәдениетпен салыстырған кезде құндылықтардың айырмашылығы шығады. Осындай жағдайдан абыржушылық, дәрменсіздік, ашулану сияқты келеңсіз дүниелер орын алып, олар жәбір, қынжылыс, жатсыну, қорлану сезімдерін туғызады. Осы сезімдер өз негізінде мәдениетаралық түсінбеушілікке әкеліп соғады. Бұндай түсінбеушілік жағдайды жою үшін мәдениетаралық байланыста партердің құндылық бағдары туралы білу қажеттілігі туындайды. Осындай білім қоры қалыптасқан жағдайда коммуникация өз мақсатына кедергісіз жетеді. Бұндай білім қоры партердің мақсатын, тілегін, өзін ұстау мәнерін, ниетін алдын ала болжауға көмектеседі. Осындай білім қоры қарым-қатынастың табысты болуын қамтамасыз ететіні сөзсіз.

         Аталмыш білім қорын қалыптастыру үшін мәдениет қажетті аспектілерін оқу материалдарына енгізу мәселесіне кесек, онда көптеген қиындықтар туындайтыны сөзсіз. 

            Бұдан аз уақыт бұрын біздің елімізде ШТ оқытудың дәстүрлі жолы мәтінді оқу мен аудару, ал ШТ пайдаланып күнделікті қарым-қатынасқа түсу, оған әрине ұстаздар мен оқушылардың энтузиазмы жетсе, «Асханада», «Поштада», «Мектепте» деген тұрмыстық тақырып төңірегінде болды. Белгілі топиктерді оқып жаттау бар білімді практикалық тұрғыдан пайдаланбай ТОЕ өмір салтына еш қатыссыз жаңдайда жүргізіліп-тілдің хабарлау, яғни информативті қызметін ғана жүзеге асып отырды.

    Коммуникативті қабілетті жоғарғы деңгейде дамыту бүгінгі ШТ оқытушыларының алдында тұрған негізгі де, күрделі міндеті. Бұл міндетті  шешу жолында тіл қатынасының төрт түрін дамытуға бағытталған ШТ оқытудың  жаңа әдістерін меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге коммуникативті қабілетті дамыту үшін жаңа оқу материалдары қажет. Әрине, бұл ескі әдістемеден толығымен бас тарту емес, олардың ішінен ШТ оқыту практикасы елегінен өткен ең пайдалы да тиімді жолдарын ұқыптылықпен таңдау.   

     Көптеген оқытушылардың өздерін, тіл үйренушілер алдымен негізгі лингвистикалық материалды игерсе, мәдениет аспектісін кейн үйрене жатады деген оймен жұбатады. Бірақ та тіл-бірінші, мәдениет-екінші көзқарасы, тілді мәдениет аспектісі арқылы оқыту, тіл арқылы белгілі мәдениет аясына тән іс-әрекетті көрсету сияқты интерактивті әдіске қарама-қайшы келеді. 

              Мәдениет аспектісін оқытудың тағы бір қиыншылығы көптеген оқытушылардың өздері ТОЕ мәдениетін жеткілікті біле бермейді және оқытушылар тілді мәдениет арқылы меңгертудің теориясы мен практикасына үйретілмеген. Сондықтан, мәдениет тақырыбы айналасындағы «әрекет» әр оқытушының осы тақырыпты қаншалықты білетіндігінне байланысты болады. 

       Сонымен қатар Брукстың пайымдауынша мәдениет дегеніміз адам өміріндегі барлық құбылыстар. «Culture is everything in human life» (Brooks). Олай болса мәдениет аспектісін ШТ оқыту процесіне енгізудің тағы бір қиындығы-оқу процесіне мәдениеттің қай саласын қамту мәселесі. Бүгінгі оқулықтар мәдени мазмұнды материалмен жабдықталмаған сияқты тағы да басқа мәдениетті тіл арқылы және тілді мәдениет арқылы оқытуда көптеген қиындықтар мен кедергілерді кездестіруге болады.  

         Мәдениет жүесінде құндылықтарды қарастыру үшін оның түрлері мен тараған өрісі туралы мағлұматты қажет етеді. Мәдени антропологияда мәдени құндылықтардың төрт түрі белгілі: тұрмыс, идеология, дін, көркем шығарма. Френсис Хсюдың пайымдауынша мәдениетаралық қарым-қатынас тұрғысынан осылардың ішінен ең маңызды орын алатыны тұрмыстық сфера. Өйткені бұл сфера пайда болу және жүзеге асу тұрғысын алғанда бірінші тарихи сфера.(3.46)

         Идеологияның, діннің және өнердің маңыздылығына қарамастан тұрмыстық мәдениет жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болады, өйткені бұл қалыптасу балалық кезеңнен, адам идеология, дін, өнер мәдениетін игеруге қабілетсіз кезде орын алды. Тұрмыс мәдениеті қарым-қатынасқа қажетті құндылықтарды тудырумен ерекшеленеді. Мәдениеттің тарихи естеліктері бізге тұрмыс арқылы жетеді, өйткені ол идеологиялық және діни мәдениеттен анағұрлым орнықты, тұрақты және оларға қарағанда баяу өзгереді. Сондықтан тұрмыстық мәдениет өз бойынша жалпыадамзаттық, этникалық«мәңгілік» құндылықтарды сіңіреді. Тұрмыстық құндылықтар негізінде идеология, дін, өнер дамиды. Тұрмыстық мәдениеттің нормалары мен құндылықтары өзіне жеткілікті болып табылады. Тек адам белгілі ортада өмір сүру үшін тұрмыстық, мәдениет құндылықтарын игеріп өзіне қажет бағдар ала алады. Тұрмыстық мәдениетке мәдениетаралық байланыста қосалқы маңыз беретін оның стихиялық өзгешелігі.

       Тұрмыстық мәдениеттің құндылықтары күнделіктң тұрмыстағы тәжірибе арқылы туып, практикаға сүйенген. Сондықтан оларды негіздеп, дәлелдеудің қажеті жоқ. Белгілі мәдениет иесі оны орынды табиғи жолмен қабылдайды. Жеке тұлғаның белгілі мәдени ортада өсуіүш т . оның сол мәдениетті сіңіруіне жеткілікті. 

        Сондықтан ШТ үйренушілер (екі жақты) лингвистикалық, және экстралингвистикалық күнделікті тұрмысқа қажетті мәліметтермен қамтамасыз етілсе, онда мәдениет аспектісін ШТ оқыту процесіне енгізудің біраз мәселелері шешілер еді. Мұндағы экстралингвистикалық мағлұматтар деп отырғанымыз жағдайға үйлесімді паралингвистикалық іс-әрекет, ал лингвистикалық мәліметтер коммуникативті ниетті іске асырудың қарым-қатынас үлгілері болып табылады.  Мысалы «Family» тақырыбын откізу барысында лингвистикалық мәліметтер ретінде жанұядағы сыйласым, тәуліктің әр мезгіліндегі амандасу, қоштасу, жақсы тілек тілеу, кешірім сұрау, рахмет айту, мақтау сөздерінің үлгілері оқытылса. Экстралингвистикалық мағлұмат ретінде бала тәрбиесі, жанұя мүшелерінің қарым-қатынасы, уақытты өткізу, тамақтану, үй құрал-жабдығы, үйлену дәстүрі сияқты мағлұматтар қамтылғаны дұрыс. Сонымен қатар тілін оқитын елде, мысалы Америкада жанұя жағдайы, бұрынғымен салыстырғанда құндылықтардың өзгеруі сияқты мәліметтер қосымша беріліп отырса нұр үстіне нұр болар еді.(4.241-242) Бұл тіл мен мәдениеттің сабақтастығы. 

  1. әртүрлі мәдениет өкілдерінің бір-біріне деген жағымды көзқарас қалыптастыруға
  2. төл мәдениетіміз бен құндылықтарымызды түсінуге, құрметтеуге
  3. басқа мәдениет пен құндылықтарға толерантты көзқарас орнатуға
  4. мәдениаралық қатынаста коммуникативті қиындықтарды жоюға көмектеседі

 

 

  1. Ron Scollen and Suzanne Scollen. 1995 Intercultural Communication: A discourse Approach Cambridge MA: Blackwell Publishes.
  2. Donald W. Hendon and Rebecca Angeles Hendon. How to Negotiate Worldwilde. A Practical Handbook Gower House, England, 1989
  3. Francis Hsu 1995, American Core Value and National Character in Philological Anthropology, New York: John Wiley and Sons
  4. Making America The Society and Culture of the United States, Edited by Luther S.Luedtke  Washington D.C
  5. Великобритания лингвострановедческий словарьМ: Русский язык 2000

 

 

         

 

192 0
Тогжан Калиева,КГУ Жалпы білім беретін мектеп 76 Ағылшын тілі мұғалімі, педагог модератор Алматы қаласы Ұлы дала ұстазы № 001576
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: