Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1342

Ғабит Мүсрепов «Ұлпан» повесіндегі қыз тағдыры

Бөлім тақырыбы

7-бөлім.  Махаббатсыз дүние бос. 

Сабақ тақырыбы №3-4

Ғабит Мүсрепов «Ұлпан» повесіндегі қыз тағдыры

Оқу мақсаты 

9.Т/Ж2.Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу 

9.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездеулерді жіктеу

Сабақмақсаты 

Оқушылардың барлығы

Повестің идеясын ашу

Повестегі кейіпкерлерді жіктеу

Оқушылардың көбі

Ұлпан мен қазіргі қыздардың тағдырын салыстыру

Оқушылардың кейбірі

Қоғамдағы қыздың рөлін бағалау

Бағалау критерийлері 

Идеясын ашуда ұлттық мүддені көрсетеді;

Кейіпкерлерді жіктеуде тура және жанама мінездеулерді ашады;

Салыстыруда замандар өзгерісін көрсетеді;

Қыздың рөлін бағалауда әлеуметтік-экономикалық негізін ашады.

Ресурстар

Шығарма үзінділері, кесте, графикалық органайзерлер

Оқыту

Сабақ кезеңдері

Оқушының іс-әрекеті

Саралау

Қалыптастырушы бағалау

Сабақ басы

 

 

 

 

 

1-тапсырма: «Ми шабуылы» әдісі. Слайд № 1

Мақсаты:Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Нұсқаулық:Суреттер бойыншатақырыпты болжаңыз.

Дескриптор:

Жауабын дәлелмен аргументтейді.

Сабақ мақсатытаныстырылады.

Бағалау критерийлеріболжанады

Сурет

ұсынылады, оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

 

 

 

 

Оқушылар өздерін дескриптор бойынша тексеріп,

 «Үш айдарлы» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақ ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма.

Мақсаты: Повестегі кейіпкерлерді жіктеу

Нұсқаулық: Үзінділер мен анықтаманы оқып, кестені толтырыңыз.

Дескриптор: Кейіпкерлерді жіктеуде тура және жанама мінездеулерді ашады;

Анықтама 

Кейіпкерлерді сомдаудың тәсілдері – кейіпкердің мінезін, болмысын ашу үшін қолданылады. Тура мінездеу – автордың берген мінездемесі, жанама мінездеу - өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін, әрекетін келтіру, қоршаған құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашады. 

Үзіндіден кілт сөздерді белгілеңіз

Кейіпкерлерді сомдаудың қай тәсілі қолданылған

1

Түрікмен Мүсіреп: Мен иттерімді адал жан-жануарға ауыздандырмай жүрмін. Сонша сұлу жаралғанды итке талатып, қанға бояп соғып алуды обалсынамын. Меніңқұмарымқасқыр мен түлкіғой..

Символ. Нәзік жанды әйел заты.  

2

Алдай Мүсіреп аңшы адам. Балдаққа сүйеген оң қолында «түлкі перісі» атанған томағалы қара бүркіт, арқасында жалғыз оқ, аяқты шиті мылтық. Азырақасығасөйлейтін, азырақасырасөйлейтінадам.

Автордың мінездемесі 

3

Есеней ойы: Кенесары «сідік-масы» ақылсыз адам болып шықты. Қазақ хандығы дегеннің шек-шеңбері де жоқ, бұлжымай тұрар заңы да жоқ. Біреуі хан сайланса, хан Шыңғыстың барлық ұрпағы елді ру-руға бөліп алып билеп, ойына келгенін істей беретін. Тоймайтын да, қоймайтын да. ЕндісолзамандыКенесарықайтаорнатпақшы! Олзаманнанбұл ел біржолабезініпболған. Маңдайытайқылау, төбесішошақтаукөрініпеді, Кенесарыақылдыадамболмайшықты.

Өзге кейіпкердің берген бағасы

4

Шыңғыс: — Есеке, менің қиналысым қандай екенін сіз жақсы білсеңіз керек еді. Екі оттың ортасында қалмадым ба! Ел не қыламын десе де өзі білсін. Мен аға сұлтан болсам, сіз жеті бидің бірісіз. Патшаның қызметіндегі адамдармыз... Бізге әскер беріп қойған жоқ, сене де бермейді. Хан сайлай ма, сайламай ма, ол елдің өз жұмысы. Біздің басқарып отырғанымыз бір-ақ дуан. Кенесарыны хан сайлаймыз деушілер «Үш жүз» көлемінде сөз байласып жатқан көрінеді. «Үш жүзге» біздің әміріміз жүре ме? Мен осының біріне де араласқым келмейді. Бізге шын-ақ сеніп, әскерін беріп отырған ақ патша да жоқ. Өзді-өзінқырқысабердегендеймеқалай?—дептоқтады.

Кейіпкер сөзі 

5

Есеней: Амалы қайсы, өзін оққа тосып мұны аман алып қалған бірінші досының паналап отырған жеріне көз аларта келіпті. Не деген ұят, қандай өкініш! Қосалқы атын айыпқа тартқаны батырдың көңіліне дақ қалдырмай жұбатар ма, жоқ па! Ертең өзі барып өкінішін айтып өтіл сұрар-ау, сонда да әулекі аңшы Мүсірепке сеніп едім деудің өзі қандай ұят!

Ішкі монолог 

6

Артықбай: Сол он шақты оқтың бірі Есенейді арт жағынан қорғап келе жатқан Артықбай батырдың белдемесінен қадалып еді. Бұдан әрі түйеге теңделіп келіп, Стаптың әскерлік емханасында Артықбай батыр алты ай жатып шанаға түсіп қайтты. Содан бері ол шойырылған шойнақ. Екі аяғы сал болып қалған жансыз. Есенейге тиер екінші оққа өз арқасын тосты да оны аман алып қалды, өз міндеті кісіде, мүгедек.

Автордың баяндауы 

 

 

2-тапсырма.

Мақсаты: Повестің идеясын ашу

Нұсқаулық: Үзінділерді оқып, кестені толтырыңыз.

Дескриптор: Идеясын ашуда ұлттық мүддені көрсетеді; 

Үзінді

Астарлы мағынасы

1

Кедейлік не істетпейді. Бағлан аузында отыратын бір саудагер Түлен дегенмен құда болып едім. Баласы таз ба, мерез бе, білмеймін, әйтеуір Ұлпанжан құлан-таза безініп кетті. Шойнақ шалды басынып алып қашуға келгендерін көрмейсің бе!

 

2

Саудагер қу ұл баласы жоқ шойнақты басынып, әуелі қалыңға берген бес құлынды биемді қайырып бер деді. Артықбай онысын дұрыс көріп, көніп еді, бес биенің он жылдан бергі өсімін сұрады. Оның өзі Артықбайдың маңдайына бітіп көрмеген көп жылқы болып шығады екен. Артықбай қалың малға алған бес құлынды биені қайырды да, өсім дауынан әлі құтыла алған жоқ. 

 

3

Ұлпан әкесінің қасына отыра кетті де жылай бастады. Қонақтарына арызын айтқандай, өксіп жылап отыр. Не деген қорлық! Бұл күнге дейін ешкім бетіне қарсы келіп көрмеген ерке өскен Ұлпан малға сатылып кете беретін көп қыздың бірі екен-ау! 

 

 

3-тапсырма.

Мақсаты: Ұлпан мен қазіргі қыздардың тағдырын салыстыру

Нұсқаулық: Үзіндіні оқып, монологты осы заман тұрғысынан өзгертіп жазыңыз.

Дескриптор: Салыстыруда замандар өзгерісін көрсетеді;

 

 

4-тапсырма.

Мақсаты: Қоғамдағы қыздың рөлін бағалау

Нұсқаулық: Үзіндіні оқып, монологты осы заман тұрғысынан өзгертіп жазыңыз.

Дескриптор: Қыздың рөлін бағалауда әлеуметтік-экономикалық негізін ашады.

  1. Қыз баланың табиғаттан берілген міндеті қандай?
  2. Ана болу үшін қызға қандай қасиеттер қажет?
  3. Қазіргі кезде қыздар табиғи ерекшелігін сақтай отырып, қызмет атқара ала ма?
  4. Әйел адамның табиғи қасиеті әлем үшін не бере алады?
  5. Әйел адамның бойында анаға қажет мейірімділік жоғалса, салдары қандай болуы мүмкін?
  6. Әлем әйелдің табиғи ерекшелігін сақтау үшін не жасауы тиіс? 

Оқушылар

жұптажұмыс жасайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үзінділер беріледі. Қажет болса, сыныппен бірге талқыланады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар топта жұмыс жасайды.

 

Оқушылар өздерін жауап кілті бойынша тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-бірін дескриптормен бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бір-бірін\

дескриптор бойынша бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-бірін дескриптормен бағалайды.

 

Сабақ соңы

2 мин

Рефлексия«Ет тартқыш» әдісі

Мақсаты: Сабақ барысында игерген білімін бағалау.

 

ИНСЕРТ кестесі беріледі. 

жеке жұмыс жасайды.






 

255 0
Жанар Несипбаева, Мырзатай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002020
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: