Мектеп | «№6 жалпы білім беретін мектеп»КММ |
Мұғалімнің аты-жөні | Кожахметова Ажар Жумамуратовна |
Сынып | 10«Ә» |
Күні | |
Сабақ тақырыбы | Волейбол ойын.Шабуылдап соққан допқа қарсы секіріп біреулеп, екеулеп қолмен тосқауыл қою әдістерін үйрету |
Сабақ мақсаттары | Спорттық ойын ережелерін және әдіс- тәсілдерін меңгерту |
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді. Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды. Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді. Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады. Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады. |
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Сабақтың кезеңдері | Оқушының әрекеті | Педагогтің әрекеті | Оқу ресурстары |
Сабақтың басы 15минут | Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру. | Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау. | Ысқырық, секундомер, конустар, волейбол бағаналары мен торы, волейбол доптары, бор http://zdorovejka.ru/fizicheskie/igry-sportivnye/volejbol-pravila-igry-v-volejbol/ |
Сабақтың ортасы 25 минут | (Т, ПЖЖ, Ф) Шабуылдау соққыларының тәсілдерімен таныстыру.Тіке шабуылдау соққысын үйрету .Командалар алаңның бір жағынан сөре сызығында тұрады. Олардың алдында 10-12 адым қашықтықта шеңбердің ішінде доптар жатады. Ойыншылар рет бойынша саналады. Мұғалім кез келген санды шақырады, ал ол допқа ұмтылады. Қолына допты алып, жоғарыдан тізбектің басында тұрған әріптесіне қайтарып, қайтадан қабылдайды. Тез екі рет допты қайтарған ойыншының командасына 1 ұпай беріледі. Одан кейін қалған ойыншылар (кез келген ретімен) шақырылады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. | Сұраңыз: Жақсы ойнау үшін ойын комбинацияларын қалай жақсартуға болады? Ойын барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қаншалықты маңызды? Біздің командамызда көшбасшының дағдылары қалай байқалғанын айта аласыз ба? | |
(С, Т) Үйренген ойын комбинацияларын қолдана отырып, сыныпты бірнеше командаларға бөліп, волейболдан кіші чемпионат өткізу. | Ойын ережесін сақтау. Оқушылар төрешінің, көмекшінің, бақылаушының рөлін атқара алады. Сұраңыз: Волейболшыға қандай көшбасшы дағдылары қажет? Жақсы ойнау үшін ойын комбинацияларын қалай жақсартуға болады? Ойын барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қаншалықты маңызды? | ||
Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Қысқа көтерілген допты шабуылдап соғу әдістерін үйрету; Екінші сызықтан шабуылдап соғу әдістерін үйрету; | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорытындылау: Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді. |