Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндерді айтады , түстерін ажыратып үш тілде айтуға үйренеді. 1-5ке дейін тура кері санауға дағдыланады., Сандардың көршілерін таба біледі, санамақ айтып, моншақ өткізіп, жапсыру арқылы қол маторикалары дамиды
Әдіс тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, үйлестірмелі материалдар, АКТ пайдалану 4К моделі бойынша сыни ойлау, топтық жұмыс
Көрнекілігі: ертегі желісі бойынша суреттер мен тапсырмалар, сандар, дәнді дақылдар, бауырсақ.
Оқу іс-қызметінің түрлері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. | Қуанамын мен де, қуанасың сен де, Қуанамыз бәріміз, арайлап атқан күнге Всем, всем добрый день! Здравствуй, солнце золотое! Здраствуй, матушка земля Гуд монинг, гоулд сан Гуд мониң дия гетс Гуд монин май френдз, уиуине ю ол зэ ю эсте | Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Қимыл іс-әрекеті арқылы көрсетеді
|
| -Балалар, математика әлемінде небір қызықтар болып жатыр деп естідім сол қызықтарды бірге тамашалауға дайынсыңдар ма? Математика әлемінде болып жатқан қызықтарды бірге тамашалау үшін мен сендерге сұрақтар қоямын. Бір аптада неше күн бар? Қанша демалыс күні бар? Бүгін аптаның қай күні? Ертең қай күн? Аптаның төртінші күні қалай аталады? Аптаның бірінші күні қалай аталады? Көктемде ағаштар? Қай уақытта жапырақтар сарғайып түседі? Шаңғы теуіп сырғанап ойнайтын уақыт? Бір жылда неше мезгіл бар? (4) 1-5 ке дейін кері орысша санау Ағылшынша 1-ден 5ке дейін санау Апта туралы санамақ білесіңдерме?
Жарайсыңдар! Қазір «Бауырсақ» ертегісін тамашалайық. Бауырсақ атамен әжеден қашып, саяхатқа шығады? Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден, кең далалы егістіктерден өтеді. Бауырсақ: Қаптың түбін қағып ап Апам екі уыс ұн жинап, Қаймақ қосып шылап Ыстық майға қуырып Терезеге қойып суытқан Мен атамнан қаштым Әжемнен қаштым лә лә лә Алдынан қоян шығады. Қоян:Бауырсақ сен маған тиінге жаңғақтарды беруге көмектесесіңбе? Мен оқушылардан көмек сұрап көрейін. Балалар қоян маған тапсырма берді, маған тапсырманы орындауға көмектесесіңдерме? Балалар: Ия Қасқыр: Бауырсақ мен саған бір тапсырма беремін, сен сол тапсырманы орындасаң саған тиіспеймін. Геометриялық пішіндерді түстерін атап, бос орынға тиісті геометриялық пішіндерді сал. Аю:Бауырсақ менде саған бір тапсырмам бар. Жоғалған сандарды салып шығуға көмектесші. Түлкі: Бауырсақ маған мысалдардың шешімін табуға көмектесесіңбе? (алдарындағы тапсырманың шешімін жазып беру) Бауырсақ: Жарайсыңдар балалар! Балалар сендерге көп-көп рахмет, ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Өте ақылды балаларсыңдар. Әжемнің пісірген бауырсағынан ауыз тиіңдер деп беріп жіберген екен. Сергіту сәті: АКТ арқылы орындау |
Ия
7 2 Балалардың жауаптары: бейсенбі дүйсенбі Бүршік атады. Күзде Қыста 4
Дүйсенбіде доп ойнадық. Сейсенбіде серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп. Бейсенбідесби би биледік әндетіп. Жұма күні жидек тердік қыратта. Сенбі Жексенбі
Балалар пішіндердің түстерін атап бос орынға орналастырады.
Жоғалған сандарды салады
|
| Дидактикалық ойын: Моншақ тізу Мақсаты: Балаларды ұжым болып бірігіп жұмыстануға үйренеді. Саусақ бұлшық еттері дамиды. Әдемілікті сезіне біледі. Балалар екі топқа бөлініп дәнді дақылдардан әжеге арнап моншақ дайындап береді. Бұл моншақты әжеге алып барыңыз бауырсақ. Бүгін қай ертегі кейіпкерлері қонаққа келді? Сұрақ-жауап үш тілде айтады. Бауырсақ-колобок-боп, қасқыр-волк-уелф, қоян-заяц-хеа, түлкі-лиса-фокс, аю-медведь-бэа, ата-дедушка-гранфазэ, әже-бабушка-грендмазэ Әндетіп айту Ал, балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Кездескенше күн жақсы, Сау, саламат болайық. Балаларды мадақтап қорытындылау. |
|