Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1337

Бай-бай, Құлагерім!

Бөлім: 

«Адам жанының құпиясы» бөлімі

Педагогтің аты-жөні:

Иргалиева Гульвира Ербуловна

Күні:

 

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 10                  Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

«Бай-бай, Құлагерім!»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар әдеби шығармадағы психологизмді анықтай алады.

Құндылықтарға баулу:

 «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке  деген дағдысы қалыптасады.

                                                       Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

 

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. 

2.Жұмыс жасау ережені еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Досыма сәлем» тренингі

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Сабаққа кіріспе 10 мин.

 

 

 (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі 

-Ақынның сұм заманнан соққы жеп, жан серігі-Құлагерден айырылу себебі неде?

-Батыраш, Қотыраштарға ауыл ақсақалдары өз үкімдерін берді.Ал, сендер қандай үкім шығарар едіңідер?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылар бір-біріне өткен сабақтар бойынша сұрақтар қояды, жауап беру арқылы өткен сабақты еске түсіреді.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. 

 

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру.     

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

25 мин.

Өзіндік жұмыс

 

 

1. Өзіндік жұмыс

№8-тапсырма:

Поэма кейіпкерлеріне мінездеме бер. Кестеге шығармадан үзінді алып отыр.

 

 

 

 

 

2. «Құлагер» әнін талдау.

«Құлагер» әнін тыңдату.

- «Құлагер»- Абайдан кейінгі ат сынын суреттеген өлең. Ол ат пен өнер жүйрігі әшкерелейтін, ішкі жан күйзелісті көрсететін өлең.

Әдеби-теориялық ұғымдар

«Құлагер» поэмасынан әсірелеу, қайталау, дамыту, ассонанс, теңеуді табу.

 

 

Жазылым:

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысы қалыптасады.

Кейіпкер

Мінезі

Поэмадан үзінді

Ақан

 

 

Күреңбай сыншы

 

 

Батыраш

 

 

Дескриптор:      Жалпы – 6 балл.

- Кейіпкер мінезін суреттейді;

- Поэмадан үзінді келтіреді.

 

Өлеңді мәнерлеп оқиды, талдайды

Буын,бунақ,ұйқасқа талдау.

... Менің атым /сұрасаң/Ақан серің,     а

Ғазірет Ғали/дүлділі/тұлпар керім.      а

Дүниеде/оған жетер/ат бар ма еді,       б

Өлді ғой/ мен қайтейін/ Құлагерім...   а

4 тармақты, 3бунақты, 11буынды қара өлең ұйқасы.

 

Әсірелеу

«Көмбе қайда?»-десеңіз,

Көзді салып көрсеңіз:

Өркеш-өркеш көрінген,

Орғылап су төгілген,

Балдырғаны білектей,

Балаусасы жібектей.

Қайталау

Кей-кейде жауын болып,жылап ақты,

Кей-кейде дауыл болып,соқты қатты...

Дамыту (градация)

Күйіндей домбыраның құлдырасын,

Суындай Алатаудың сылдырласын.

Ассонанс

Адуын алып көк бөрі

Арыста талай бәйке алып ...

Теңеу

Көк орман,көркем тоғай маужыраған,

Сұлудың көзіндей көп жаудыраған.

 

 

3. Репортаж

№9-тапсырма:Құлагер қатысқан ат жарысы бүгінгі күні өтіп жатса, Ақанға, Батырашқа қандай сұрақтар қояр едің? Өз ой-пікіріңді білдіріп, шағын репортаж дайында. Репортажда поэма сюжетінен алыстамай нақтылы үзінділер келтіріп отыр.

Өздерінің қоятын сұрақтарын жүйелеп берілген тапсырма бойынша өз ой-пікірін білдіреді.

Сонымен қатар шағын репортаж дайындайды.

Ақанға қойғым келетін сұрақ

Батырашқа қойғым келетін сұрақ

Поэмадан үзінді

 

 

 

Дескриптор:      Жалпы –5балл.

- Ақанға сұрақ  дайындайды;

- Батырашқа сұрақ  дайындайды;

- Поэмадан үзінді келтіреді.

- Берілген тапсырма бойынша өз ой-пікірін білдіреді.

- Кестені дұрыс толтырады.

 

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

 

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

-Ақанның өмір жолы қызықты әрі ерекше.Өмірінің соңғы кезінде жалғыздықпен мұндасты. Оның бұл қылығы өзінің қатыгез заманына мойынсұнбай өткен тәкаппар ақынның бейнесін танытады.Тіршіліктің ұсақ-түйегіне алданбай,бойын тік ұстап кетті !

«Бір ауыз сөз» әдісі. 

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

 

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне     сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін  

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

 

 

 

 


 

 

416 0
Иргалиева Гульвира, Айнабұлақ негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002016
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: