Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1334

Дұрыс тамақтана білейік!

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Дұрыс тамақтана білейік!

Мақсаты:дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері.

Ас - адамның арқауы,
 Аспен күш артады.
 Тағам іш жағымды,
 Тазартар жаңынды. 

  1. Осы тақпақ айту барысында біздің сабағымыз не туралы болмақ?

Топқа бөлу. 

І топ: Сүттен жасалған тағамдар

ІІ топ: Ұннан жасалған тағамдар

 

«Ашық микрафон» әдісі

  1. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
  2. Қандай тағам түрлерін білесіңдер?
  3. Сүттен жасалатын қандай тағамды білесіңдер?
  4. Ұннан жасалатын қандай тағамдарды білесіңдер?

 

Кері байланыс. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын!

 

ІІ. Негізі бөлім

Мұғалім:
 
- Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.Бүгінгі сабақта осылар туралы толығырақ білетін боламыз.

 

Бейнеролик көрсету.

 

  1. Сонымен, бұл бейнекөріністен не түсіндіңдер?

Аружан: 

  1. Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

 

Топтық жұмыс. Постер қорғау. 

Тамақтану ережесін құру.

Бәріміз біріге отырып дұрыс тамақтану ережесін құрайық:
 
1. Майлы тағамдарды көп пайдаланбаңыз.
2. Тым ащы және тұзды тағамдардан сақтаныңыз.
3. Тәттілер көп, ал денсаулық біреу - ақ.
4. Жеміс – жидектер - пайдалы тағам.
5. Күніне 5 рет, бір уақытта тамақтану қажет.
6. Тамақты дұрыстап шайнап жұту керек.
7. Тым ыстық, не суық тамақтан тіс эмальі бұзылады.
8. Түрлі дәмдеуіштер қосылған тағамдар ағзаға өте зиян.

 

Кері байланыс. Құрт үйлестіру. 

 

«Тамақтану бағдаршамы » ойыны.

Оқушыларға қай тағам пайдалы, пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады. Пайдалы тағам туралы айтылса, бағдаршамның жасыл түсін, келіспесе- қызыл түсін көрсетеді.

(балық, сағыз, чипсы, айран, «Кола», шоколад кәмпиттер, сәбіз, сарымсақ, торт, алма, орамжапырақ, қарақұмық, гамбургер, фастфуд)

 

Сергіту сәті.

 

«Конверттегі сұрақ» әдісі. Жұптық жұмыс.

Жағдаяттарды шешу.
І топ:

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?
Жауабы::
Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен
тиімді тамақтану қажет.
ІІ топ:
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:- Айгүл, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.- Неге?- деді Айгүл таңырқап.- Жумай жесең, ішің ауырады,- деді алма сілкініп қалып.- Міне, көрмейсің бе, үсті - басым шаң тозаң.
Айгүл ұялып қалды. Апасы да ылғи: «Қолыңды жу»,- дейтін. Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Айгүл ақылды алманың айтқанын істеді.
Сендерде осындай жағдай болды ма?
Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?
ІІІ топ:
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол:
«Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
- Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
 

Жеке жұмыс. 

Топтағы оқушылардың әрқайсысы өзіне ұнайтын сүттен, ұннан жасалатын тағамының суретін салып, қалай жасалатынын айту. 

 

«Ия, жоқ» ойыны

 

Сұрақтар

Ия

Жоқ

1

Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе?

ия

 

2

Тәулігіне екі рет тамақтансақ жетеді?

 

жоқ

3

Тамақтану процесі туралы диетолог дәрігерден кеңес сұрау керек?

ия

 

4

Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілеттінің дамуына мүмкіндік береді.

ия

 

5

Тамақтануда тазалықтың қажеті жоқ.

 

жоқ

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

 

«Сұрақты ұстап ал» әдісі.

  1. Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
  2. Тамақтанбас бұрын не істеу керек?
  3. Дастархан басында қалай отыруымыз керек?
  4. Тамақты қалай жеу керек?

 

Мұғалім:

  1. Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық» деп білген.
     Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау.

 

 

 

 

 

 

295 0
Жадыра Хасанова, Айнабұлақ негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002013
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: