Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1332

Бақытты отбасы

Мақсаты: Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, ата-ана мен   ұстаз арасындағы ортақ мәселе бала тәрбиесі жайлы түсінікті тереңдете түсу.

Көрнекіліктер: А3 - А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар,  үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.

Мұғалім:   Армысыздар, құрметті ата- аналар,  ұстаздар «Балалы үй базар»  Бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі.   Болашақ баланың жақсы азамат болып өсу отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасындағы тәрбие мен мектептегі оқу тәрбие жұмысының  сабақтастығын жандандыру мақсатында «Бақытты отбасы» атты тренингімізге  қош келдіңіздер.  

1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
 Керегені құрайық.
 Уықтар боп иіліп,
 Шаңыраққа киіліп
 Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

 

2. Ой қозғау:

Ата-аналар 4-топқа бөлінеді. Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.

1.     Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?

2.     Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?

3.     Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?

4.     Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

 

3. Тренинг: «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген»
        Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. 

         Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

 

4. Тренинг: Үш топқа шар беріп, үрлеуін сұраймын. Бірінші топ шарды үрлеп,аузын байлап,жарады Екінші топ шарды үрлеп, желін жаймен шығарады. Қай шардың жарылуы ұнады.

Талдау: Біздің эмоцияларымыздыда осы шар сияқты ашу ызаңды толық шығарып жіберсең басқа адамдармен қарым –қатынасыңа зияны тиеді. Адамдармен қарым –қатынаста сабырлық қажет.

 

Қорытынды. Ұлы Абай атамыз 38 –қара сөзінде; «Қашан баланың ғылым білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды. Оның адам болғанына     3 түрлі нәрсе себеп болады. Бірінші жақсы ата-ана, екінші жақсы ұстаз,үшінші-жақсы құрбы–құрдас»,-деген екен. Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы қатынаста болады.

299 0
Утегенова Гулфара, Айнабұлақ негізгі орта мектебінің мектеп психологі Ұлы Дала Ұстазы № 002011
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: