Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық.
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер жөнінде алған білімдерін тиянақтап бекіту. Дидактикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапсырмаларды орындау барысында ынтасын, талабын арттырып, зейінді, білімді болуға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Санамақтар жаттату.
Әдіс-тәсілдер: Ойындар, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Қажетті көрнекі құралдар: Суреттер, үлестірмелі материалдар, геометриялық пішіндер, ертегі кейіпкерлері.
Билингвалдық компонент: Қоян-заяц-rabbit, аю-медведь-bear
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
| - Балалар, бәріміз шеңберге тұрайық. Жылулық шеңбері Күннің көзі ашылып, Көкте шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал кәнекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. | Балалар шеңберге тұрады.
Балалар өлең жолдармен қимылмен көрсетіп, жылулық шеңберін орындайды. |
Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі
| - Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізге қатысуға көптеген қонақтарымыз келіп отыр. Барлығымыз өз білімімізді көрсетуге дайынбыз ба? Мен сіздерге жұмбақ жасырамын,сіздер мұқият тыңдап, жауабын табыңыздар. Атына сай балалар, - Ендеше назарымызды тақтаға аударайық. - Балалар, сіздер ненің суретін көріп тұрсыздар? - Дұрыс, бір сөзбен қалай атаймыз? - Жарайсыңдар балалар! Геометриялық пішіндер деп атайды екенбіз. ( Есік қағылады, топқа қоян келеді.) Қоян: - Сәлеметсіздер ме, балалар! - Мен өз достарыма үй салуға көмектесіп едім, бірақ терезелерін қалай орналастырарымды білмей тұрмын? - Балалар маған көмектесіңіздерші. - Балалар қоянға көмектесеміз бе? 1-тапсырма "Терезені орнына қой" дидактикалық ойыны Мақсаты: Геометриялық пішінді терезелерді өз орнын тауып орналастыру, пішіндерді атау. Қоян: - Балалар өте тапқыр екенсіздер. Рахмет сендерге, енді мен терезелерді дұрыс орналастырамын, сау болыңыздар! ( шығып кетеді) (Белсенді қатысқан балаға тиын үлестіремін.) - Жарайсыңдар балалар! Орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ, Беске-бесті қосқанда Болып шықты он саусақ. Оң аяқта бес бәшпай, Сол аяқта бес бәшпай, Беске - бесті қосқанда Болып шықты он бәшпай. -Жарайсыңдар, сергіп алсақ орнымызға отырайық. ( Көмек сұрап, "Маша мен аю" мултьфильміндегі аю келеді. ) Аю: - Балалар сендер маған көмектесесіңдер ме? Сендердің қоянға көмектескендеріңді есітіп келіп тұрмын. Мен мына тапсырманы орындай алмаймын. Ал орындамасам, Маша мені ұйықтатпайды. - Балалар, аюға да көмек көрсетеміз бе? 2-тапсырма «Қай фигураға ұқсайды?» -Балалар, мына заттар қай геометриялық пішінге ұқсайтынын тауып көрсетіңдерші. - Жарайсыңдар, балалар! Аю тапсырманы түсіндің бе? Енді сені Маша мазаламайтын болады. Аю: - Рахмет балалар, тапсырманы түсіндім. Сау болыңыздар, балалар! (шығып кетеді) (Белсенді қатысқан балаға тиын үлестіремін.) - Балалар қоян мен аюдың тапсырмаларын жақсы орындадыңыздар. Менің де сіздерге тапсырмам бар, орындайсыздар ма? 3-тапсырма Геометриялық пішіндерді топтастыру. - Рахмет балалар, тапсырманы жақсы орындап шықтыңыздар. (Белсенді қатысқан балаға тиын үлестіремін.) Енді пішіндер туралы білгенімізді қорыту үшін пішіндер әнін тыңдап көрейік. |
Балалар " иә" деп жауап береді.
Балалар жауаптарын табады.
Үшбұрышты тауып көрсетіп, түсін атайды.
Төрт бұрышты тауып көрсетіп, түсін атайды.
Шеңберді тауып көрсетіп, түсін атайды.
Балалар назарын тақтаға аударады. -Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақша. - Геометриялық пішіндер.
Балалар қоянға таңдана, қуана қарайды. - Сәлеметсіз бе!
- Қоянға көмектесеміз,- деп жауап береді.
- Сау болыңыз!
Балалар орындарынан тұрып, сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Көмектесеміз.
Балалар тапсырманы орындайды.
- Сау болыңыз!
- Иә, орындаймыз.
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
| - Балалар, біздер өз білімдігіміздің арқасында бірнеше тапсырмаларды орындап шықтық. - Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс- әрекетімізде біздерден нелер көмек сұрап келді? - Жарайсыңдар, балалар! Сіздерге көп-көп рахмет. Оқу іс-әрекетке жақсы қатысып, өз білімділіктеріңді көрсеттіңіздер. Енді сендерге тапсырмаларын жақсы орындап бергендеріңіз үшін аю мен қоянның сыйлықтары бар екен соны ала қойыңыздар. ( Балаларға геометриялық пішндерден жасалған печеньелер үлестіріп беремін.) - Ал, балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы Сау- саламат болайық. Сау болыңыздар!
|
- Қоян, аю келді.
Геометриялық пішіндерді үйдің терезесіне орналастырдық.
-Сау болыңыз! |
Нені біледі: Геометриялық пішіндерді.
Қандай түсініктерді игерді: Санау дағдыларын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырманы тиянақты, мұқият, бірлесе отырып орындауды меңгерді.