Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1327

Ғажайып алаң

Ойынның мақсаты мен міндеті:

- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

- Математика пәніне қызығушылығын арттыру;

- Оқушылардың білімін көтеру, оқуға деген ынта-жігерін арттыру. 

 

Қажетті құралдар:

 

- Барабан;

- Екі шкатулка;

Жәшік

Сыйлықтар;

- Компьютер;

Интерактивті тақта.

 

Ойын шарты.

Ойынға қатысушы оқушылар жолдастарына, мұғалімдеріне,көрермендерге сәлемдеме жолдай алады. Сәлемдеме өлең түрінде, математикалық жұмбақ немесе есеп түрінде немесе өз қолдарынан жасалынған сыйлықтарын табыс етуге болады. 

Егер ойынға қатысушы оқушы 3 әріпті тапса, онда ол шкатулканың біреуін таңдауға құқылы. Шкатулканың біреуі бос, екіншісінде сыйлық.

Егер барабан айналдырғанда сыйлық түссе, онда жәшіктегі сыйлықты алады (дәптер, транспортир, қалам, сызғыш т.б.).

Жүргізуші:

Біз апталықтың соңғы күні сіздермен «Ғажайып алаңы» ойын өткізбекшіміз. Сіздердің ойынға қызыға қатысуыңыз, ойланып дұрыс жауап беруіңіз ойынның сәнін келтіреді. 

Алғашқы үш ойыншыны таңдау сұрағы  СЛАЙД 2

  1. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы      (косинус)       СЛАЙД 2
  2.  Төрт таңбалы математикалық кестенің авторы?    (Брадис)

                   СЛАЙД 3

  1. Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең?     (36)    СЛАЙД 4

 

Алғашқы үштік ойыншылардың ойыны.   СЛАЙД 5

Алғашқы 3 ойыншы музыкамен барабан қасынан орын алады; жүргізуші олардың атын, сыныбын, хоббиін, математика пәніне қызығушылығын атап өтеді. 

Тапсырма

1-ден үлкен кез келген натурал сан мен берілген саннан екі есе үлкен санның арасында кем дегенде бір жай сан болатынын дәлелдеген орыс математигі кім?  

 

Ч

е

б

ы

ш

е

в

1

2

3

4

5

6

7

 

Екінші үштікті таңдау сұрағы   СЛАЙД 6

  1. 360-градусқа тең бұрыш?  (толық)
  2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер оның бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады?      (5СЛАЙД 7
  3.   Суретте қанша шаршы бар?  СЛАЙД 8

 

        (14)

Екінші үштік ойыншылардың ойыны.  СЛАЙД 9

Муыка ойналады. Жүргізуші екінші үштік ойыншыны шақырып,оларды таныстырады.

Тапсырма: 

Жай бөлшектер туралы толық мәліметтерді арифметика кітаптарына енгізген Орта Азия математигі  кім? 

?

 

Ә

л-

х

о

р

е

з

м

и

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

Үшінші үштікті таңдау сұрағы   СЛАЙД 10

 1. Кім «Алгебра»         оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ?        (Қ.И.Сәтбаев)

2. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн? СЛАЙД 11

(29 ақпан)

3. Қосындысы да, көбейтіндісі де бірдей сандарды ата. 

 (екі де екіСЛАЙД 12

Үшінші үштік ойыншылардың ойыны.  СЛАЙД 13 

Муыка ойналады. Жүргізуші үшінші  үштік ойыншыны шақырып,оларды таныстырады.

Тапсырма:

Алғашқы процентік кестені енгізген Нидерландияның математигі кім?       (Стевин)

 

с

т

е

в

и

н

1

2

3

4

5

6

 

Көрермендермен ойын:   СЛАЙД 14

Математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған алғашқы қазақ азаматы? 

       (С.Х. Боқаев) (Садуақас Хасенұлы 1907ж. 17 наурызда Семей облысы, Абай ауданы, Көкбай ауылында дүниеге келген.)

Финал:  СЛАЙД 15

Жүргізуші финалға шыққан оқушыны барабан қасына шақырып, таныстырады.

Тапсырма:

Шеңбер мен дөгелектерден тұратын қазақтың ұлттық өнерінің ерекшелігін бейнелейтін құрылыс қалай аталады?. 

 

к

и

і

з

ү

й

1

2

3

4

5

6

 

Супер ойын:  СЛАЙД 16

Жүргізуші супер ойын ұсынады..

Тапсырма

2 әріпті ашуға болады

“Кейбір көп өлшемді кірістіру теоремалары және φ(L) класстарындағы туындылар туралы” кандидаттық диссертация, “Көп айнымалы функцияларды интегралдау мен ақырлы сандық мәлімет бойынша құрастыру алгоритмдерінің тиімділігі жайлы” докторлық диссертация қорғаған Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданының математигі кім? 

 

т

е

м

і

р

ғ

а

л

и

е

в

 1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

Ойлануға 1 минут беріледі

Жүргізуші жеңімпазды құттықтайды. СЛАЙД 17

Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар..

 

     

270 0
Валиева Умит , Айнабұлақ негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002006
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: