Білімнің қайнар көзі сарқылмайды, білім жолында адамзат қандайлық зор табыстарға ие болса да, адамдар ізденуден, ақиқатты ашудан және танып білуден еш айнымайды.
Иван Александрович Гончаров
Заманауи мұғалім шәкірттерінің үнемі өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруға тырысуы керек. Қазіргі таңда заманауи технологияларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген ұстаздар қажет. Дегенмен, тек өз тәжірибесінен үйрену әрқашан тиімді бола бермейді. Әріптестермен сабақты конструктивті талқылау өте пайдалы болуы мүмкін. Осы себепті бір топ бастамашыл педагогтар педагогикалық тәсілге – Lesson Study-ге жүгінуді ұйғарды. Бұл тәсілді қолдана отырып, мұғалімдер оқу мен оқыту сапасына әсер ете отырып, сабақты зерттейді.Бұл педагог іс тәжірбиесінде өте мол септігін тигізетін әрекет. Зерттеу мақсаты: Оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту. Зерттеу міндеттері: монологтық сөйлеуді дамытуға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, сонымен қатар оқушыларды диалогқа тарту, танымдық қажеттіліктерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл мәселені зерттеудің өзектілігі, тәжірибе көрсеткендей, оқушылардың өз ойларын жеткілікті түрде дұрыс жеткізе алмайтындығынан, сөздерін критерийлерге сәйкес құруда қиналатындығына байланысты.Әрі оқу үдерісіндегі кедергілерді жойып,оқушылардың еркін түрде білім алуына көмектесу,сондай-ақ зерттеу шараларына қатысқан мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсаты қойылған.
Осыған байланысты біздің мектебімізде де 2021-2022 жылдың 8-30 қараша аралығында Lesson Study өткен болатын 7 сынып-пен 4-сынып оқушылары зерттеуге алынды.
7-сыныпқа «Тиімді әдістер арқылы оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру»,ал 4-сыныпқа «Білім алушылардың қызығушылығын оята отырып,сыныптың білім сапасын арттыру»тақырыптары аясында өткізілді.
Зерттеуді бастау үшін біз сабақ беретін ұстаздар тобын және бақылаушылар тобын құрдық.
Бақылаушылар:К.Д.Аяпбергенова,Ж.Х.Хасанова,Л.Т.АяпбергеноваСабақ берген ұстаздар:Д.Р.Нажмиддинова,Г.Е.Иргалиева,У.Д.Валиева,М.М.Гиметдинов,С.С.С.Аубакирова.
Сабақ барысында біздің топтың әр мұғалімі осы сабаққа арнайы жасалған сабақты бақылау сызбасына оның бақылау нәтижелерін жазып, өз оқушысын бақылап отырды. Оқытудың жаңа тәсілдерінің әдістері мен стратегияларын мұқият таңдау арқылы оң нәтижелерге қол жеткізе білдік. Lesson Study зерттеуі ретінде сабақты өткізгеннен кейін біздің команда әр сабақты талқылауға кірісті. Әлсіз оқушының өз пікірін айтуға сөздік қоры жетіспейтіні айтылды. Келесі сабақты жоспарлау кезінде сөйлемдерді құрастыруды жеңілдететін тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы көп қолдау көрсетілетіні жоспарланды. Әріптестер белгілі бір сыныптағы проблемаларды жою жұмысы іс-шараларды бірлесіп жоспарлау, өткізу және талдау, сонымен қатар оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қол жетімді және тиімді деген қорытындыға келді. Сырттан қарау мұғалімге де, бақылаушыға да көмектесетініне, мұғалімнің рефлексиялық ойлауына, оқушылардың табысқа жетуіне ықпал ететініне көзіміз жетті. Lesson study әдісін қолдану оқушылардың өздері үшін де, мұғалімдер ұжымы үшін де оң өзгерістерге ықпал етті.Өзіміз үшін тиімді болған бұл тәсілді өзгелерге де қолданып көруге кеңес беремін.