«Робот техника» бойынша
«Роботтар әлмінде» сайысының
Е Р Е Ж Е С І
І. Жарыстың мақсаты.
- Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері туралы жалпы мәлімет беру және түсінік қалыптастыру
- оқушылар арасында Робот техникасын насихаттау, ынта-жігерін арттыру, шеберліктерін шыңдау;
ІІ. Өткізілетін орны мен уақыты.
- Уақыты: 05 наурыз 2021жылы
- Орыны: 108 кабинет.
ІІІ. Жарысқа қатысушылар және өткізу тәртібі.
Жарысқа 5 «б»сынып 10 оқушы қатысады.
- Жереби тастау арқылы бәсекелесуші команда реттілігін анықтау.
- Қатысушылардың роботтарын карантинге өткізу.
- Жарысқа қатысушыларға «Кегельринг» және «Сызықпен жарыс» сайыстарының ережесімен таныстыру.
ІV. «Кегельринг» және «Сызықпен жарыс» «Шығармашылық» сайыстарын өткізу тәртібі және ережесі
«Кегельринг» және «Сызықпен жарыс» сайыстары 2 раундтық кезеңнен тұрады
- «Сызықпен жарыс» ережесі бойынша роботтар ақ төсенішке қара түспен
жүргізілген сызықпен белгіленген уақыт талабына байланысты жүргізіледі.
- Сызықпен жүру тәртібі бойынша белгіленген уақытта ерте келген робот
жеңіске жетеді. Роботтардың келу уақыты бірдей болған жағдайда «Қуып
жет» әдісін қолдану арқылы жарыстырып қуып жеткен роботқа жеңіс
тағайындалады.
- «Кегельринг» сайысы бойынша роботтар ақ төсенішке қара түспен жүргізілген аумағы 1 метр болатын шеңберде шайқасады.
- Шеңберден ысырып шығарып жіберген робот жеңіске жетеді. Роботтар
қозғалмай орындарында таласып қалса 1 минуттық уақыт есептеліп шеңбер
ортасына жақын тұрған робот жеңіске жетеді.
- «Кегельринг» сайысы бойынша роботтар ақ төсенішке қара түспен жүргізілген аумағы 1 метр болатын шеңберде қойылған кедергілерді шеңбердің сыртына шығаруы тиіс.
6. «Шығармашылық» ережесі әрбір команда робот датчиктарын таныстыру.