Сабақтың тақырыбы | Лепті сөйлем. Қазақстан картасы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.2.1.1* сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/ сипаттау/пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: сұрақ қою арқылы мәтін түрлерін ажыратады және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтай алады. Көптеген оқушылар: тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Ізгі тілек» әдісі арқылы жүреді. Оқу материалын жариялау «Сұрақ -жауап» әдісі арқылы жүреді:
–Ендеше бүгінгі сабағымызда лепті сөйлем туралы тапсырмалар орындауды жалғастырамыз. | Жақсы тілек айтады.
|
| |
Сабақтың ортасы 13 мин
2 мин
15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Орындап көр» әдісі арқылы жүзеге асады. Дәптермен жұмыс жүреді. 16-жаттығу. Берілген өлеңді түсініп, мәнерлеп оқы. -Өлең не туралы? -Өлең неліктен «Қазақстан картасы» деп аталды? 17-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін тап. Леп белгісі неліктен қойылған? Дескриптор: - Өлеңді оқып, сұрақтарға жауап береді. - Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табады. Саралау тәсілі «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады Қарқыны жоғары оқушыға: Сөйлем дердің бір-бірінен өзгешелігін дәлелде. Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.
Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әуенімен билейді.
(Д) 2- тапсырмада дәптермен жұмыс жүреді. 18-жаттығу. Суреттерге қара, мәтінді оқы. Мәтін неше бөліктен тұрады? Оны қалай анықтадың? Мәтіннің екінші, үшінші бөліктерін өз сөйлемдеріңмен толықтыр. Ол үшін суретті және керекті сөздерді пайдалан. Мәтінге ат қой. Дескриптор: - Мәтінді оқиды. - Мәтін бөліктерін ажыратады. - Мәтіннің бөліктерін толықтырып жазады. | - Өлеңді оқып, сұрақтарға жауап береді. - Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табады.
Билеп сергиді.
- Мәтінді оқиды. - Мәтін бөліктерін ажыратады. - Мәтіннің бөліктерін толықтырып жазады. | ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
ҚБ: 1-10 балдық жүйе. | Оқулық, дәптер, қалам
Оқулық, дәптер, қалам
|
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс: «Менің сөзім» әдісі бойынша өтеді. Үй тапсырмасы: 19-жаттығу. | Сабақтан алған білімін, үйренгенін айтады. |
|
|