Мәдениетті өмір сүрудегі саналы ұғымды қалыптастыратын ол – Ұстаз.
Жалпы «Ұстаз» деген кім?
Ұстаз ол – адамгершілік қасиеттерін бір тұтас етіп іңкәрлікпен рухани болмыстың жаңа қырларын ашушы. Ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңіруші. Бір сөзбен айтар болсақ, әлемді аузына қарататын ойшыл да дана тұлғаны тәрбиелеуші.
Әлемге ақыл – парасатымен мол мұра қалдырған Ескендір Зұлқарнай «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, ал Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым», - деген екен.
Ия, расында да қазақ даласындағы небір ғұлама – даналарымыз ұстаздарына өзінің ерекше лебізін білдіріп, құрметпен қарап, ұстазымен мақтанып әулие санаған. Оған дәлел Шәкәрі – Абайдың, Жамбыл – Сүйінбайдың, Абылай хан – Төле бидің тәлім – тәрбиесін алған елдің ағасы, халқы сүйетұған айбынды азаматтарының өзі, ұсталдарына айрықша үлкен құрметпен қарағандығын төл тариыхымыздан аңғаруымызға да болады.
Қазақ халқының ғибыратқа толы өмір жолы еш сарқылмаған. Қажетіме керек деген жанға, халқымыздың даналық ойлары мен сөздерінен артық байлық болмаса керек сәрі. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», – деген нақыл сөз тегін айтылмаса керек, кез келген шәкәр өзінің ұстазына қарап биімделеді. Ұстазының бағыт – бағдарымен жүріп, өзіндік бір болмыс қалыптастырады. «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, шәкірт – ұстазы секілді ойлауға, ұстазы жеткен жетістіктерге жетуге ұмтылыс жасайды. Және де сол жетістіктерге жету жолында, әрбір шәкірт, ұстазының абыройына кір шалдырмай, беделін биіктетуге ниеттенсе керек деп ойлаймын.
Менің әрбір жеткен жетістігім ол – ұстазымның да жетістігі деп білемін. Мен бағындырған алып шыңдар мен асу – асу белестер ұстазымның жеңісі әрі жемісі десем артық айтқандығым емес.
Бүгінде ұстазым көптеген шәкірт тәрбиелеп, сапалы білім беру жолында аянбай енбек етуде. Жолдау аясындағы түрлі іс – шараларға өз шәкірттерін тартып, қоғамдық мәдениетін қалыптастырып, біршама жетістіктерге жетіп отыр. 15.01.2020 – 31.03.2020 «Данышпан» республикалық қашықтық байқаулар орталығының ұйымдастыруымен өткен “Көктем тіршілік бастауы” атты шығармашылық байқауына жеңімпазды дайындағаны үшін Дипломмен марапатталған. «М.Әуезов оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Архитектура” кафедрасы “сызу” пәнінен өткізген қалалық мектеп оқушылары арасындағы олимпидаға белсене қатыстырып, жүлделі I – ші орынды иеленген». 2020 жыл Диплом «Асыл жүрек» Республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне қатысушыларды дайындағаны үшін марапатталды.Сондайақ төс белгімен де марапатталған.
Қорыта айтар болсам, Ұлттық болмыс пен Ұстаздық тәлім – тәрбие бір – бірімен тығыз байланысты.