Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1308

Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз

Мұғалімдік жолда еңбек етіп бастағаныма, зырғып бір жарым жылда өте шығыпты. Кеше ғана осы партада отырған «оқушы» едім. Ежелгі грек философы Гераклид айтқандай, «бәрі ағады, бәрі өзгереді». Сол секілді біздің өміріміздің көптеген салаларында айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Осы өзгерістер қайнап жатқан білім саласынан бастау алатын мектеп көзін назардан тыс қалдыра алмайтыны айдан анық еді. Сонымен, жаңа мектепке жаңашыл ұстаз қандай болуы тиіс? Мен бұл сұраққа осы эсседе жауап беруге тырысамын.

Қарқынды дамып жатқан өмірдің ағысына қарай, жаңашыл ұстазда осы заманның сұранысына сәйкес келетіндей үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Педагогикалық салада ізденісінің тоқтап қалса, кешегі күнде қаншалықты мықты болсаңда, бүгінгі күнге жарамсыз болып қалуың әбден мүмкін. Біздің мамандығымыздың ерекшелігі сонда, үнемі жаңашылдық талап етіледі. Сондықтан, әрдайым ізденіс үстінде жүрген жаңашыл ұстаздың алдында сауатты түрде шешілуі қажет жаңа мәселелер тұрады.

Мектептің жабдықталуына қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты, тек бор, тақта мен шүберекпен толыққанды сабақ беру қиын болғандықтан, біз қазіргі заманғы техникалық құралдарды көптеп қолдануымыз қажет. Қазіргі заман мұғалімі бейтаныс заттарды игеруден қорықпауы керек. Әлем өзгеріп жатқан кезде мұғалім де үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы, өз пәні бойынша білімін кеңейтіп қана қоймай, кең дүниетанымға ие болуы, заман ағымына сай ілесуі керек екендігі айдан айқын. Компьютер әлемі мен оған байланысты нәрселердің оқушылардың өмірінің бір бөлігіне айналғандығын білеміз. Бүгінгі бала, бұрынғы бала емес. Сондықтан да жаңашыл ұстазда оқушылардың әлеміне компьютер арқылы кіріп, олардың тілінде сөйлесіп, өзінің сабағын заманауи оқушылардың тілінде түсіндіре алса ол мұғалімнің жаңа заманға сай жаңашылдығы деп білемін. Сонда ғана мұғалім мен оқушылардың арасында түсіністік пайда болып, сабақтың қол жетімділігі мен айқындылығына ие болып қана қоймай, сонымен бірге пәнді оқудағы ынтаны арттырады, өйткені ашық, түсінікті, заманауи нәрсенің бәрі қызықты.

Менің ойымша, жаңашыл ұстаз - бұл өз мамандығын терең ұғынған, дүниетанымы кең, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жетік білетін, үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен айналысатын, педагогика ғылымы мен практикасының соңғы жетістіктерін меңгерген адам. Бұл үнемі жаңа эксперимент жасаудан тайынбайтын шығармашылық адам деп білемін. Ол оқушыларға бүгінгі тақырыпты меңгеруде заманауи құралдарды қолданып қана қоймай, сонымен бірге оқушыларды түрлі әдіс-тәсілдермен оқуға деген ынтасын оята отырып, бүгінгі сабағын тереңінен ұғындыруға болатынын біледі. Бірақ нағыз мұғалімнің бойында болуы керек ең маңызды шеберлік оқушыны адам болуға үйрету, оның шығармашылық әлеуетін аша білу, білім алуға белсенді құштарлықты қалыптастыру.

Мұғалім - бұл оқу процесін ұйымдастырушы адам. Ал білім беру нәтижесі оқу процесі қалай ұйымдастырылғанына, оның қалай жүзеге асырылатындығына байланысты.

Заманның дамуына орай мектепке де, мұғалімге де талаптар өзгере түседі. Себебі, мұғалім - бұл өзіндік бір стандарты бар, яғни ол тек ішкі дүниесі ғана емес, сонымен қатар сыртқы жағынан да әдемі, үлгілі болуы керек. Мен бастауыш пәні мұғалімі болсамда, шет елдерге барып, әлем аралап, олардың бастауыш сыныптың оқушыларына қалай сабақ беретіндігін, бастауыш сынып оқушыларының заманына сай қандай деңгейде білім алып жатқанын біліп, тәжірибе алмасып, олардың білім беру сапасын өз еліме әкелгім келеді. Әрине, бұл арманның астарында не жатқанын айқын аңғаруға болады...

Мұғалімнің беделі тек кітапты оқып, оны оқушыларға жеткізумен ғана емес, әлемнің кеңдігін өз көзімен көріп, неше түрлі дүниежүзілік дамып жатқан үдерістермен тікелей байланыса алуыменде көтеріледі. Осындай жаңашыл мұғалімді көз алдымызға елестетіп көрсек қалай болар еді? .. .

Бір қызығы қаншалықты уақыт өтсе де мұғалімдердің бойынан үзілмейтін кейбір қасиеттер де бар. Мысалы, қанша дүние алма-кезек өзгеріп жатсада мұғалім - жас ұрпақтың жан дүниесіне жарық түсіруге қабілетті және жақсы психолог бола біледі. Бала - моральдық және физикалық өсуді, қолдауды, қамқорлық пен сүйіспеншілікті қажет ететін нәзік өркен. Сондықтан, мен Василий Ключевскийдің: «Жақсы мұғалім болу үшін сіз өзіңіздің оқытып жатқан нәрсеңізді және өзіңіз оқытатын адамдарды жақсы көруіңіз керек» деген тұжырыммен басымды иіп келісемін.

Қорыта келе, әрине, жаңа мектепке заманына сай келетін, осы уақыттағы педагогикалық мәселелерді сауатты шеше білетін, педагогика ғылымы мен практикасының заманауи жетістіктеріне иелік ететін заман талабына сай мұғалім қажет екенін тағы да айтқым келеді. Сонымен қатар, жаңа мектепке жаңашыл ұстаздың кәсіби шеберлігі оқушылардың ақыл-ойы мен санасына, эмоциясы мен еркіне, қиялы мен ойлауына, руханилығы мен адамгершілігіне тікелей пайдалы әсер ету қабілетімен айқындалады. Сонымен қатар, оқушылардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтай отырып, мен ішкі әлемі бай жақсы оқушыларды тәрбиелеуге тырысатын жаңашыл ұстазбын

695 0
ГҮЛБАРШЫН ТІЛЕКБАЕВА, Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы Ұлы дала ұстазы № 001962
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: