Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1305

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жыл

Мақсаты: Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру;  бүгінгі тәуелсіздікке қалай қолжеткенін зерделеу,  оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды,  ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Желтоқсан құрбандарының суреттері. Интер белсенді тақта, туымыз, шарлар, түрлі жайма қағаздар

Барысы: .

1-жүргізуші: Айкөркем

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, білектің күшімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Қазақстан Республикасына тәуелсіздігіне 30-жыл!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Видео көрсету (Тәуелсіздік күнімен! )

2- жүргізуші: Әнуар Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс, 

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. 

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,  

О, халайық! Құтты болсын қуаныш! 

Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған мерекемізді ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының (Гимн) орындалсын.

2-жүргізуші:  Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі  бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ  халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.  

1-жүргізуші: 

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт  бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. 

 («Тәуелсіздік шежіресі» слайд арқылы көрсетіліп тұрады. )

1-жүргізуші:  1991 жылы 1 желтоқсан Бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

2-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары қабылданды.

1-жүргізуші:  1992 жылы қыркүйек қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.

2-жүргізуші:  1993 жылы 15 қарашада Республика президентінің жарлығымен төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті

1-жүргізуші:  1993 жылы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы

қабылданды.

2-жүргізуші:  1995 жылы 30 тамыз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1-жүргізуші:  1997 жылы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030 жолдауы» жарияланды.

2-жүргізуші:  1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет бәйтерегіміз салынды. 

2-жүргізуші:  2003 жылы Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының бірінші съезі өтті.

1-жүргізуші:  2010 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.

2-жүргізуші:

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, Қарақаттың орындауында
  Желтоқсан алаңы 

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер. 

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел, 

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер, 

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер, 

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер, 

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк, 

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт. 

Солардан сатқындық та елестейді қара бет, 

Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт, 

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт. 

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ, 

Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.

Жоқ! ! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от, 

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп, 

Дәуірінің тауығына шашылған тары боп.

Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады, 

Сол заңға сені бақыт, не сор іздеп табады.

. .Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас. Оны да еске салады

Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

Мұхтар Шаханов

Аруна Қазақ би

1-жүргізуші:

Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Олай болса сынып оқушыларына береміз.

Тәуелсіздік туралы тақпақтар

Дарын: 

Қазақстан, Отаным!

Қазақстан, Отаным! Азат елім! 

Мейірімді, қонақжай, ғажап елім. 

Қайрат, Ләззат, Сәбира үндеп тұрар, 

 Егеменді, тәуелсіз азат жерім! 

Желтоқсанның ызғарын артқа салған, 

Боздақтарым көздерін жасқа малған. 

Сол жастардың жанымен келген жеңіс, 

Азаттықтың көк туын қолға алған.

Азаттыққа отыз жыл болды міне, 

Қазақстан, Отаным! Байтақ елім! 

Аспанымда желбіреп көк байрағым, 

Әнұранды жүрекпен айтар елім!

Жанболат.

Тәуелсіз елім

 

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің, 

Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл. 

Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның, 

Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.  

 

Тәуелсіздік – бабам берген аманат. 

Тәуелсіздік келешектің кепілі. 

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап, 

Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.  

 

Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде. 

Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа, 

Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде. 

Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!

Айкөркем

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған, 

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Төремұрат

Жасай бер елім, қазағым, 

Еселеніп ғажабың! 

Отыз жылдығың құтты боп, 

Кіре берсін ажарың

Ернұр орындауында күй

Рамазан

Тәуелсіздік тұғыры құламасын, 

 Шекарамыз темірдей берік болып. 

Ендігәрі қазағым жыламасын, 

Азаттықтың атына мәңгі қонып.

Отыз жылдық еліміз тамыр жайып, 

 Бақ-береке басына тұраласын. 

Елімізде орналып бар ғажайып, 

Сәтсіздіктер өрнегін құрамасын! 

 

Тәуелсіздік тұғыры берік болып, 

 Отыз жылдық мереке шаттық берсін! 

Бұл мерейтой ұласып мерейтойға, 

Бар жақсысын еліме алып келсін!

Жансерік

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

1-жүргізуші:

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

Көрніс:  

— Қайрат пен тергеуші

Тергеуші: 

— Сен 13 — желтоқсан күні, сағат 10 — да қайда болдың? 

Қайрат

— Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші

— Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген. 

Қайрат

— Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

— Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар. 

Қайрат

Күнәдан таза басым бар, 

Жиырма бірде жасым бар. 

Қасқалдақтай қаным бар, 

Бозторғайдай жаным бар. 

Алам десең алыңдар, 

Қайрат деген затым бар. 

Қазақ деген атым бар. 

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді). 

2-жүргізуші:

Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асылаға-әпкелер!

Дархан

Жасай берші қазағым, елім менің!

Көк байрағың аспанда күлім қағып, 

Жасай берші қазағым, елім менің! 

Егеменді, тәуелсіз азаттықта, 

Жасай берші кең байтақ жерім менің! 

 

Отыз жылда ел жаңа, жаңа далам, 

Тұрғызылды Бәйтерек, жаңа қалам. 

Бейбіт күнде қазағым жасап жатыр, 

Арман еткен күндерде ата-бабам!

 

Флешмоб

Хор: Көк тудың желбірегені

 

1-жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 

Туған тілім шұбарланба жарқыра 

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасына тәуелсіздігіне 30-жыл! » атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.  Келесі кездескенше сау болыңыздар!

203 0
ЖАНАР КАРАКЕШОВА, Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Ұлы дала ұстазы № 001959
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: