Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1298

Тәуелсіз елдің -ұстазы

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт.

       «Ұстаз-жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген ,көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,ешнәрсені ұмытпайтын...,алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі... , мейілінше шешен,өнер-білімге құштар,аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын ,жақындарына да,жат адамдарына да әділ , жұрттың бәріне  жақсылық пен ізгілік көрсетіп,қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,ержүрек болуы керек»-деген ұлы ұстаз Әл-Фарабидің  сөзі менің ұстаздық жолымдағы ең басты ұстанымым.

        Ұстаздық мамандықты қалап,тағдағаннан кейін оның қыр-сырын шәкірт тәрбиелей отырып,алдыңғы аға буын ұстаздардан тәлім алып, болашақ ұрпақтың саналы,бәсекеге қабілетті бола алатындай тәрбиелеу негізгі мақсатым.

      Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.

     «Мұғалімнің  ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп,ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес»-деп,жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның туғаннан жаратылысы бөлек, адамның туғаннан өзіне ғана тән табиғаты бар екенін мойындамаудан шығады. Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды, мінезінің жақсы жақтарын байқап, дамытуға ғана болады.Барлық мұғалімге қойылатын талап,баланы оқыта отырып,тәрбиеле. Бірақ,тәрбиенің қатып қалған талабы жоқ.Тәрбиелеу-тәртіпті қылу деп ойлаймыз. Тым-тырыс,үндемей отырған сыныптан қажет кезінде шулата білген  сабақ әлдеқайда қызығырақ болады. Баланың қызығушылығын,білімге деген ұмтылысын мінезіне,тәртібіне қарай бөліп тастау нағыз әділетсіздік болар еді.   Баланы жастайынан қақпайлап,төмендету жасықтыққа,ызақорлыққа әкеліп соқтырады.Сондықтан,әрбір бала-болашақта мықты   тұлға деп қарасақ,әрбәр сабағымызды түрлендіріп,әдіс-тәсілдерді көптеп қолданып  өткізу барлық ұстаздардың міндеті деп білемін.

     Осы орайда өзімнің іс-тәжірибеммен де бөлісе кетуді жөн санадым

     Былтырғы қашықтықтан білім беру кезінде республикалық «Үздік педагогтер эстафетасына қатысып»,бейнесабақ жарияладым.

Мен осы эстафетаға қатысып, өзіме бағажетпес тәжірибе жинадым. Бейнесабақты дайындау барысында көптеген жаңа технологиялар мен қашықтықтан сабақ берудің түрлі әдістерін меңгеріп, өзімнің   педогогикалық дағдыларымды жетілдіре түстім.

Эстафетаға қазақ тілі сабағынан 3-сынып оқушыларына «Өнер» тақырыбының негізінде «Зат есім» тақырыбында бейнесабақ дайындадым. Сабақта барлық баланың белсенді болып, өз білімдері мен пікірлерін ашық көрсете алуы үшін «Топтастыру», «Сәйкестендіру» және «Кім шапшаң?» ойын әдістерін қолдандым. Жалпы өнер туралы, қазақ халқының өнер өкілдері туралы оқушылардың көкжиегін кеңейту мақсатында тапсырмаларды осы тақырып аясында таңдап алдым. Бұл арқылы балалар әрі өнер туралы, әрі зат есімнің түрлері туралы білімдерін толықтырды деген ойдамын.

Бұл цифрлы сабақты түсіріп, ғаламторда жариялау өте оңай болды деп айта алмаймын. Бейнесабақты жасау үшін мен AdopePremierePro, Microsoft PowerPoint секілді арнайы компьютерлік бағдарламаларды үйреніп, оларды өз сабағымда тиімді қолдануға тырыстым. Презентацияны видеоға айналдыру, кадр сыртындағы дауысты презентцияға қосып, мәліметтердің көзге көрнекі, әдемі көрінуі үшін видео монтаждайтын AdopePremierePro бағдарламасын меңгердім. Алдымен оқушылармен амандасып, тақырыпты таныстыру үшін өзімді видеоға түсіру, бұрын камера алдында жүрмеген соң, алғашында сәл ыңғайсыздау болды. Дегенмен осы тәжірибе арқылы видеода әр сөзімді нық, түсінікті айтуға дағдыланып, өзіме деген сенімдігімді де арттырдым.

Онлайн сабақтың бір кемшілігі – мұғалім мен оқушы арасында тікелей қарым-қатынас болмаған соң, балалардың назары басқа жаққа тез ауып кетуі мүмкін. Сондықтан мен сабақ уақытын барынша пайдалы өткізуді, айтылған әр ақпараттың балаларға түсінікті және қызықты болуын көздеп, видеодағы әр минутты мейілінше ұқыпты пайдаландым. Видеоның тартымдылығы, сабақ түсіндірушінің дауыс ырғағы, тіпті көңіл-күйі білім алушының ынтасына әсер ететіндігін деп ескердім.Осының арқасында сабақ қысқа да нұсқа, іш пыстырмайтын жаңа мәліметке бай видео болды деп ойлаймын.

        Қорыта айтқанда, бұл эстефета мен үшін өзімді сынайтын, педагогикалық білімді шыңдайтын жаңа челлендж болды. Мен енді заманауи ақпараттық технология түрлерін қашықтықтан оқыту барысында шебер қолдана алатын мықты маманға айналдым деп сенімді айта аламын.

194 0
«Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Шетпе селосы, Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы Бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым Ұлы дала ұстазы № 001952
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: