Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр,өйткені білім мен ғылымды көтеріп,еліміздің абыройын асқақтатып ,дүниеге танытатын жеке тұлғалар.Сол жеке тұлғалар бүгінгі біз тәрбиелеп жатқан дарынды балалардан шығады.
Демек, жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетін, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу әр ұстаздың парызы.Дарынды оқушының белгілі бір нәтежеге жетуі,дарындылығының дамуы,қабілетінің ашылуы – мұғалімнің кәсіби біліктілігінің , қаржылық еңбегінің , шығармашылық ізденісінің нәтежесінде болатыны даусыз.
Жалпы дарын, дарынды оқушы деген сөздерге тоқталар болсақ , дарын –адам бойындағы асқан талант ,ерекше қабілет. Яғни ,дарынды бала- асқант талант.
Дарындылық адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып,басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс –әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғарғы нәтижиелерге жету мүмкіндігі.
Ал,дарынды бала дегеніміз-өз қаталарынан әлде қайда дамыған , ерекше зейіні бар ,белгілі бір іс –әрекет бойынша қабілеттілік дамытып ,жоғарғы жетістіктермен дараланатын бала.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет –балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Осы айтылғандарды ескере отырып , дарынды балаларды анықтаудың мынандай ұстанымдары тұжырымдалады.
1.Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызымет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2.Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3.Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамудың нақты деңгейінде ғана емес , сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау ,бақылау ,әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
5.Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Дарынды оқушылармен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру дайындығын қалыптастыру.Ал, мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдеп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асыру.
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс – тәсілдерді қолданамыз.
-баланың отбасы жағдайын зерттеу,ата-анасымен әңгімелесу;
-шығармашылық қабілеттерін анықтау;
-сауалнамалар,тренингтер өткізу;
-пәндік олимпиадаларға,ғылыми жоба жарыстарына ,пікір-сайыс ойындарына қатыстыру;
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін сабақта және сабақтан тыс әр –түрлі шаралар арқылы әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Қорыта келгенде О.Бальзактың «ұдайы еңбек ету өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей ,оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденіп,тұрақты еңбек етуді міндеттейді.Өйткені ,xxі ғасыр-білімділер ғасыры.Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған ,зерделі ,жан-жақты парасатты ұрпақ керек екені бір сәт те естен шығармағанымыз жөн.