Капитал — шоу «Таңғажайып математикалық алаңы».
Мақсаты: 1)Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін
шыңдау, оқушыларды білімге қызығушлығын арттыру,
2)Оқушылардың шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Жүргізу түрі: ойлау, оқу және эрудиция қабілеті мол оқушылардың арасындағы сайыс.
Ойнаушылардың құрамы: 10 сынып оқушылар арасынан 9 қатысушы . Финалға әр сыныптан шыққан жеңімпаздар ойнайды.
Көрнекі құралдар:
О С 1. Юла ойыншығы
+ әріпті 2. Ойын алаңы
ата 3. Қатысушылар мен жеңімпаздарға
әріпті сенің сыйлықтар
ата жолың
О
« + » - кез келген әріпті ашу
С - «сыйлық» секторы
О — кезектің ауысуы
Ойын өткізудің қысқаша кеңесі:
Тақтада алдын -ала әріптерге құрастырылған кестелерді сызып қою керек.
1 тур. 8 әріптен тұратын сөз.
2 тур 7 әріптен тұратын сөз
3.тур 7 әріптен тұратын сөз
Финал 2 және 7 әріптен тұратын 2 сөз
Суперфинал 5 және 7 әріптен тұратын 2 сөз
Көрермендермен ойын 10 әріптен тұратын сөз.
Тақтадағы эпиграф:
«Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.»
(Р.Бэкон)
Жүргізуші кіріспе сөзінде қатысушыларды қарсы алады, сұрақтар қиын екенін, бірақ қызықты сыйлық алуға болатынын айтып кетеді.
- Ойын ережелерімен таныстыру.
- Ойын тақырыбы: «Математика және математиктер»
- «Демеушілер» мен 1-ші ойыншылармен таныстыру.
«Капитал-шоу» сұрақтары
1 тур.
« Градус» латын сөзінен «қадам» дегенді білдіреді. «Минута» 60 есе кеміткен қадам, ал «секунд» -минуттың 60-қа бөлгендегі екінші қадамы. Оны XVI-XVIIғасырда бұрышты өлшеу үшін қолданған. Бірақ біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда өмір сүрген ғалым, градусты дөңгелекпен, минутты бір штрихпен, секундтты екі штрихпен белгілеген. Ол ежелгі грек ғалымы кім?. (Птомелей)
|
|
|
|
|
|
|
|
2 тур.
Бұл сөз тек математикада ғана таныс емес, баспа ісінде, металөндіруде қолданылады. Математикада — бірнеше бағандардан және қатарлардан тұратын сандар кестесі. Бұл қандай сөз? (матрица)
|
|
|
|
|
|
|
3 тур.
Ғылымға «математика» деген терминді енгізген ғалым, математик. (Пифагор).
Қосымша:
Ол математиканы дербес төрт салаға бөлген. Олар: сан туралы ғылым (арифметика), фигуралар туралы ғылым (геометрия), аспан жөніндегі ғылым (астрономия) және музыка теориясы, яғни гармония.
|
|
|
|
|
|
|
Көрермендермен ойын.
Грек тілінен аударғанда ғылым, білім деген мағынаны білдіретін сөз. (математика)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Финал.
Бұл адам математика және астрономия салалары бойынша бірсыпыра құнды еңбектер қалдырған.Олардың ішінде ең бастысы «Китаб әл-Мұхтасар фи Хисаб-әл джебр вәл- мукабала» («Әл-жебр және әл-мукабала тәсілімен есептеудің қысқаша кітабы»). Кітап атауындағы «әл-жебр» сөзі кейін Европада бұрмаланып «алгебра» терминіне айналып кеткен. Сондықтан да ол адамды кейде «алгебра атасы» деп те атайтын Орта Азия математигі. (Әл-Хорезми)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Супер финал.
Тақтада атақты жазушының псевдонимі жазылған. Бірақ оның рас атын көбі білмейді, шын аты жөні - Чарлз Доджсон, математиканың атақты профессоры. Атақты «Алиса ғажайып әлемінде» кітабінің авторы. (Льюис Кэрролл)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту:
-Бірден үш әріпті тапқанға 2 қоржынды ашуға рұқсат беріледі. (Біреуінің ішінде сыйлық бар). Қорытындысында, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттау.