Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы.
Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы болған ұлы тұлға. Міне биыл, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отыр. Ыбырай – қазақтың қара домалақтарын қазақ тілінде оқытуға зор еңбек сіңірген біртуар тұлғаның құнды қаншама еңбектері мұра болып қалды бүгінгі жастарға. Білім сапасын көтеруде Ыбырай Алтынсарин ілімі жаңа заман кепіліне айналды. Еңбектерінен мысалы: "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңінде ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екенін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.
Ыбырай Алтынсариннің білім саласына қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор екенін басқа ғалымдар да дәлелдеп өтті. Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы-педагог, этнограф ғалым, ақын әрі жазушы, жаңашыл педагог болғаны баршаға мәлім. Өз Отанына қызмет ету жолында, қазақ жастары үшін арнайы оқытушылар мектебін ашу ісіне де Ыбырай зор көңіл бөліп, көп мән берді. Талмай іздену, тиісті орындарға жалықпай өтініш жасаудың, сондай-ақ оқытушылар мектебінің дала жағдайындағы ағарту ісі үшін айрықша қажет екендігін шебер дәлелдеудің нәтижесінде ол 1881 жылы Орск қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебін ашты.Бұл мектепке артқан үмітін және оның қоғамдық өмір ұшін маңызын ыбырай өз сөзімен былайша сипаттайды: « Оқытушылар мектебі біздің оқушыларымыздың барып түсетін мектебіне айналды.Қазақ даласында ашылып отырған мектептер қоғамдық өмірмен тығыз араласып, өзінің оқу, тәрбие жұмысын оның озық талаптарына сай құра білуі керек екенін мақсатына айналдырды. Мектеп бітірген жастардың әлеуметтік өмірге бірден және батыл араласуын талап етті, сондай-ақ ең әуелі мектептің өзі оларды осы бағытқаьнақтылы тәрбиелей алуы қажет деп санады. «Қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына... үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмы деп білемін»- деп жазып көрсетті өз еңбектерінде.
Ыбырайдың оқытушы туралы пікірлері айрықша сөз етуді қалады және олар ағартушының бұл мәселеде озық тәжірибе де күтті. Сонымен қатар орыстың алдыңғы қатарлы ағартушы, педагогтері сияқты, мұғалімнің мектептегі роліне айрықша маңыз берді, мектеп ісінің әр саладағы жетістіктері оқытушының білімі мен іскерлігіне, өз жұмысын сүйе білушілігіне байланысты деп таныды. Мұғалімнің творчестволық ізденушілігі мен еркіндігін айрықша қолдап отырды. Халық мектептері үшін ең керектісі-оқытушы,- деп жазды ол.-тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтар да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайтынын көрсетті. Міне қазіргі таңда ұлы ағартушы еңбегі қайта жаңғырып қолға алынуда 180 жылдық мерей тойына орай. Ыбырай: « Қазақ мектептерінің бар келешегі, көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты; сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін»- деп жазды еңбектеріне. Тұтас көзқарас ретінде алып қарағанда Ыбырайдың бұл пікірі XIX ғасырдағы тек қазақ қоғамы жағдайында ғана емес, жалпы педагогикалық ой-пікірлер тұрғысынан да аса озық түсінік екенін көре аласыз.
Оқушыға аса қатты мән берді ұлы ағартушы. Мұғалімдердің әлсіз әрекеті оқушыны қатаң жазалауға барынша қарсы болды. Әрбір сабақ сыныптағы балалардың білім көлемі мен жалпы түсінігіне лайықталып жүргізілуге тиіс, әйтпесе, оқытушының оқушыларға түсініксіз сөздерді қолданып, мәнерлеп сөйлегені ешқандай нәтиже бермейді, оқытушы еңбегінің жемісі- балалардың білімімен өлшенеді деп таныды.ыбырайдың методика саласындағы осы еңбектері, ой-пікірлері оның педагогика мәселесіндегі әрбір ұсақ нәрселерге деін үлкен маңыз беріп, қадағалап отырған шебер де еңбекқор педагог екенін білдіреді. Оның бұл пікірлері өзінің әдістемелік сыр-сипаты жағынан әлі күнге дейін мәнін жоймай келеді. Ыбырай педагогикалық мамандық беретін арнаулы оқу орнында оқымаса да өзінің қажымай-талмай ізденуі мен орсытың озық бағытталған педагогикасынан үнемі үйренудің нәтижесінде қарамағындағы мектептердің мұғалімдеріне әрбір сабақты оқыту, оқушыларға оларды тиянақты тұрде меңгерту, сабаққа бөлінген уақытты ұтымды да шебер пайдалану, т.б. мәселелер жөнінен тиімді ақыл-кеңес берген тамаша методист те болды. оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл қолданады.
Қорытындылайтын болсақ, түптеп келе ағартушының еңбектері қазіргі таңда бағалануда. Өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іpдерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда.