Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1286

Үш бәйтерек.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Үш бәйтерек атанып кеткен С.Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров туралы түсінік беру.Теңдікті аңсаған,әділетсіздікті жырлаған,болашағымыздың бостандығы үшін күресіп,арттарында өшпестей із қалдырған батырларымыз жайлы түсінік беру.   Шығармашылық жұмыс жасауға,мәнерлеп оқуға,өздігінен қорытынды шығаруға,ізденімпаздыққа үйрету.Оқушыларды адамгершілікке,Отансүйгіштікке баулу.Олардың елінің тарихын біліп,болашаққа еңбек етуге шақыру.

Көрнекілігі:Үш бәйтерек портреттері,кітаптары,буклет,музыка.

Әдіс-тәсілдері:мәнерлеп оқу,әңгімелеу,тақпақтар айту,көрініс,сұрақ-жауап әдістері.

Шараның барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:( Муз қойылып тұрады)Оқушылар үш топ болып өз топтарында отырады.

Мұғалім:Армысыздар құрметті ұстаздар!2 «Ә»сыныбымен бірге өтілетін ашық сабаққа қош келдіңіздер!Сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

Балаларға 3 топқа  пазл таратылып беріледі,жылдам құрастырып қолдарын бір-біріне тигізіп құрастырып болғандығын білдіреді.Топ басшылары тақтаға алып шығып  пазылдың екінші бетін қаратқанда Үш бәйтерек сөзі шығады,сонымен тақырып ашылады.

Мұғалім:Балалар үш батыр ағамызды неліктен Бәйтерек ағашына теңеді.Өйткені Бәйтерек киелі ағаш.Екі сөзден құралған  яғни Бәй-Үлкен,Зәулім,Терек- ағаш деген мағына береді екен.Зәулім ағаштың түбінде алып жылан жатады,ал ұшар басында құс патшасы тұрады деген аңыз бар.Бәйтерек ағашы ұзақ жыл өмір сүреді екен.

Балалар Бәйтерек мнументі жайлы білесіңдер ме?Бәйтерек монументі---Нұр-Сұлтан қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан екен.Бұл монументтің негізгі идеясы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыз екен,Ұзындығы-97метр екен.

Балалар біз қазір қандай елде өмір сүріп жатырмыз?Тәуелсіз елде .Тәуелсіздік-теңдік,тәуелсіздік-азаттық,тәуелсіздік-бостандық.Тәуелсіздік  барлық жер бетіндегі мемлекеттермен тең болу.Осы тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ.Тәуелсіз ел болуымызды біздің ата-бабамыз арман еткен.Қазақ әдебиетінің тарихына Үш бәйтерек болып атанып кеткен-Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет  Майлин бір жылда өмірге келіп,шығармашылықтарын бірге бастап,дүниеден бір мезгілде өтті.Қазақ зиялылары ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған   ақын-жазушылары кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл-ұлтшылдар» атанды.Тәуелсіздікті аңсаған Сәкен Сейфуллин,Бейімбет Майлин,Ілияс Жансүгіров  ату жазасына кесілді.Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек-Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин өмірлері қысқа болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады.Жеке-жеке тоқталып түсіндіріп өтсем С.Сейфуллин 1894 жылы 15-қазанда Қарағанды облысында дүниеге келген.Сәкеннің әкесі Сейфолла саятшылықпен айналысып көп уақытын түзде өткізгендіктен Сәкен анасының тәрбиесін алады.Анасы Сәкенге аңыз-әңгімелер,жыр-дастандар айтып өсіреді,сондықтанда Сәкен ақылды,сауатты болып ер жетеді.Қазақтың атақты ақыны,дарынды драматург,білікті ұстаз,мемлекет қайраткері деген атақтар беріледі. Олар өз- өмірінен ұлтының мүддесін жоғары қойған.Қазақстан тәуелсіз ел болғанын қалап көзге түскен үш алыбымызды ату жазасына кесті.

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 5 –мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында туған.Анасынан ерте айырылған ол әке тәрбиесін көріп өсті.Әкесі Жансүгір аз ғана дәулеті бар,ескіше хат танитын ,батырлық дастандар тарихи оқиғалар мен аңыз ертегілерді жақсы білетін,он саусағынан өнер тамған адам болған.Білте шаммен жыр дастандар оқып береді екен.Ілиястың Құлагер атты поэмасын білмитін қазақ жоқ.1937жылдың тамыз айында Ілияс Жансүгіров бір күні НКВДның шақырту қағазын алады.Оған жұбайы бұның бекер еместігін сезіп Ыстықкөл асып қашуын бұйырады.Бірақ Ілияс Соттың шақыртуына барып сол кеткеннен оралмайды,1938 жылы шабыты шарықтап тұрған ақын 44 жасында ату жазасына кесіледі.Шығармалары өте көп,соның бірегейлері Балдырған,Қызыл жалау атты өлеңдері,Мерген Бөкен әңгімесі.

  Бейімбет Майлин-1894 жылы Қостанай облысы,қазіргі Бейімбет Майлин ауданында туылған.Бір жасқа толмай жатып әкесінен,алтыға толмай жатып шешесінен айырылды.Жетімдік зардабын көп көрді.Байларға жалданып жұмыс істеді.Б.Майлин өте қарапайым адам болған.1917жылы ақпан төңкерісі қазақ даласына елеулі өзгеріс әкелді.Сол аласапыран кезде Б.Майлин Алашорда идеясын жақтайтынын өз өлеңдерінде анық көрсетеді.1938 жылы ату жазасына кесілді.

       ---Ал балалар,сіздерге үйге осы Үш бәйтерегіміз туралы жаттауларын,өлеңдерін жаттап немесе оқып келіңіздер деген болатынмын.Қане қай топ қай батырымыздың өлеңдерін жаттап келіпті?

------Балалар кезекпен-кезек жаттауларын айтады.Жарайсыңдар смайлик таратып беріледі.Сергіту сәті: Теңізге саяхат.

-------Жайланып отырыңыз,көзіңізді жұмыңыз.Терең демалып денеңізді бос ұстаңыз,денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз   толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.Өзіңізді жартастың үстінде тұрғандай есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз.Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз,ашық аспан және күн.Теңіз бірқалыпты дем алып,асау толқындары жағаға соғылып қайтадан кейін қайтуда.

       Теңіз толқындырының шуын естіп,толқындарға қызыға қарап,жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз.Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан шаршаудан бір сәтке де болса аралдыңыз.Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы.Сіз төменге түсіп,аяқ киіміңізді шештіңіз,жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз.Міне,сіз судың жағасына келдіңіз,толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр,су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ.Сіз қолдарыңызды бос ұстап,бастарыңызды шалқайтыңыз.Күн сәулесі мен салқын желді сезініңіз,теңіз толқындарының тамшылары сіздің бетіңізге тамшылап өтуде.Сіз өзіңізді кішкентай ғана бала сияқты   сезініп жүгіргіңіз,секіргіңіз,су шашып ойнағыңыз,күлгіңіз келеді.Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе соны істеуге рұқсат етіңіз.Сіздің қайтатын уақытыңыз болды.Міне сіз тағы жардың басында тұрсыз.Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз.Көздеріңізді асықпай ашыңыздар.

      Ал балалар жақсылап сергіп алдық деп ойлаймын.Келесі тапсырмамызға көшейік,Шартын түсіндіріп өтейін Мына төртбұрыштың іші толған сұрақ,мен кез-келген оқушыға беремін,ол оқушы жоғарыға лақырып қайта қағып алғандағы бетінен хатты ашып сауал оқиды және жауап береді.

         Ондағы қойылатын сұрақтар;

1.Тәуелсіздік сөзінің мағынасы қандай? Бостандық

2.Үш бәйтрегіміздің алға қойған мақсаты қандай еді? Қазақ елінің азаттығы

3.Бәтерек ағашы туралы әңгімеле.

4.Үш бәйтерегіміздің есімдерін ата.

5.Үш бәйтерекке туғанына  биыл неше жыл болды?  -----125 жыл

6.Отан туралы мақал- мәтел айт.Отан-отбасынан басталады.Отансыз адам-орманыз бұлбұл,Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.

7.Батыр туралы мақал-мәтел айт.Ер есімі-ел есінде.Батыр туса ел ырысы,жаңбыр жауса жер ырысы.Көз қорқақ-қол батыр.Болат қайнауда шынығады,Батыр майданда шынығады.

     Жарайсыңдар балалар,енді  осы үш бәйтерегімізден өсиет тыңдайықшы

Бекнұр,Бақытжан,Еділ сыныпқа кіріп келеді.

Бекнұр-Бейімбет:Балаларым Тәуелсіздік-талайдың тағдырына бұйырмаған   баға жетпес бақыт.Алла тағаланың үлкен сыйы және мына біздей ағаларыңның ерен еңбегі.

Бақытжан-Сәкен Сейфуллин:Ендігі еліміздің тұтқасы мына сендердің қолдарыңда.Бір ұлттың ең жоғары қымбат байлығы ол-өз ана тілі.Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте деген,ана тілдеріңді ұмытпаңдар.

Еділ-Ілис Жансүгіров сендерге жасалынып жатқан жағдай неткен керемет осы мүмкіндікті пайдаланып білім алыңдар.Біз арман еткен тәуелсіздікке жеттік, енді осылай нық ұстап тұру сендердің қолдарыңда,ол үшін не істеу керек? Оқушылар:Оқу керек,білім алу керек

  Жарайсыңдар балалар Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,-диді Әл-Фараби атамыз,тәртіпті тәрбиелі білімді боламыз.

    Хор: Бақытты балалық шақ.

471 0
Серік Таңнұр № 27 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Алматы облысы, Талдықорған қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000388
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: