Жоба атауы: «Достарыммен табиғатта қозғалыс ойындарын ойнау»
Сынып: 2 «Д»
Жобаның мақсаты:
- Әртүрлі дене жаттығулары және ойын кезіндегі рөлдерді көрсету, атау.
- Табиғи материалдарды пайдаланып батпырауық жасау және эксперимент жүргізу.
Пәнаралық байланыс: көркем еңбек, дене шынықтыру.
Жобада қамтылатын тақырыптар, мазмұны: Қозғалмалы ойын түрлерін анықтайды, сабақ барысында және күнделікті өмірде қолданады. Батпырауық жасап үйренеді, алаңға шығып ойнайды.
21 ғасыр қабілеттері: Сын тұрғысынан ойлау
Қарым-қатынас/өзін-өзі басқару
Топпен жұмыс жасау
Шығармашылық қабілеттерін ұштау
Жобаның мазмұны(оқушылардың рөлі, іс-шаралар, қарастырылатын проблемалар, зерттеу қалай):
- Идея. Идеяны оқушылармен талқылау, жобаны бірге жоспарлау.
- Топқа бөліну. Міндеттемелермен танысу.
- Жобаның теориялық мазмұнымен танысу. Пікір қосу.
- Бекітілген міндетті тапсырманы алу.
- Іздену, зерттеу, өмірлік тәжірибеге тиімді қажетті заттарды ойлап табу, құрамын зерттеу, саяхатқа шығып, көзбен көру.
- Өздері қолдан соңғы өнімді жасайды. Олардың қажеттіліктерін білуге ізденеді: макет, диаграмма, жоба нобайы, жинаққұрал-жабдық т.б.
Проблемалық сұрақ: «Мен қандай ойын түрлерін білемін?»
Кіріспе: Ой қозғау сауалы арқылы ой тастау «Мен қандай ойын түрлерін білемін?» , «Менің ата-анам, ұстаздарым ойын түрлерін біледі ме?», «Саябақта қандай ойын түрлерін үйрендім?»
Соңғы өнім: Әртүрлі қозғалыс ойынын үйреніп ойнау, видеоролик жасау. «Батпырауық» жасау.
Жобаның нәтижесін жариялау (Оқушылар жасаған жобаларын қалай жариялайды және қызықты ете алады):
- Қозғалмалы ойындар туралы мәліметтер жинақтау, ата-ана және ұстаздардан интервью алу.
- Дөңгелек үстелде қамтылатын нақты шаралар:
- Презентация – видеоролик.
- Соңғы жаңа өнім.
- Топтар өз жобасын қорғайды
- Жоба мүшелерін марапаттау (мектеп әкімшілігі)
Қажетті ресурстар:
- Көмекші адамдар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісі, кураторы.
- Керекті құрал-жабдықтар: видеокамера, компьютер, ұялы телефон – бұлар видеоролик түсіру үшін қажет. Тәжірибеге қажетті заттар: қайшы, бояу, компьютер, ғаламтор желісі, түрлі түсті қағаздар,таяқшалар карта т.б.
- Материалдар: Қозғалмалы ойындар туралы мәліметтер, интервью, видеоролик, соңғы өнім т.б.
- Сыртқы көздер: мектеп әкімшілігі, эксперттер, ұстаздар.
Рефлексия (жоба барысында және соңында жеке немесе топпен): Барлық сыныппен талқылау.
Жоба жоспары:
І апта | |||||
Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма | |
Кіріспе: Видеоролик көрсету. Проблемалық сұрақты анықтау. Әр топқа тапсырма беру. Өзара келісім шартқа отыру, міндеттерді топ ішінде бөлісу. | Әр топ алғашқы күндері теориялық мәлімет жинауға кіріседі:қозға-лыс ойындары туралы.
| Жоба жасату: Балалар өз топтарымен жоба жасайды «Мен қандай ойын түрлерін білемін?» сұрағына жауап іздеу. Оны сыни тұрғыдан бағалайды. | Топаралық талқылау күні 1,2,3,4 топ бірігіп, алдарына қойған мақсат пен міндетті қайта пысықтайды. Өз жоспарларын тақтаға іледі. | Бір апталық жұмысты бағалау 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ | |
ІІ апта | |||||
Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма | |
Әр топ талдау жүргізеді. Сұрақ-жауап:
| Интервью алу (мектеп мұғалімдері мен ата -аналарынан). Ойындар туралы видеороликті тамашалайды. Өз ойларын айтады.
| Дене шынықтыру сабағында және үзіліс уақытында қозғалмалы ойын түрлерін ойнайды, танысады.
| Табиғат аясындағы ойын түрлерін ойнау. Саябаққа бару.«Ыстық картоп» және «Мысық пен тышқан» ойындарын ойнау. «Квест» Әр топ белгілі тапсырмалар-ды орындай отырып, қазынаны табады. | Бір апталық жұмысты бағалау. Әр топ батпырауық жасайды, оны безендіреді. Практикада қолданады (ауа райына байланысты) 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ | |
ІІІапта | |||||
Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі |
|
| |
Материалдарды жинақтау, алдын ала презентацияға дайындау. 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
| Жинақталған мәліметтерді топтау, сараптау. Сөйлеу мәдениеті мен презентация әдебіне дағдыландыру. | Презентация 22-кабинет |
|
| |
Жобаның есебі:
Оқушылар тақырып идеясын талқылады, жоба жоспарын құрды. Зерттеу барысында «Мен қандай ойын түрлерін білемін?» , «Менің ата-анам және ұстаздарым ойын түрлерін біледі ме?» деген сұрақтарға жауап алды.
Оқушылар дене шынықтыру сабақтарында және өздері іздене отырып ойын түрлерімен танысты. Саябақта өздері үйренген қозғалыс ойындарын ойнады және мұғалімдердің ұйымдастыруы бойынша «квест» ойынын үйренді. Көркем еңбек сабағында өнім ретінде оқушылар топтасып батпырауық жасады. Оған қажетті заттарды саябақтағы серуен кезінде өздері жинап алып келді. Қазан айының 1-жұлдызында жоба презентациясы болды, дайын өнім қорғалды. Жоба мүшелері сыйлықпен марапатталды.