Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1273

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін ...»

 


Абай  әлемі – жаңа  әлем, ұдайы   жаңарып,

жаңа  мазмұнмен  байып,   құнарын  бойына

терең  сіңіре  беретін   әлем.

Т.Қаупынбайұлы

    Сабақтың   мақсаты:  1.Оқушыларды   қазақ   халқының  ұлы   ақыны  Абай  Құнанбаевтың 175 жылдық  мерей   тойына  орай,  шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын  арттыру, адами  құндылықтарды  бойына   дарыту,құрмет  сезімін  ұялату.

2. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
4. Дамытпалы поэзия сабағы.
Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, шығармашылық көрініс.
Көрнекілігі: 
Абай Құнанбаев, А.С. Пушкиннің портреттері, интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, 
дүниетану, ән- әуез
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
«Ата толғау» күйі қосылып тұрады.
Біреулерге болғанмен айдала,
Басын иіп тәу етеді бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
Құдіретіңнен айналайын, сардала.

  Мұғалімнің кіріспе сөзі:
       
Абай- қазақ   халқының  ұлы  перзенті, ақын  дарын   иесі. Абайдың  әр  сөзі   білген  адам  үшін өнеге,өсиетке  толы. Сондықтан  Абай   сөзімен  айтқанда,адам  болам   десеңіз, Абай  жолымен  жүріп, ата   баласы  емес,  адам   баласы  болып,адамгершілік  пен   ізгілік   қасиеттер бойымыздан табылсын. Абайдың  өнегелі  өмірі,әрбір   ұланның   жүргінде  мақтаныш   сезімін  ұялатуы  тиіс. 
 
 А. Құнанбаевтың  туғанына   175 жыл  толып  отыр. Осы   мерей  тойға  орай 

3 «А» сынып  оқушыларының  «Абай   жаққан   бір   сәуле  сөнбеу    үшін ...» тақырыбындағы  өнеге  сағатының   куәсі  болыңыздар.

1-кезең «Абай   әлемі»  Бұл  бөлімде ақынға  қатысты    мәліметтермен  танысамыз.

1.Абай   Семей   облысы,    Шыңғыс   тауының   бөктерінде  1845 жылы   10  тамызда  дүниеге   келген.Әкесінің   аты-Құнанбай,  Тобықты  руынан   шыққан. Абайдың  шын  аты –Ибраһим. Әжесінің  аты –Зере, анасының  аты –Ұлжан. Ахмет –Риза медресесінен  ескіше   хат  таныған.Абай  білімге   ден  қойып, араб, парсы, түркі  тілдерін   үйренген.  Абай  жасынан   зеректігімен  таныла  бастайды.

  1.Абай   Құнанбаев  өмірінің  соңына   дейін  қазақ  халқының   жарқын  болашағы  үшін   күресті. Артында  қалдырып  кеткен   аса  құнды  мұраларында   Абай  адам  бойындағы   кездесетін  жаман  мініез-құлықтарды  сынады   және  адамдықты,ақыл мен білімді  алға  қойды. Туысқан  халықтардың   мәдениеті  мен  өнерін   білуге  шақырды.

 2.Тіршіліктің  мәңгі   сауалдарына  жауап  іздеп,   он  сегіз  мың   ғаламның  құпиясын  білгіңіз   келсе, Абайды  оқыңыз.

 3.Ақыл –ой  ақындықтың   киесі –Абай!

       Түгел сөздің  түбі  бір   жүйесі- Абай!

       Адалдық, ар  ұяттың  данышпаны

      «Өлең – сөздің патшасы» иесі Абай!

ІІ-кезең  «Ұлылардың   ұлы  сөзі»

Абай әлемін   бүкіл  дүниеге  таратушы   кемеңгер  жазушы Мұхтар  Әуезов «Мен   Абайды  тереңнен  шөмшітіп қана   іштім»  деген  екен.

 Қазақтың  бас   ақыны  Абай  Құнанбаев. Онан  басқа  бұрынғы – соңғы  заманда  қазақ   баласында  біз  білетін   ақын  болған  жоқ.

                                                                       (А.Байтұрсынұлы)

Абай  өз   заманынан  анағұрлым  биік   тұрған  ақын  еді.

                                                                         ( Ғ.Мүсірепов)

1-оқушы  Раяна: Жыр  алыбы  Жамбыл   атамыз  ұлы  Абай   атамыз  туралы  былай   деген  екен.

«Мына  тұрған   Абайдың  суреті  ме,

Өлең  сөздің   ұқсаған  құдіретіне.

Ақыл,қайрат,білімді  тең   ұстаған

Өр  Абайдың   төтеген  кім  бетіне?»

2-оқушы  Таир: Сұлтанмахмұт   Торайғыров  өз  өлеңінде

Асыл  сөзді   іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты  көздесең,

Жаттап  тоқы көңілге   дейді.

3- оқушы  Еркеназ: Ал Мұзбалақ   ақын  Мұқағали

Мен –дағы өлең  жазбаймын ермек  үшін,

Ермек  үшін   немесе  өлмеу  үшін.

«Жаздым  үлгі   жастарға  бермек үшін»,

Абай  жаққан   бір  сәуле  сөнбеу   үшін,-деген екен.

4- оқушы Нармин:

Ерте  оянып,ойланып   ержеткен  кім?

Талабын  тас   қияға  өрлеткен  кім?

Құба  жон,   құбақан  құм құла  қырды

Өлеңнің  бесігінде   тербеткен  кім?

Бәрі:  Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты –Адам.

ІІІ-кезең «Әр  өлеңі  бір   әлем»  Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».
- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырмыз.
Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.
 
 Бұл  кезеңде   ақын  өлеңдерін  мәнерлеп   оқып,  тереңіне  бойлайық.

1.Әсемпаз  болма   әрнеге

2.Ғылым  таппай   мақтанба

3.Интернатта  оқып   жүр

4.Өлең – сөздің  патшасы,  сөз   сарасы

5.Мен  жазбаймын   өлеңді  ермек  үшін

ІV-кезең   «Болмасаңда   ұқсап  бақ»

Абай  бабамыз   жайлы  айтылған  мәліметтерді,   нақыл  сөздерді  еске   түсіріп,ой  бөлісіңіз, пікір  білдіріңіз. (постер  қорғау)

«Ғылымға  көңіл   бөлсеңіз...» деген  ақын  ойын   қалай  түсінесіз

V-кезең  «Көңілім   әнді  ұғады» 

Мұғалімнің түсіндірмесі. Ой-толғаныс.
Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек 
шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық. Оқушылардың қарасөздерді оқуы.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)
Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара сөз)
 
1.Абай-ақын,сазгер,аудармашы. Оның  45   қара  сөзі  көптеген   өлеңдері мен  аудармалары, әндері  бүгінгі  таңға   дейін  мәнін  жойған   жоқ.

2. Әннің  естісі  бар,   есері  бар

Тыңдаушының  құлағын   кесері  бар

Ақылдының  сөзіндей ойлы,  күйлі,

Тыңдағанда  көңілдің   әсері  бар – дегендей  ендігі   кезекте  Абай  атамыздың   әндеріне  берейік.

Ән:  «Желсіз   түнде  жарық ай»

Ән: «Көзімнің  қарасы»

  1.  Абай – дана, ғұламасы  елімнің

     Абай   ақын,  мақтаншағы  жерімнің

                Абай   атты  бір  данышпан   болмаса,

                Ақ- қарасын   кім  айырмақ  өмірдің?!

  1. Сүйсінемін  жазғанын   оқығанда,

Абай  сөзі  бағдаршам   оқырманға,

Адасатын   адамдар  болмас  еді,

Абай  ойын  кеудеге   тоқығанда

Кері  байланыс: Бүгінгі   күннен  не  түйдіңіздер?

Ойды түйіндеу: Абай  барлық  қазақ   халқының  мақтанышы  ғана   емес, ұлттың  намысы. Абай  шыққан   биік, Абай  бойлаған  тұңғиық   қазақ  халқының  шыққан   шыңы,ой  түбіне  сүңгіген   тереңі. Сондықтан Абайды   оқымаған,  сөзін  көңіліне   тоқымаған, тым құрыса,  бір  өлеңін   жатқа  білмейтін  адам   болмауға  тиіс.

Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпесіз, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған... 
Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз
.

 

184 0
Абдолова Касиет Мендешовна, Ф.Досымова атындағы №12 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші ,Атырау облысы, Атырау қаласы № 001730
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: