Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.3.2 жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау. 4.1.2.2 алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада ұсыну. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Жүйке жүйесінің рөлін сипаттайды. Алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада ұсынады. Көптеген оқушылар: Жүйке жүйесінің ауруларын анықтап,мысалдар келтіре алады. Кейбір оқушылар: Жүйке жүйесінің моделін жасап,ондағы сигналдардың таралу жолын көрсетеді. |
Бағалау критерийлері | 1.Жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлінің маңызын сипаттайды 2. Алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада ұсынады. |
Тілдік мақсаттар | Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау. Пәнге тән лексика мен терминология: Сезім мүшелері, сипап сезу, иіс сезу. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 1.Иісті қалай сезесің? 2.Дәмді қандай мүше арқылы сезесің? 3.Тері арқылы не сезесің? |
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс жасау барысында ынтымақтастық және ашықтық құндылықтары қалыптасады. Бұл құндылықтар тапсырмалар орындау барысында,зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жүзеге асады.
|
Пәнаралық байланыстар | Зерттеу жұмысын орындау барысында дүниетану пәнімен байланысты. |
АКТ қолдану дағдылары | Оқушы бойында АКТ сауаттылығы дағдысы қалыптасады. |
Бастапқы білім | Дене мүшелерін біледі және олардың қандай қызмет атқаратынымен таныс. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. -Сәлеметсіздер ме! -Көңіл-күйлерің қалай? Топқа бөлу.1,2,3 санау арқылы үш топқа бөлінеді. «Ой қозғау» әдісі Мыналар не? Олар қандай?
-Бұл заттарға тән қасиеттерді сіздер қалай білдіңіздер? -Дұрыс айтасыздар, оның бәрін біз сезінеміз -Бүгін біз қандай тақырып өтеміз деп ойлайсыздар? Бүгінгі сабақта жүйке жүйесінің маңызы туралы және жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау жолдарын үйренесіңдер. Қазір экранға назар аударыңыздар. Видео көрсетіледі.
|
| ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма. «Ойлан,топтас,талқыла» әдісі. (Топтық тапсырма) 1-топ: Жүйке жүйесінің рөлін және оның адам өміріндегі маңызын сипатта. 2-топ: Жүйке жүйесінің ауруларын анықтап,мысалдар келтір. 3-топ: Жүйке жүйесінің моделін жасап,ондағы сигналдардың таралу жолын көрсет.
Дескриптор: - Жүйке жүйесінің рөлін және оның маңызын сипаттайды. -Жүйке жүйесінің ауруларын анықтап,мысал келтіре алады. -Жүйке жүйесінің моделін жасап,ондағы сигналдардың таралу жолын көрсетеді Қ/Б: «Екі жұлдыз,бір тілек»
2-тапсырма. «Қызықты ережелер» әдісі (Топтық тапсырма) Жүйке жүйесі гигиенасын қалай сақтауға болады. Әр топ ереже құрастырады.Құрастырған ережелерді дәлелде. Ереже:1.Дұрыс тамақтану 2.Таза ауада серуендеу. 3.Күн тәртібін сақтау. 4.Тазалық сақтау. 5.Үй шаруасына көмектесу. Дескриптор: 1.Жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау үшін ереже құрастырады. 2. Өз ережелерін дәлелдейді. Қ/Б: Бутерброд әдісі
Сергіту сәті.
3-тапсырма.Зерттеу жұмысы. Сезім мүшелері қалай жұмыс істейді? Иіс сезуге,дәм сезуге және сипап сезуге байланысты көптеген заттар ұсынылады. Сол заттардың пішінін,көлемін,дәмін иісін анықтайды. Дескриптор:
Қ/Б: «+,-» әдісі
|
| ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. 1.Бүгінгі сабақта өзім ойлағандай нәтиже көрсете алдым ба? 2.Өзіме керекті білім ала алдым ба? 3.Сабақ барысында қандай кедергілер болды? 4.Сыныптастарымның кері байланысы әділ болды ма? 5. Бүгінгі көңіл-күйіңіз?
|
| ||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Саралау жұмысы - бірінші тапсырмада тапсырма тәсілі арқылы жүзеге асады.
Саралау жұмысы- екінші тапсырманы орындау барысында кейбір оқушыға диалог және қолдау көрсету арқылы жүргізіледі. 1.Адам денсаулығына не пайдалы деп ойлайсың? 2.Денсаулығың мықты болу үшін қандай ереже ойлап табар едің? Үшінші тапсырмада саралау жұмысы-қорытынды тәсілі бойынша жүзеге асады. Зерттеу жұмысынан оқушылар өздері байқаған қасиеттерді айтады,олардың жауаптары әртүрлі болады және қабылданады.
| Бұл сабақта әр тапсырмадан кейін оқушыларға кері байланыс жасалды. «Екі жұлдыз,бір тілек», «Бутерброд»әдісі және «+,-» әдісі арқылы бағаланады. | Сабақта қолданылатын сергіту сәті Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Денсаулығыңызға зияны тиетін заттардан алыс болу. |