Пәні: Математика ҰМЖ бөлімі: 3С бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу. | Мектеп:Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектеп Мұғалім: Досжанова Нургул Максутовна | |||
Сынып: 3И Күні: 20.01.2020 ж | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы: | Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу /Қазақ халқының ұлы ағартушылары | |||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану. | |||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: 86:2 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолдана алады. Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай бөлуді үйренеді. Көптеген оқушылар: есепті шығара алады. Өлшем бірліктерді өрнектей алады. Кейбір оқушылар: сызбаны пайдалана отырып, үш амалмен шығатын есеп құрастыра алады. | |||
Бағалау критерийлері | 86:2 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолданады. Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай бөлуді үйренеді. Есепті шығарады. Өлшем бірліктерді өрнектейді. Сурет бойынша қарбыз бен алманың салмағын анықтай алады. | |||
Тілдік мақсаттары | Оқушылар: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін түсіндіру. Пәндік лексика және терминология: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл. Талқылау: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді бағанға жазу ыңғайлы. Бірліктерді бірлікке көбейтіп, бірліктердің астына жазады. Ондықтарды ондықтарға көбейтіп, ондықтардың астына жазады. Жазу: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейтуді бағанмен жазыңдар, мүмкіндіктер тармағын құрастыру. | |||
Ойлау дағдылары | Білу, түсіну, Қолдану | |||
Құндылықтарды дарыту | Тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану | |||
Пәнаралықбайланыстар | Дүниетану пәні | |||
Алдыңғы білім | Екі таңбалы сандарды разрядты қосылғыштарға ажырату, қосуға қатысты көбейтудің қасиетін тарату. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы
5 минут | І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз, Білімнің шыңына біз шарықтаймыз. Мұғалім оқушыларға қазақтың ұлы ағартушылары туралы әңгімелейді. ҰЖ Ынталандыру. - Қазақтың ұлы ағартушылары кімдер? Тапсырма: Өрнектің мәнін есептеп, оқушылар А.Байтұрсынұлының кітабының атауын анықтайды. Кестеге сай, қосындыны санға бөлу жағдайындағы бөлу ережесін қолданып, тиімді тәсілмен есептейді. МТ Ахмет Байтұрсынұлы -1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Ахметтің ұлы бабасы-Үмбетей ру басына айналған үлкен ата. Байсейіт атадан жалғыз, оның әкесі Қалқаман Көшейұлы (5 ағайынды). Ахмет Байтұрсынов 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1891 жылы бітіреді. Сол жылы Орынбор мұғалімдер мектебіне оқуға қабылданып, 1895 жылы ОММ-нің Педагогикалық кеңесінің шешімімен «бастауыш училищенің оқытушысы» деген атақ беріледі. |
Ұлы ағартушылар суреті
| ||
Сабақтың ортасы 25 мин
| Белсендіру. Оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, қосындыны санға ауызша бөлу амалын түсіндіреді. (60 + 9) : 3 = 60 : 3 + 9 : 3 = 30 + 3 = 33 ҚБ. Бас бармақпен Жаңаны ашу МТ ҰЖ Мұғалім оқушыларға екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің жазбаша тәсілін қолданып бөлуді ұсынады. Мәселелі жағдаят туындайды. - ондықтарды бөлемін: 8:2=4, бөліндінің орнына 4 жазамын. Қанша ондықты бөлгенін тексеремін. Ол үшін көбейтемін: 2⋅ 4=8, ондықтың астына жазамын. Азайтамын: 8 – 8 = 0. Яғни ондық толық бөлінді. - Бірлікті бөлемін: 6 : 2 = 3, бөліндінің орнына 3-ті жазамын. Бөліндінің орнына 4-ті жазамын. Қанша ондықты бөлгенін тексеремін. Ол үшін көбейтемін: 2⋅ 3 = 6, бірліктің астына жазамын. Азайтамын: 6 – 6 = 0. Яғни бірлік толық бөлінді. Кері байланыс: - Баған түрінде бөлуді орындаудың тәртібі қандай? Бөлу амалының жазбасын дұрыс жасаудың маңызды екеніне мән беру керек. Есептеу критерийлерінің дұрыстығын бақылауға мүмкіндік болу үшін, жауаптағы цифрлардың санын анықтау өте маңызды. ҚБ Мадақтау
ЖЖ «Бөлісейік» әдісі Алгоритмге сәйкес екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды. Жұппен жұмыстың бұл түрінде «материал элементтерін бөлу»: бірінші оқушы бәрін өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды. Есепті орындау барысында оқушылар орындарын ауыстыруына болады. 84:2=42 64:2=32 55:5=11 93:3=31 86:2=43 77:7=11 69:3=23 84:4=21 63:3=21 Кері байланыс: -Алгоритмге сәйкес екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу қалай орындалады? - Жұптық бақылаудан нені үйрендіңдер? ҚБ «жұптық бағалау»
ТЖ 4 тапсырманы орындайды. а) пунктінде есепті 3 амалмен орындайды. ә) пунктінде өрнек бойынша есеп құрастырады, оны шешеді. №5 тапсырманы орындайды. а)Оны әртүрлі тәсілмен орындайды. ә) пунктінде сол амалдармен шешілетін есеп құрайды, оны шешеді. 1-топ: 3 вагон -32 ж. ?ж. Ш: 32*3+24*2=144 (ж.) 2 вагон – 24 ж. Ж: пойызда барлығы 144 жолаушы бар. 2-топ: 3 вагон -32 ж. ? артық ж. Ш: 32*3 - 24*2=48 (ж.) 2 вагон – 24 ж. Ж: 3 вагонның жолаушылары 48-ге артық. 3-топ: Бірінші қорапта – 24 к. Ш: 24+32:8=56 (барлығы) Екінші қорапта – 32 к. 56:8=7 (с) Әр сөреге – 8-ден Ж: 7 сөреге кітап қойды. Сөре-? дана
3-топ: Осы есептің шешуін әр түрлі тәсілмен шығар 1-тәсіл (24+32):8=7 (с.) 2-тәсіл (24:8)+ (32:8)=7 (с.) Кері байланыс: - Есепте қандай мәлімет бар? -Сұрағы қандай? Шешуін қалай таптыңдар? ҚБ «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»
ӨЖ №6 Өткенді қайталау. 476 мм = 4 дм 7 см 6 мм 7 дм 5 см = 75 см =750 мм 1 км = 1000 м 1 м = 100 см = 1000 мм Бағалау критерилері: -Берілген өлшем бірліктердің шамаларын анықтайды. Кері байланыс: -Шамаларды өрнектеу үшін не қажет? -Шамалардың өлшем бірліктеріне қатысты біліктіліктерін қолданады. 1дм = 10см = 100мм 1м = 100см = 1000мм 1км = 1000м ҚБ «Өзін-өзі бағалау»
Сергіту сәті: (іс-қимылмен) Сараланған тапсырма PIZA TIMSS тапсырмалары Бір қарбыз және бір алманың массасы қанша? Оқушылар ұсынылған тапсырма бойынша алма мен алмұрттың салмағын анықтау үшін өз тұжырымдарын ұсынады. Қарбыздың салмағы 6 алманың салмағымен тең екеніне мән берсек, сәйкестендіргеннен кейін оқушылар 1 алманың салмағын анықтайды. 1 кг-да 5 алма болғандықтан, 1 алманың салмағын – 1000 г : 5. Кестеге сәйкес амалды қолданып, оқушылар бұл өрнектің мәнін ауызша есептейді. а) 1 қарбыз = 6 алма 10 алма = 2 кг = 2000 г 2 қарбыз = 12 алма 2000 г : 10 алма = 200 г ( 1 алма) 12 – 2 = 10 алма 6 алма * 200 г = 1200 г (1 қарбыз) 1 қарбыз = 1200 г 1 қарбыз = 1200г 2 қарбыз = 2400 г 3 алма = 600 г 2 алма = 400 г 1 гір тас = 200 г 1 гір тас = 2000 г 1 гір тас = 1000 г ә) 1 * 1200 г = 6 * 200 г Жауабы: 1 қарбыздың массасы 1 кг 200 г; 1 алма = 200 г ҚБ «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»
ТЖ №5 есеп Шығармашылық тапсырма
Кері байланыс: - Есеп не жайында? - Есеп құрастырарда неге мән бердіңдер? - Есептер неше амалмен шықты? ҚБ «Бас бармақ» әдісі Бағалау критерийі:
ҚБ тапсырма 3.1.2.10 82 : 2 69 : 3 22 : 2 86 : 3 Дескриптор: білім алушы
|
Оқулық, суреттер
Қимыл жаттығулары
| ||
Сабақтың соңы 5 мин | Қорытынды -Бүгінгі сабақтан не білдіңдер? Рефлексия. «Ортада қалам» әдісі –Сабақтың мақсаты қандай болды? Не қызықты болды? Үйге: №3 (ә) |
| ||
Рефлексия | Саралау: логикалық тапсырмаларды орындайды. Бағалау 46:2 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолданады. Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай бөлуді үйренеді. Есепті шығарады. Өлшем бірліктерді өрнектейді. Сурет бойынша қарбыз бен алманың салмағын анықтайды. топтық,жұптық, жеке бағалаулар арқылы бағаланады. |
| ||