Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы,
егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,
ал егер сау болмаса,
онда денсаулықты жетілдіру керек
Әбу Насыр әл-Фараби
Қазіргі кездегі күрбелең тірлікті артқа қойып, елімізге аты шулы COVID – 19 пандемиясы келіп, халықтың мазасын қашырды. 2020 жылдың наурыз айынан басталған бұл пандемия барлық салаға өз зиянын тигізумен келеді. Соның ішінде білім саласына қатты әсерін тигізді. Неге? Себебі, бұл сұрақтың шешімін бірден ойланбастан айтуға болады. Қазіргі кезде білім саласында көптеген өзгерістер бар.Өткен оқу жылында оқушылар білімді қашықтықтан алды. Бұл әрине бірінші кезекте ата –анаға, екінші кезекте білім алушыға, үшіншіден мұғалімге қиын. Бірақ бүгінгі таңда бұл жаңашылдыққа ата-аналардың пікірі сан түрлі. Бірі бұл жүйені қолдаса, екіншілері кері пікір білдіруде. Дегенмен, "Сақтансаң, сақтармын" деп бекер айтпаған. Алдыңғы орынға денсаулықты қойған абзал. Әлем елдерінің барлығы сандық жүйеге көшіп жатқанда, қашықтықтан оқытудың біздің елдің білім алушылары үшін де берері көп деп ойлаймын. Қашықтықтан оқыту- оқу жүйесіндегі жаңа формат болғандықтан, алғашында мұғалімдер арасында үлкен қобалжу болғаны да рас. Ұстаз бен ата-ана және оқушы бірлесіп жұмыс жасаса, оң нәтижеге жетуге болады. Жаңа білім беру ресурстары қазіргі таңдағы жаңашыл мұғалімнің күнделікті сабақты және сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыруда таптырмас құралы екенін айта кеткім келеді. Осы орайда, мен өзіміздің білім мекемесіне толталғым келіп отыр.
2021 – 2022 оқу жылын біз «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиялогиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығын және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығын негізге ала отырып дәстүрлі форматта өз жұмысымызды бастадық. Яғни, жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 45 минут. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте – бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимін қолданады. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі және осы Санитарлық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады. Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалады. Мектеп алды сыныптардағы сабақтардың барынша рұқсат етілген саны – ұзақтығы 25-30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзіліс кемінде 10 минут болуы тиіс. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс 15 минуттан құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына 2-ші және 4-ші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі, себебі, үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, сынып бөлмелерін желдетіп, дезинфекцияланған сумен жуып шығу міндеттелген. Бұл әрине білім алушылар мен ондағы педагогтардың денсаулықтарын ойлау мақсатында жасалынған.
Сабақ күндері санитарлық – эпидемиялогиялық талаптардың сақталуына жауапты мектептің медициналық қызметкері С.Дүйсенов тағайындалған. Соның ішінде, мектептің сыртқы кіре берісінде арнайы құрылғы (тунель) орнатылған, оның ішіне дезинфекцияланған сұйықтық құйылған, сол құрылғы арқылы білім алушы мен педагог қызметкерлер өтіп, сабаққа кіреді, сонымен қатар температураны жанаспайтын термометрмен өлшеу, педагогтар мен оқушыларға нұсқаулық беру, жеке қорғаныш құралдарын уақытылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдарды пайдалану жолын көрсету, термометрия жүргізу журналын жүргізу соның ішінде арнайы педагогтар мен оқушыларға және кіші қызметкерлерге, бетперде кию режимін сақтау, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, әрбір сынып бөлмелері мен кіре беріс есіктерде дезинфекцияланған кілемшелердің төселуі қатаң тәртіпте сақталған. Әрбір сынып бөлмелерінде қажетті медициналық жабдықтармен және қажетті дәрі – дәрмектермен (термометрлермен, штапельдермен, антисептиктер, бетперделермен және сулықтармен және пайдаланылған бетперделерді тастау үшін арнайы қоқыс жәшігімен) жабдықталған, сонымен қатар білім беру ұйымдарында инфекциялық аурулардың (респираторлық, ішек, дене қызуының көтерілуі) белгілері бар білім алушылар мен педагогтар және кіші қызметкерлерді сабаққа және жұмысқа жібермеу тәртібі де сақталған. Қазіргі таңда бұндай белгісі бар білім алушылар мен қызметкерлер жоқтың қасы. Сонымен қатар, оқу үстелдері 1 метр қашықтықта орналастырылған, яғни бір білім алушы бір партаға отырса, оның қасында «ара қашықтықты сақтайық» деген қызыл түсті белгі бар.
2021 – 2022 оқу жылын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығының 1 тарауында көрсетілген «Меншік нысанына қарамастан мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 300 адамға дейінгі шағын контингентті мектептерге штаттық режимде рұқсат етілген. Біз ағымдағы оқу жылын 20 педагог, 41 білім алушы, 11кіші қызметкермен бастадық. І ауысым бойынша 21білім алушы, ІІ ауысым бойынша 20білім алушы бар. Білім мекемесінде 5 ақылы кабинет бар. Аталған сынып бөлмелерінің меңгерішілері санитарлық – эпидемиялогиялық талаптардың ережесін ескерген және қатаң сақтаған.Білім мекемесінде мектепалды даярлық сыныптары 2021 – 2022 оқу жылын Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), ҚР БҒМ 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 557 бұйрығы (2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) білім алып жатыр. Ал, 1 – 4 сыныптарда білім беру процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары( 2018 ж 4 қыркүйекте № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді), ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың» үлгілік қағидаларымен жұмыс жүргізіп жатыр. 5 – 9 сыныптарда білім беру процесі ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді), ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары( 2018 ж 4 қыркүйекте № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар), ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар) жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы мектептің педагогтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Осы бұйрықтың 6 қосымшасы бойынша педагог қызметкерлер (Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Қысқа мерзімді жоспар) жасалынып, қазіргі таңда осы бұйрықты негізге алып, мектеп директорының мөрімен бекітіліп, әдістемелік бірлестік жетекшісі мен директордың оқу ісі жөніндегіорынбасарының келісілген қолы қойылып, жұмыс жасалуда. Сабақ кестесі бойынша жауапты педагог қызметкер уақытылы сабақтарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, біздің мекемеде педагог қызметкерлеріміз білім беру платформаларымен де жұмыс жүргізеді. Бүгінде тек Bilimland электронды оқыту жүйесі ғана емес, оқушылардың Mektep.edu.kz онлайн-мониторинг құралы, Daryn.Online жаңа ғасырдың жаңа форматта білім беретін платформасы арқылы оқушылардың білім алуларына жағдай жасалынған. Әр жүйенің өзіндік талаптары, ерекшеліктері бар. Және Kundelik.kz яғни оқушылардың күнделікті үй тапсырмалары мен кері байланыстары, сонымен қатар Itest, Imektep, Twig білім беру платформаларын да ескере кеткен жөн. Мәселен, Daryn.Online арқылы еліміздегі білікті ұстаздардан білім алуға мүмкіндік жасалған. Сондықтан оқимын деген жандарға қашанда жол ашық, мүмкіндіктер көп. Сөз соңында, өзінің ұлағатты сөздерінің бірінде орыстың педагогтарының бірі К.Д.Ушинский заман талабына сай, әрбір ұстаз өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды күнделікті білім беру барысында қолданса, өткізілетін сабақтың тиімді, қонымды болатындығын айтқан болатын. Және де 2021 – 2022 оқу жылында тарификациялық жүйе бойынша жалпы 283 сағат бекітілген, осы жалпы сағатты 20 педагог қызметкерге шаққанда 14 сағаттан айналады. Сонымен қоса, айлық жалақыларын уақытылы алып отыр. Және де алтын ұя мектебіміздің тазалығы басты назарда ұсталынып тұр. Себебі, әрбір білім алушы, педагог қызметкерлер мен кіші қызметкерлердің денсаулығы біз үшін, мен үшін өте маңызды орында. Мектептің ішкі және сыртқы тазалығы барлық санитарлық – эпидемиялогиялық ережелері мен талаптарына сай сақталынған, дәліздер мен сынып бөлмелерінің температурасы 19 – 20 0С сақтап тұр. Бұл дегеніміз мектептің іші жылы, әрі таза.
Сөзімді қорытындылай келе, жаңа форматтағы қашықтықтан оқыту жүйесі тек ұстаздар қауымы үшін ғана емес, ата-аналар мен оқушыларға да пайдасы бар. Еліміздің алдағы уақытта өркениетті мемлекеттер қатарынан көрінуі, білімді әрі білгір ұрпақты тәрбиелеу заман талабына сай білім алудан, жаңашылдықтан бастау алатынын айтқым келеді.