Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты,шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып таблады.
В.А. Сухомлинский
Мектеп... Шәкірт... Ұстаз... Осы үш сөз бір арнаға тоғысқандай. Бұл қаламның басы сияқты,егіз жүретін түсінік. Мектеп пен шәкірт... Ал осы екі ұғымға жан бітіретін құдірет иесі әрине,-ұстаз.
«Мектеп-білім тірегі, ұстаз оның жүрегі»деген тіркес осы сөздерімнің мәнін ұқтырғандай. Ұстаз-зор тұлға ол күнінің құдіретті сәулесі іспеттес.Барша шәкірттің тұла бойына білімнің биігін сыйлай отырып, қаншама жанның жүрегінен орын алатын,өз өмірін өзгенің болашағына арнайтын ақылдың тозбайтұғын асылы. Бойындағы бар білімі мен ақылы,арман мен мақсаттарын орындай жүріп, шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын бейне де осы – ұстаздікі.
Ұлағатты ұстаздың- еңбек жолы кез-келген қиындықтарға төтеп бере алатын қайсарлығы шәкірттеріне деген мейірімлігі, жұмысына деген ынты- жігері, өмірдегі болмысы кім- кімге де өнеге. Ұстаз қызметінің нәтижесі де, таразысы да білім берген оқушылары десек, білікті ұстаздан білім алған әрбір шәкірттердің өзге де ұстаздар алдында беделі жоғары болады. Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде екені анық, өзінің тәрбиелеген ұрпақтарының өсіп өнуінде. Ұстаздардың ақ пейілі, шәкірттеріне, жұмысына деген сүйіспеншілігі адам жанының еліктірмей қоймайды. Оған дәлел ретінде Л.Толстойдың: «Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз кемел ұстаз» деген керемет сөзі тірек болатындай.
Д.Ушинскийдің: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен-тарихтағы ең ұлы істің бірі.» деген дана сөзі ойға келеді.
Шынымен де, ұстаз жолы қиын жол. Жан-жағындағы адамдарға қуат беріп, білімнің сар даласында дамыл таппай, ізденісте жүреді. Себебі, мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалімділігі де жойылары хақ.
Ұстаздың зор міндеті де сол – адамды қалыптастырады. Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттеріне жемісті ықпал жасайтын болады.
Елбасымыз Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: ‘‘Еліміздің ертеңгі бүгінгі жас ұрпақтың қолында ’’,- дегені бәрімізге белгілі.Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді.Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да ұстаздар. Сондықтан ұстаз болу – жүректің батырлығы!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ағындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
Деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момшұлы ‘‘Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналары қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздары да сондай ардақтауға міндеттіміз’’деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдетілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайракерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз!
Ұстаз – ұлы тұлға. Ал оның еңбегі – өлшеусіз, баға жетпесе құндылық. Ұстаз еңбегінің арқасында әкім де, қара да, ғалым да, дарын да, бәрі – бәрі өз биіктеріне көтеріле алды. Ұстаз салған сара жолмен жүріп, ол нұсқаған сүрлеумен ғана ілгері басады. Осындай жол сілтеуші ол ұлағатты ұстаз. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттерін білім нәрімен сусынатып, тәлім – тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде өз ұстанымы бар АДАМ. Ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Жақсы ұстазға екі нәрсе керек, оның бірі – терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек. Еліміздің болашағын жасап, көзі ашық, белсенді ұрпақты тәрбиелеп отырмыз.Ендеше,бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы , жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
Мұғалім қоғамдағы рөлі-шәкіртіне білім беріпқана қоймай,алған білімдерін өмірде тиімді қолданып, жарата алуына жағдай жасау. Сондай-ақ,оларды бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбилеу. Жас ұрпақтың ата салтын ардақтар,ұлттық құндылықты ұлықтар озық ойлы болып қалыптасуына ықпал ету.
Фариза Оңғарсынова апамыздың мына өлең жолдарымен өз ойымды аяқтағым келіп отыр:
«Ұстазсыз жанда сөнбек күн
Шәкіртсіз өмір – сусыз жер
Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін көріп жүрсізддер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын,
жігер күт Ұстазым,
сенің әр кунің ,
Әр сәтің тұрған, бір ерлік»