Мақсаты: Балалар қыс мезгілі туралы біледі, үлгі суреттерге қарай отырып, қыс қызықтарын айтады, қыс мезгілінде ойналатын ойындарды атай алады.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері
Аппақ, аппақ дала
Аппақ, ауыл, қала
Жапалақтап ақша қар
Жауа берші, жауа
Көңіліміз қаласа
Сыртқа шығып таласа
Қар атысып ойнаймыз,
Қыстың күні тамаша
Тамаша!
Жарайсыңдар балалар!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыс мезгілінде ауа – райы қандай болады екен?
- Суық, аяз, боран, қар жауады.
- Дұрыс айтасыңдар!
Балалар бүгін біз өқу қызметінде «Қыс қызығы» қыс мезгіліндегі өзгерістер, қызықтар туралы білетін боламыз.
Бейнетаспаға қараймыз, далада балалар ойнап жүр екен, бір – біріне қар лақтырып жүр.
- Қар қандай балалар?
- Қар ақ түсті, жұмсақ
Суретті «Қар лақтыру» ойыны.
Сергіту сәті.
Әли мен Аяның «Қыс» туралы өлеңін қимыл – қозғалысын орындаймыз.
- Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?
- Аққала.
- Аққала неше бөліктен тұрады?
- Үш бөліктен.
Балалармен топтық жұмыс жүргізіледі, үш топқа бөлініп отырамыз, алдарыңдағы дайын үлгілерді жапсыру арқылы қыс мезгілінің қызықтарын көресіздер, өздерің құрастырған тапсырманы әңгімелеп беріңдер.
Балалар музыка әуенімен тапсырманы орындайды.
1 топ. Қысқы ағаш
2 топ. Жасыл шырша
3 топ. Аққаланы құрастырып жапсырады.
Үш топта өздерінің жұмыстарын әңгімелеп береді.
Ойын жаттығу
Қимыл – қозғалыспен орындаймыз.
Тоңса егер қолымыз,
Қолғап киіп аламыз
Сарт, сарт, сарт
Тоңса егер аяғымыз
Етік киіп аламыз
Топ, топ, топ
Тоқылдатып билейміз
Тоңса егер денеміз
Тоңды киіп аламыз.
- Балалар қыс мезгілінде қызық көп екен, қызықты ойындарда бар екен.
- «Қар лақтыру», «Шанамен ойындар», «Сырғанақ», «Аққала» ойыны
- Ия, балалар, қыс мезгілі тамаша екен.
Шеңберге тұрып «Қыс қызықтары» туралы айтып, бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылаймыз.
Мен ортада тұрып, допты лақтырамын, доп алған бала қыс қызығын айтып, келесі балаға береді, ойынымыз осылай жалғасады.
Өте жақсы балалар, қош сау болыңдар!