Сабақтың тақырыбы: | Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | Оқушыларға өзін және басқаларды құрметтеуге үйрету арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу;
| ||||
Сабақтың барысы: | |||||
Сабақтың кезең уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Ұйымдастыру кезеңі. Т – ережесі: Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық. Татулық. Оқу мақсатын таныстыру Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық Ескерту түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. | Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару. Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды. |
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы бөлімді еске түсіру тапсырмалары. | |
Ортасы | Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс. 2-тапсырма: Төменде берілген құндылықтар мен қасиеттердің қайсысын кеменің желкеніне , қайсысын судың түбіне жіберер едіңдер. Себебін, түсіндіріңдер. Сүйіспеншілік ,дөрекілік, жанашырлық, қиянат жасамау, еңбекқорлық, сыйластық, әдепсіздік, мейірімділік, жауапкершілік, шыдамсыздық, сабырлылық, ұстамдылық, қамқорлық. 2- тапсырма: Жағдаятты оқып , сұрақтарға жауап беріңдер.
Жедел жәрдем әжеді ауруханаға алып кетті Арман Ардақтан :Әжейді танисың ба? – деп сұрады. Ардақ ол әжейді танымаймын деді. 3.Сіз өз туған күніңізге ата-анаңыз планшет әпереді деп ойладыңыз. Ата-анаңыз сізге кітап дүкеніне кітап алу үшін купон сыйға тартты. Сіз ата-анаңызға не дейсіз? Неліктен?
Дескриптор:
| Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы суретпен және мәтінмен жұмыс жасайды. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Форматив ті бағалау
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
| |
Соңы | 1.Әрқашанда тыңдаймыз, Әкеменен ананы Еңбек етіп шыңдаймыз, Білім менен сананы Қайырмасы Біз тәртіпті баламыз, Айтқан тілін аламыз 2 рет Аман болсын Әке менен анамыз. 2.Мейіріммен шапағат, Анашымнан тарайды. Әділдікпен парасат, Әкешімнен арайлы. Қайырмасы Біз тәртіпті баламыз, Айтқан тілін аламыз 2 рет Аман болсын Әке менен анамыз. 3.Ата-ананың айтқанын Жадымызда сақтаймыз. Жарқыратып әр таңын, Сенімдерін ақтаймыз. Қайырмасы Біз тәртіпті баламыз, Айтқан тілін аламыз 2 рет Аман болсын Әке менен анамыз. |
| ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау
| Топтық тапсырмалар. | |
Кері байланыс | Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Оқушыларға «Ашық микрофон»кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
| Сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы білдіреді. | «Ашық микро фон»
| «Ашық микрофон» кері байланыс парағы | |