Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Тобы: ортаңғы топ
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Әдемі сағат»
Мақсаты:Балаларға сағаттың түрлерін көрсетіп таныстыру,оларды бір-бірінен ажырата алуға үйрету.Қолдың ұсақ моторикасын,зейінінің тұрақтылығын,ақыл-ой қабілеттерін дамыту.Балалардың сурет нәтижесіне қарап,жағымды сезімдерге бөлену қабілеттерін арттыру.Сурет салу арқылы балаларды тазалыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдістері: Түсіндіру, сергіту сәті, шығармашылық тапсырма, сұрақ – жауап;
Көрнекілік: Сағат түрлері, сурет салу кезеңдері.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: қағаз, қарындаш, қылқалам, гуащ.
Қостілділік компонент: сағат-часы-hours
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық – қызығушылық
| Балалармен сәлемдесу. Шаттық шеңбер! Біз қандаймыз,қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Ренжуді білмейміз Қуанамын мен де, Қуанасын сен де, Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге |
Балалар амандасты |
Ұйымдастыру-ізденушілік
| Аудио жазбаны таңдау -Сағаттың тықылдап жүргені естіледі. -Балалар бір нәрсенің дауысы шығады.Естіп отырсыңдар ма? -Бұл ненің дыбысы? Бейнероликті көрсету -Сағат тілінің жүргені көрсетіледі,сағат түрлері көрсетіледі. Кіріспе әңгімелесу: -Балалар сағат не қажет деп ойлайсыңдар? -Сағат уақытты көрсетеді.Қайталаймыз. -Егер сағат болмаса адамдар ерте оянбайтын еді.Сағат қашан тамақ ішу керектігін ,қашан далаға шығу керекетігін,қашан ұйқыға жату керектігін көрсетеді. -Балалар бізде де осындай сағаттар болсын десеңдер, суретін салып көрейік. Негізгі бөлім Үлгіні зерттеу. Орталықтарға бөліп жұмыстануға шақыру. (сандар арқылы бөліну) Балаларға дөңгелек кескінде салынған сағаттың суреті көрсетіледі.Сағаттың ортасы,сұлбасы бар,балалар сол сағаттың тілдерін жапсыру керек. (Көрсеткіш қолданылады)
Сергіту сәті: «Тық-тық» (Ырғақты,темпі баяу әуен жазбасы қосылады) Жүрсін сағат Біз сағатқа ұқсап Жүреміз тық-тық -Балалар орталықтарда алмасып жұмыстанады. Дидактикалық ойын: «Түстерді салыстыр» Балаларға слайдтан әр түрлі суреттер көрсетіледі,суреттерді мұқият қарап,сәйкес келетін түстерді тауып айтады.
|
Сағат
Балалар сұрақтарға жауап береді
Балалар үлгідегі суреттерге қарайды
Сергіту сәтін орындады
Ойынды қызығушылықпен ойнады
|
Рефлексивті-түзету
| Сағат бізге не үшін қажет? Біз оны қалай бейнеледік? Қандай құралды пайдаландық? Сендерге суреттерің ұнадыма? Балаларды мадақтау. Салған суреттерін бағалап, жұлдызшалар беру.
| Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады |
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Сағаттың түрлерін, түстерді атай алады.
Түсінеді: суретті еркін салуды, түрлі-түсті бояуды, берілген тапсырманы уақытылы орындау.
Қолданады: Кезең бойынша сурет салуды, нақты түстерді пайдалануды.