Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1234

Экономикалық есептер

 

Сабақтың  тақырыбы: Экономикалық   есептер

Сабақтың  мақсаты: Оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту, экономикалық қызмет барысындағы адамгершілік және іскерлік қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық:  Үйірме мүшелерінің экономикалық білімдері мен іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік: Үйірме мүшелерінің тәртіптілік, ұжымшылдық, ықыластылық, іскерлік, құнттылық, үнемшілдік сияқты қасиеттерін қалыптастыру, еңбекке  саналы қатынаста болуға, жұмысқа ыждағатты болуға, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру   кезеңі

Үйірме   мүшелерімен амандасып,   сабаққа  назарларын  аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І.  Ақша  қалай   пайда  болды?

ІІ. Ақшаның   қазіргі маңызы?

ІІІ.  Болашақта ақшаның түрі қандай болады?

ІІІ.  Негізгі  бөлім 

1-кезең  «Білім аукционы»

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім» - деген екен шығыс ғұламасы                  Әбу-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «ұлттық теңгеміз» арқылы жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 500 теңгеден бар. Бұл- бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту- өз қолдарыңызда.

Аукционға арнайы тақырыптарға  дайындалған есептер  қойылады.   Әр сұрақтың, яғни есептің   бастапқы бағасы- 100 теңге. Топ капитаны бағаны 100 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса- баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда- банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне  сүйеніп, «Білім аукционы» атты І- кезеңді бастайық. 

 

1-теңге

6 екі теңгелік және қалғандары бес теңгеліктерден   тұратын  ақшалар сомасы 42 теңге. Ақшалардың нешеуі бестеңгеліктер?

2-теңге

Үш тоқаш 30 теңге тұрады. 5 тоқаш пен 2 қорап тұз 80 теңге тұрса,1 қорап тұз қанша тұрады?

 

3-теңге

Белгілі бір жұмысты  орындағаны үшін  5 адам 3600 теңгеден жалақы алды.Осы жұмысты 3 орындап шықса неше теңгеден алар еді?

 

4-теңге

Қарбыз 4,8 кг, қауын 3 есе жеңіл. 2 қауын мен 1 қарбыз қанша кг?

 

5-теңге

2 теңгелік пен 5 теңгеліктер құралған  ақшаның сомасы 81 теңге  болады. 5 теңгеліктердің сомасы 2 теңгеліктердің сомасынан 9 теңгеге артық. Әр қайсысынан неше бақыр бар?

 

6-теңге

Қалам 8 теңге тұрады, кітап одан 4 есе қымбат.3 қалам мен 1 кітап қанша тұрады?

 

ІІ-кезең  «Кім  жылдам?»

І-топ  «575 теңгені   5 адам тең бөліп алу»

ІІ-топ «475 теңгені  5 адам  тең бөліп алу»

ІІІ-топ  «525 теңгені 5 адам тең бөліп алу»

ІІІ-кезең «Сату және сатып алу» 

ІҮ-кезең  «Кім тапқыр?»

          (Әр топқа   жұмбақтап сұрақтар қойылады,  жауабын білмесе, сұрақтарын  айқындай   түсетін қосымша ақпарат береді)

І-топ

  1. Ол - есептеу құралы болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, оның жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Мысыр, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. 
  2. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. 
  3. Бұл құралмен есептеулер оның  түзу, жіңішке сымға тізілген тастарын жылжыту арқылы жүргізілген.  
  4.  Осындай санау құралы қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрін осы күнге дейін де қолданады. 
  5. Бірақ, қазір қолданыста  көп кездеспейді, тіпті жоғалып барады десе де болады.
  6. Біздің кезімізде мектепке  санау, есептеу құралы ретінде апаратынбыз. Сатушылар сауда жасау үшін оны үнемі пайдаланатын. (Есепшот)

 ІІ-топ

  1. Ол - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ. 
  2. Ертеде   адамдар оны  әр түрлі тауарлармен   пайдаланды.
  3. Мысалға,  астық, мал, қымбат тастар және металдар.
  4.  Ұзақ уақыттар бойы  оның  есебінде алтын және күміс жүрді. 
  5. Соңғы ғасырларда алтын және күмістердң орнына қағаздап жүре бастады. 
  6. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды.
  7. Ол— жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар.   (Ақша)

 ІІІ-топ

  1. Ең алғаш оны 1963 жылы  Англияда    ANITA  деген  атпен шығарған екен. Латыншадан  аударғанда «счётчик» дегенді білдіреді.
  2. Бастапқыда ол өте   ауыр  болған,  ал қазір қалтаға салып жүре беруге болады.
  3. Базардағы сатушылар онсыз   күн көре алмайды.
  4. Онымен  барлық амалдарды  орындауға  болады. Бірақ   мен сендерге қолдануға тиым саламын,   себебі, оны пайдалансаңдар   көбейту кестесін ұмытасыңдар.
  5. Ол - кәдімгі есептеу  құралы. (Калькулятор)

Ү-кезең

«Тиімді келісім»

ІҮ. Бекіту

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»- деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен бүгінгі сайысты аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!

Ү.  Үй  тапсырмасы

 

Пайдаланылған  КВт

 Жарық

 Бір күнде  

Бір аптада

Бір айда

 

 

 

Үнемдеу

 

 

 

 

399 0
Ләйла Өтегенова, Қызылорда облысы Арал аудандының оқушылар үйінің, «Жас математик» үйірмесінің жетекшісі. № 001718
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: