Бұл зерттеу жұмысында қазақ тілі сабағында оқыту тілі орысша 7Т2 сыныбының 2 топшасында мәселеге бағытталған оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдылары жазылым жазу, шығармашылығын дамыту мәселесі туралы айтылмақ. Оқушылардың білім сапасын,шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында “Іс-әрекеттегі зерттеу” Аction research зерттеу жобасы аясында жүргізілген жұмыстың нәтижесіне тоқталғым келеді. Сыныпта жүргізілген зерттеу мәселеге бағытталған оқыту әдістерін қолдану барысында оқушының жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Зерттеудің тақырыбы: «Мәселеге бағытталған оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалай дамытуға болады?»
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыруға бағыттайды. Мәселеге бағытталған оқыту әдістері қолдану арқылы жазылым дағдылары қалыптасады.
Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады; Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады; Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді.
Туындаған сұрақтар:
1.Шығармашылық жұмысты,оның ішінде жазылым дағдысын, қалай қалыптастыруға болады?
2.Мәселеге бағытталған оқыту әдістері қолдану тиімді болады ма?
Қазіргі кезеңде қазақ тілінде білім деңгейіне қойылып отырған талап жоғары. Оқушы жалпы білім беретін мектепте дайын ақпаратты қабылдаса, зияткерлік мектеп қабырғасында өз бетімен білім алуға және оны өмірде қолдана алу дағдысы қалыптасады.Тіл мұғалімнің басты мақсаттарының бірі оқушының шығармашылығын дамыту болып отыр. Осы бағытта көптеген жұмыстар жасалып та жатыр.Іс-әрекеттегі зерттеу–тәжірибені жетілдіру, оқушының пәнге,тілге деген қызығушылығын арттырумен бірге қиындықтарын жеңуге көмектесу. Қазақ тілі мұғалімі ретінде қазақ тілі екінші тіл ретінде саналатын 7 «Д» сыныбының оқушыларының шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында зерттеу мәселесін анықтап,сол таңдалған тақырып төңірегінде зерттеу жасауды қолға алдым.Сабақ барысында жаңа оқу жылында келген сынып оқушыларын бір арнаға тоғыстырып,жекелей,жұппен,топпен жұмыс жасауға дағдыландырдым.
«Мәселеге бағытталған оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыта аламыз ба?» тақырыбын алып, зерттеу жасауды бастадым. Зерттеу жүргізуіме себеп: сынып ішінде жазылым дағдысының қалыптаспағанын байқауымнан басталды.Оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру үшін, белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерімен мәселелік сұрақтарды қолдануды дұрыс деп санадым. Сабақтарды белсенді әдіс-тәсілдерді және проблемалық оқыту әдістерін қолдануым оларға ойларын ашық жеткізуге, сыни көзқараспен ойлауға және жазылым жұмыстарын орындауына көмек болатынына уақыт өте көз жеткізе бастадым.Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бір-бірін үйретуге бейімделе бастады. Байқағаным оқушылардың бірін-бірі оқытқан кезде ақпаратты тез қабылдап, өзара бірлесе жұмыс жасау барысында белгілі бір нәтижеге жете алатынын аңғардым.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда әркез оқушының жас ерекшелігі мен қажеттілігін ескердім және шығармашылық тапсырманы жоспарлағанда, мәселелік сұрақтар мен жағдаяттарды басшылыққа алдым. Мұндағы мақсат өзім таңдап алған зерттеуді жүйелі жүргізу және көзделген мақсатыма жетіп,нәтижесін көргім келді. Мен бұл жоспарлаған іс-әрекетімді сабақта әртүрлі дерекөздерді пайдалану, саралау әдіс-тәсілдерін қолдану және оқушылардың іздену дағдыларын дамытуы үшін сабақтың тақырыбына қажет ресурстарды өздерінің де табуы арқылы жүзеге асырып отырдым. Алғашқы тоқсанда оқушыларым үшін жазылым тапсырмаларын орындауда қиындықтар туындады, себебі тапсырманы толық түсінбеуі, жазылым құрылымын білмеуі әсер етті. Сол үшін сабақ барысында жазылым тапсырмаларын орындатуда жазылымның алгоритімдерін ұсынып, оқушылардың дағдыларын дамытуды көздедім.
Эссе, әңгіме, күнделік, мақала жазудың жолдарын түсіндіу жұмыстары арқылы жолға қойдым. Бірінші кезекте дескрипторлармен бірге дайын шаблондар, тақырыпқа сай көркемдегіш құралдар мен жағдаяттарды беруді ұйғардым, себебі оқушыларда алдымен жазылым дағдысы қалыптасуы керек деп ойладым «Фишбоун», «SWOT», «РАФТ», «Кафель», «Үздік жазылым» сияқты әдіс-тәсілдерді шеберлікпен қолдандым. Қолданған әдістерім де оқушыларымның шығармашылық жазылым жұмыстарының ілгерілеуіне көмегін тигізді. Әдістердің балалардың білім сапасының артуына да өз үлесін қосқаны мені де, оқушыларымды да қуантты.
Оқушыларымның шығармашылығының артуының дәлелі Республикалық «Дарабоз» оқу орталығы ұйымдастырған «Ұстаз-ұлы тұлға» конкурсына мәнерлеп оқуда І орынға ие болып дипломмен марапатталды. Тілдер мерекесі аясында «Жүзден жүйрік сайысына қатысып, ІІ орынға ие болып грамотасымен марапатталды.
Оқушы марапаттары
Қазақ тілінен «Зият» VII жалпықазақстандық олимпиадасына 7 оқушы қатысып,жүлделі орындарға ие болып дипломмен марапатталды.
Сабақ барысында қолданылған мәселеге бағытталған оқыту әдіс тәсілдерін қолдану арқылыоқушылардың зерттеушілік,шығармашылық дағдылары жоғары деңгейге көтерілді. Болашақта оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамытуға әлі де болса әр түрлі тәсілдерді қолдану көп көмегін тигізері анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Қадірова «Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың проблемалары» – Алматы, 2005ж
2.Жексенбаева Ү.Б.«Зерттеушілік оқыту технологиясы »-Астана, 2006 ж
3. Әбілқасымова «Қазіргі заманғы сабақ» Алматы 2004 ж
4.Әлкен С. «Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу »2006 ж
5.Бітібаева Қ. «Педагогикалық технология талаптары» 2002 ж