Сабақ мақсаты: Оқушыларды музыкалық сауаттылыққа үйрету, интервалдардың ара – қашықтығын естіп, ажыратып, әндетіп үйрену.
Білімділігі: Оқушыларға музыкалық сауаттылықты үйрете отырып, сұрақ – жауап арқылы білімділігін арттыру.
Дамытушылық: Тақырыпты түсіндіре отырып, оқушылардың ой тұжырымдарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың жан тербелісін оятып, өнерге деген сезімдерін аша түсу.
Дамуы: Өте маңызды мақсат оқушының теориялық сауаттылығын арттыру, қабілетін дамытып, музыкалық жаттығуларды сезіммен орындаушылық қабілеттеріне жету.
Сабақтың барысы:
Интервалдар.
Интервал дегеніміз - екі дыбыстың ара қашықтығы. Қарапайым 8 интервал бар. Прима, секунда, терция, кварта, квинта, секста, септима, октава. Интервалдардың 3 түрі бар; таза, кіші, үлкен. Таза интервалдар төртеу. Олар: прима, кварта, квинта, октава. Қалған төрт интервалдардың үлкені және кішісі болады.
Прима – бірінші интервал. Бір дыбыстың қайталануы. т 1 деп белгіленеді, тондық құрамы 0 тон.
Секунда – екінші интервал. Екі дыбыстың ара қашықтығы. Секунданың кішісі және үлкені болады. Кіші секунда – к 2 деп белгіленеді, тондық құрамы 0,5 тон. Үлкен секунда – ү 2 деп белгіленеді, тондық құрамы 1 тон.
Кіші интервалдар минор яғни мұңлы болып әндетіледі және естіледі. Ал, үлкен интервалдар мажор яғни ашық және көңілді естіліп, әндетіледі.
Терция – үшінші интервал. Үш дыбыстың ара қашықтығы. Терцияның кішісі және үлкені болады. Кіші терция – к 3 деп белгіленеді, тондық құрамы 1,5 тон. Үлкен терция – ү 3 деп белгіленеді, тондық құрамы 2 тон.
Кварта – төртінші интервал. Төрт дыбыстың ара қашықтығы. Кварта таза интервал. т 4 деп белгіленеді, тондық құрамы 2,5 тон. Кварта бұйрықты болып естіледі.
Квинта – бесінші интервал. Бес дыбыстың ара қашықтығы. Квинта таза интервал.т 5 деп белгіленеді, тондық құрамы 3,5 тон. Квинта нәзік естіліп, әндетіледі.
Секста алтыншы интервал, алты дыбыстың арақашықтығы. Секста кіші және үлкен болады.
Кіші секста– к 6 деп белгіленеді, тондық құрамы 4 т.
Үлкен секста– ү 6 деп белгіленеді, тондық құрамы 4,5 т.
Септима жетінші интервал, жеті дыбыстың арақашықтығы. Септима кіші және үлкен болады.
Кіші септима– к 7 деп белгіленеді, тондық құрамы 5 т.
Үлкен септима– ү 7 деп белгіленеді, тондық құрамы 5,5 т.
Октава 8 – ші интервал. Ол таза болады. т 8 деп белгіленеді, тондық құрамы 6 тон.
Үйге тапсырма: интервалдарды әндетіп ажырату.
Қорытынды: Сольфеджио пәні – музыкалық білім беру пәндер аралық ішіндегі негізгісі болып саналады. Музыка теориясының негізі – музыкалық білімнің ғылыми қалыптасқан қағидалары мен тәсілдерін жазып оқуға үйретеді. Демек, музыка теориясы – музыка ғылымының өзіне тән түпкі тамыры болып есептелінеді, сол себептен де бұл пәнге ерекше көңіл бөлінген жөн.Бұл пәннің мақсаты жас ұрпақтарды, болашақ музыка мамандарын жан – жақты біліммен оқушылардың білім деңгейін көтеруге көмегін береді.Педагогикалық оқыту – үйрету тұрғысынан алғанда болашақ музыкантты сауаттылығын арттырып, эстетикалық талғамын өсіріп, өнер тағылымдарын үйренуінде жеке мамандық сабағы және сольфеджио сабағы тығыз байланыста болу керек. Әуендетіп үйренуден басталып, одан әрі есту, ұғу қабілеттері арқылы есте сақтай отырып, талдау, даму жолдарын қалыптастыру.