Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1204

Математика сабақтарында оқушылардың математикалық сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту

ХХІ ғасыр – бұл ғылым мен техниканың даму деңгейі қарыштап өскен уақыт кезеңі. ХХІ ғасыр адамы: сапалы және терең білім, іскерлік, белсенділік, шығармашылық қабілетті, кеңінен және терең ойлауға негізделген. Сондықтан да мектептің әрбір түлегі ғылыми көзқарастағы, белсенділігі мол, ұшқыр ойлы – интеллект иесі болуы тиіс.

  Қазіргі білім берудегі басты ұлттық және адамзаттық құндылықтармен бірге жас ұрпақтың білім деңгейін көтеруге және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруға, кәсіби шыңдауға бағытталған. 

Осы маңызды мәселелерді шешуде математиканың орны ерекше. Сабақ барысында ғылым мен практика жетістіктері негізінде:

  1. шәкірттердің білім алуға құштарлығын арттыру
  2. өздігінен креативті ойлауын жандандыру
  3. еңбектенуге баулу
  4. жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.

Адамдар өзіне жауапкершілік алуға дайын. Өздеріне сенім білдірген кезде, олар жарқырап, ашылып жетістіктерге жете бастайды. Ал, егер оларға қолынан ештеңе келмейтін кішкене бала сияқты қарым-қатынас жасайтын болсаңыз оларға өмір бойы қамқорлық жасап, барлығын өзіңіз әзірлеп беруге дайын болуыңызға тура келеді. Бедел мен жауапкершілік қатар жүрген болса, адамдар тамаша креативтілік қасиеттерін көрсете бастайды.

Адамдар өздерін қоршаған құрылымы мүмкіндік беретін дәрежеде ғана креативті бола алады. (Уоррен Р.)

       Креативтілік заттар арасындағы байланысты орнату ғана емес, басқалар байқамаған айрықша нәрселерді байқай білу. Өмірден түйгені көп, басқалардан көбірек ойланатындықтан, жаңа бірнәрсені жасап шығара алуы бар шығармашыл адамдар. (Стив Джобс)

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы жолға қойылып отыр. Оқушылар өзін және өз іс-әрекеттерін басқалармен салыстырмай және өзгелерге еліктемей өзіндік түсінігімен өз көзқарасын білдіруде басқалардың пікірлеріне тәуелсіз болуды үйренуі керек. Ойлау деңгейінен тәуелсіз ойлауға дейін дамыту және жетілдіру қажет. Математика сабағында мұғалім генеративтік тақырыптарды зерттеуді қолға алуы тиіс. Олар:

  1. математика және экология
  2. бизнестегі математика 
  3. аспаз мамандығы және математика
  4. күнделікті өмірдегі математика
  5. математика және көркемөнер

Бұл сабақтарда білім берудегі: түсініктер, фактілер, теориялар өмірмен тығыз байланыста және оқушыға түсінікті әдіс-тәсілдер мен құралдар арқылы дағдыны қалыптастыруда қолжетімді болуы тиіс. 

Сабақ – мақсаты мен міндетін жүзеге асыратын мұғалімнің шығармашылық еңбегінің жемісі. Отыз жылдан астам тәжірбиемде математика сабағында оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіс жасауға бағыт беремін. Бұл ойын немесе жұмыс үстінде есептеп табу процесстерімен жүзеге асады. Сабақтағы тапсырманың бірнеше түрін жан-жақты даярлау оқушыны шығармалыққа бейімдейді. Сабақ сапасын көтеруге жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, ақпараттандыру өз нәтижесін береді. 

Мектеп: №

Мұғалімнің аты-жөні: Абуталипова Г

Пәні: математика

 

 

Сынып:5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Күні: 

Сабақтың тақырыбы: 

Пайызға мәтіндік есептер шығару

Оқу бағдарламасына

сілтеме

5.4. А Процент

5.5.1.6 пайыздық  мәтіндік есептер шығару

Сабақ мақсаты

Пайызға берілген  мәтіндік есептер шығару біліктіліктерін дамыту..

критерийлері

Барлық оқушылар: Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу формулаларын біледі;

Көпшілік оқушылар: Мәтіндік есептер шығаруға формулаларды қолданады

Кейбір оқушылар:Ойды нақтылайды, қорытынды жасайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Пайызға арналған мәтіндік есептерді оқиды,талдайды,сипаттама жасап, жазады

Пәндік лексика мен терминология:       

Пайыз, пайызы бойынша сан, берілген санның пайызы, екі санның бүтін бөлігінің пайызы, пайызды қолдану есептері.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:        

Берілген санның пайызын табу үшін:....

Пайызы бойынша санды табу үшін...

Құндылықтарды

 Оқып білу дағдысы: ақпаратты іздеп табу, әрекеттерді талдау,айырмашылығын сараптау,интеграциялау, ақпаратты генерациялау ( деңгейлік сипатын бағалауы мәселе қойып , шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақыт тиімділігін ұйымдастыра білу

Пәнаралық байланыстар

 

Пайызға байланысты білімі мен білік дағдылары физика, химия, экономика пәндерін оқу  барысында     қажетті,  өмірде  қолдануда     практикалық  маңызды  болып

табылады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта ( презентация таныстыру үшін) қолдану, тақтаны жазу  құралы ретінде олдану.

Бастапқы білім

Шамалардың қатынасы, үлес, жүзден бір бөлігі, пайыз ұғымдарын біледі.

 

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың  басы

0-2 мин

2-6 мин

I.                     Ұйымдастыру кезеңі.

-           оқушылардың көңіл күйі, назарын шоғырландыру;

-           оқушыларды топқа бөлу («бағдаршам»)

-           оқушымен оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын  анықтау.

оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында             күтілетін нәтижелерді анықтау

-           «Миға шабуыл»

            Оқушылар «Мен саған сенемін!» бірін-бірі дәптер тексереді, смайликтермен бағалайды.

Пайыз 

20%

 

120%

 

73%

 

 

Ондық бөлшек 

 

0,25

 

 

 

0,8

 

Жай бөлшек

 

 

 

3/5

 

 

1/8

№        Дескриптор

1          Берілген  пайызы бойынша санды  табады

2          Табылған сан бойынша пайыздың санын анықтайды

3          Есептің жауабын жазады

4          өз жауабын негіздейді

Түрлі түсті стикерлер

Сабақтың ортасы

7-12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-20 мин

 

 

 

 

ІІ. Білімді өзектендіру.  Мұғалім: 

Пайыз ? Пайызы бойынша санды табу ,?Санның пайызын табу ережелерін оқушымен қайталап алады.

Оқу сауаттылығы:

Мұздықтар құрлықтың 11 Мұздықтар тұщы судың 97%, таулар жеріміздің 10% . Жер бетінің 29,2%  құрлық алып жатыр.Жер бетінің қанша пайызын су алып жатыр? (71,8% ын су алып жатыр)  Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Халқымыз ежелден суды қастерлеп, «Сулы жер – нулы жер», «Су – табиғаттың айнасы» деп, суды ерекше бағалай білген. Су баға жетпес байлық, барлық тіршіліктің негізі. Олай болса тіршіліктегі судың қажеттілігін байқап көрейік:

                                    Тапсырма №1

а) Адам массасының 65% -ы су, адам массасының қандай -бөлігі су?                13/20 бөлігі 

б) Картоп массасының 4/5-і су,картоп массасының неше пайызы  су?           80%

в) Алма массасының 0,85-і су, алма массасының неше пайызы су?        85%

Дайын жауаптар арқылы өзара тексереді.(тақтадағы жауаптар)

    

Құстардың ұшу биіктігін анықтаңыз. 

  1. Бүркіт бәрінен жоғары ұшады

 

-

  1. Тырна шағаладан жоғары ұшады

+

 

  1. Шағала бүркіттен төмен ұшады

+

 

  1. Шағала бәрінен төмен ұшады

+

 

Тапсырма №2

Шағала 2000м биіктікке, бүркіт оған қарағанда 5% жоғары, ал тырна шағала мен бүркіттің ұшу биіктігін қоса алғандағы биіктіктің 31/41-іне көтеріледі. Бүркітпен тырна қандай биіктікке көтеріледі?

 

ІІІ. Ойлан!Жұптас! / берліген есептегі бірінші сұраққа жеке ойланып жауап береді, екінші сұрақты жұптасып орындайды/ Математикалық сауаттылық (креативті ойға жетелеу)

“Иә” және “Жоқ” деген жауаптарды белгілеңіз.

Дұрыс жауап: Жоқ, Иә, Иә, Иә 

Шағала 2000м 

Бүркіт 5% жоғары 

Тырна ?

Шешімі: 2000х0,05=100м               2000+100=2100м                  2000+2100=4100м

4100х31/41=3100м 

Жауабы: бүркіт 2100м, тырна 3100м                   

Презентация

 

 

 

 

Қосымша №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №2 

№917 оқулықтан

21- 23мин

 

 

 

 

24-36 мин

Ой сергіту 

5          6              30                              (75)  (31)?

5          4    9

4            2            2

Жауаптарын негіздейді. Жауабы: (7-2)*(3+1)=8

Креативті ойлауды дамыту 

Тапсырма №3        «Кабельді телевизия» /топтық жұмыс/

Төмендегі  кесте  бес     елге  арналған  теледидарлары  бар

отбасылар   туралы   деректерді   көрсетеді.   Ол      сондай-ақ

теледидарлары   бар   және      кабельді   телевизияға   қосылған отбасылар бойынша пайызды да көрсетеді.

.Қосымша №3           


1 – сұрақ. Кабельді телевизия Кесте Швейцарияда отбасылардың 85,8% -да теледидар бар екенін көрсетеді. Кестедегі ақпаратқа сүйене отырып, Швейцариядағы отбасылардың жалпы санының жуық бағасы қандай?

 

A. 2,4 млн.

B. 2,9 млн.

C. 3,3 млн.

D. 3,8 млн.

жауабы: С

 

2 – сұрақ. Кабельді телевизия Кевин кестеден Франция және Норвегия жөніндегі ақпаратты қарап отыр. Кевин былай дейді: «Екі ел үшін де теледидарлары бар отбасылар пайызы бірдей болса да, Норвегияда кабельдік телевизияға қосылған отбасылар саны көбірек». Бұл пікірдің неліктен дұрыс емес екенін түсіндіріңіз.   Өз       жауабыңды негіздеңіз.

..............................................................................................................

...........................................

.......................................................................................................

Дұрыс жауап: Кевин екі елде теледидарлары бар барлық отбасылардың нақты санын назарға алуы тиіс деген жауап. Оныкі дұрыс емес, себебі Францияда 22 млн.- нан астам отбасыда теледидар бар.

•          Себебі Франция халқы Норвегияға қарағанда 10 есе дерлік көп.

•          Себебі Францияда теледидары бар халық саны айтарлықтай көп, сондықтан, сәйкесінше, кабельді телевизияға да қосылғандар саны көп болады.

•          Себебі Францияда (24,5 × 0,154) = шамамен 3,7 млн. отбасы кабельді телевизияға қосылған, ал олардың Норвегиядағы саны шамамен 0,8 млн. отбасы (2,0×0,427). Францияда кабельді телевизияға қосылғандар саны көп.

 

«Екі жұлдыз ,бір тілек».

 

Сабақтың соңы

4 мин

 

Рефлексия. Қ/Б

Пайыз 

 

25%

 

 

73%

80%

 

Ондық бөлшек 

0,2

 

1,2

 

 

 

 

Жай бөлшек

 

 

 

3/5

 

 

1/8

Жауаптарын стикерге жазып¸жабыстырыңыз.

 

Үй тапсырмасы. №909, 913, 916

Стикерлер

 

Саралау

Саралау оқушылардың жеке

қабілеттерін ескере отырып оқу

материалын және ресурстарды

іріктеу жеке қолдау, оқушыны

қамтамасыз ету, жұмыс

орындарын іріктеу, нақты

оқушыға күтілетін нәтиже көрсетілген болады.Саралау

арқылы оқушыларға көбірек

қолдау көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға

жоғары деңгейдегі тапсырмалар

ұсынылады

Бағалау

Осы   бөлімді   оқушылардың   материалды   меңгеру

деңгейін  қалай  бағалауды     қолданғаныңызды    және

пайдаланылған әдістерді жазу үшін қолданыңыз.

Оқушылардың өзіндік бағалануы. Мұғалімнің сабақ

бойы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау –

формативтік бағалау

Пәнаралық

байланыс,

денсаулық және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу

мақсаттары дұрыс қойылған.Оқушылар проблемалық жағдай туғызу арқылы сабақ мақсатын және оқу мақсатын ашады. Оқушылардың

барлығы ОМ қол жеткізді.

 

Барлық оқушының өзін

толғандырған сұрақты талдап

және түсінуге мүмкіндігі

болады.

 

Сабақта саралау дұрыс

жүргізілді. Оқушылар

бастапқыда практикалық

тапрсырмалар орындайды,

сосын тапсырмаларды өз

беттерімен орындайды.

Мұғалім тарапынан саралауға

сәйкес сұрақтар қойылады.

Сабақтың уақыттық кезеңдері

сақталды.

Бұл бөлімді сабақ бойынша өз пікіріңізді жазуға пайдаланыңыз. Сол жоқ бағандағы өз сабағыңыз туралы негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Сабақтың нақты, қол жеткізуге мақсаттары, оқушыға түсінікті тұжырымдалған анық тілдік алдын-ала жоспарлау оқыту нәтижелері болып табылады.

 

Бұл сабақта орындалған тапсырмалар оқушыларды салыстыруға, себептері мен салдары іздеуге, сол арқылы ғылыми-зерттеу дағдыларын және сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға үйренеді.

 

 

Бұл сабақтың жақсы сәттері оқушыларды сабақта белсенді жұмысы

үшін мадақтау маңызды - бұл сыртқы ынталандыру негізгі

жақтарының бірі болып табылады. Сондай-ақ келешектегі

жұмысын жоспарлауда оқушыларға көмектесу - кеңестер,

ескертулер, ұсыныстар болып табылады.









 

889 0
Абуталипова Гулзада Узбековна №256 жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі № 001808
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: