Білім саласы: | Қатынас | ||
Оқу іс-әрекеті: | Көркем әдебиет | ||
Тақырыбы: | «Үйшік ертегісі» (мнемотехниканы қолдану) | ||
Мақсаты:
| Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын мнемотехника тәсілдері арқылы тіл байлығы дамыған, жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Тілін ерте жастан дамыту Қоршаған ортаға көзқарастарын қалыптастыру Қарапайым тілмен өз ойын жеткізе білуге машықтандыру | ||
Білімділік: | Балаларға ертегі барысын эмоционалды қабылдауды, мнемотехника әдісі арқылы кейіпкерлерді тануға үйрету. Әңгімелеу барысында ойларын байланыстырып жеткізуге,сөздік қорларын ертегі мазмұнына сәйкес пайдалана білуді жетілдіру.
| ||
Дамытушылық: | Балаларды ертегі мазмұнын берілген кейіпкерлердің тірек суреттер арқылы ,өз қиялдарымен әнгімелеуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін арттыру,тапқырлыққа баулу. | ||
Тәрбиелік: | Ертегі кейіпкерлерінің жағымды,жағымсыз қасиеттерін көруге,олардың іс-әрекеттерін бағалауға үйрету. | ||
Әдіс-тәсілдер:
| ғажайып сәт, мнемотехника арқылы ертегіні мазмұндау. Сұрақ-жауап,ойын «Кім тапқыр» | ||
Сабақ барысы: | |||
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті | |
Мотивациялық қозғаушы:
Ұйымдастырушылық ізденушілік кезеңі:
Рефлекстік реттеуші:
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Игереді:
Меңгереді: |
Тәрбиеші:Топқа тәрбиеші сиқырлы қалта ұстап келеді.Сиқырлы қалта ішінде үйшік ертегісінің кейіпкерлері салынған.
Ертегіні есіне түсіріп, талқылау. -Ертегі қалай аталады? -Үйшікте қандай жануарлар бар? -Ертегіде тышқанды,бақаны,қоянды, қасқырды,аюды қалай атайды? Тәрбиеші сиқырлы дөнгелектер назар аударады -Балалар мына ақ қағаздан не көріп отырсыздар? Бұл дөңгелектер жай дөңгелек емес,сиқырлы дөңгелектер.Бұл дөңгелектерді ертегі кейіпкерлеріне айналдырамыз. -Ең бірінші үйшікке не келді? -Бірінші дөңгелегімізді тышқанға айнал дырайық,құйрығын салайық. -Екінші болып кім келеді? -Бақаның аузы үлкен.Аузын салайық. -Бақадан кейін не келді? Қоянның құлағы қандай? -Ұзын құлақ салайық,Шеңберді қоянға айналдырайық. -Ал түлкі қандай?Құйрығы қандай? -Түлкіден кейін қай аң келеді? -Қасқырдың тісі қандай? -Аю қандай?Аюды қалай атайды? Балалар тәрбиешінің көмегімен суреттерді тану арқылы ертегіні айтады. Сергіту сәті: Алаңда үйшік Есікте құлып Сәулетті үйшік тым жақсы Үйшікте кім бар тіл қатшы Тук,тук,тук. Тәрбиеші балаларға кейіпкерлерінің тірек схемалар бойынша ертегіні аяқталуын өзгертіп,қиялымен әнгімелеу.
Д/о « Кім тапқыр» Ойының ережесі:балаларға лентатағы тірек суреттер беріліп жануардың екінші бөлігін немесе сәйкес келетін тірек белгілерін тауып,сызық арқылы қосу.Мысалы: қоянның ұзын құлағы-кішкентай құйрық,торғайдың тұмсығы-т.б
|
Сиқырлы қалта қызыға қарайды.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. інқазған- тышқан бақылдауық-бақа желаяқ-қоян Түлкіжан-сіңіліжан Көкжал қасқыр Қорбанбай-аю Балалар назарын сиқырлы дөңгелектерге аударады. -Бұл қағаздан дөңгелек көріп отырмыз. Бірінші болып інқазған- тышқан келеді. -Екінші болып бақылдауық-бақа келді. -Бақадан кейін желаяқ-қоян келеді. Түлкіжан-сіңіліжан келеді. -Түлкі қу,құйрығы ұзын. Көкжал қасқыр келеді. Балалар суретке қарап ертегіні айтып береді. Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Балалар қызығушылығымен ойнайды.
Ертегі мазмұнын;
Ертегі кейіпкерлерінің жағымды,жағымсыз қасиеттерін көруге,олардың іс-әрекеттерін бағалауды;
Балаларға ертегі барысында эмоционалды қабылдауды,модельдеу әдісі арқылы кейіпкерлерді тануды;
| |