Қазіргі таңда әрбір ата - ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр - түрін әперуден ата - ана жалықпайды. Өкінішке орай, көздiң жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Кытай мемлекетінен әкелінеді. Алайда кейбір ата - ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенiнен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейдi немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала ағзасы зиянды әсерге ұшырайды. Ойын бала үшін - нағыз өмір. Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын -ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»- деп айтқандай баланың өмiрiнде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан - жақты тәрбиелеу кұралы. Баланың ойыншықпен ойнай отырып, дуниетанымы қалыптасады, қимылы дамиды, қолдарымен саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Ертеректе заманның қысыл-таяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлi жануарлармен, ал әжелерiміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазiрде тәуелсiздiгiн алған Қазақстан ұрпақтары үшiн ойыншықтар қолжетiмдi дүние. Қазіргі таңда базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын сан-алуан ойыншықтар бар. Әдемi қуыршақтары түрлі - түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті атыс - шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгiнде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейдi. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық ойынына шыдас бермей, әп-сәтте сынып істен шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген ойыншықтардың кұрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Европа мемлекеттері дабыл қағып қана қоймай, қарсы шаралар қолданып жатыр. Мәселен, бүгiнде аспан асты елiнде шығарылған ойыншықтарды Солтүстік Америка мен Австралияның дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей елдерi Қытай ойыншыктарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялык заттардың мөлшерден артық көптігін аныктаған соң ойыншыктарды кері қайтарып, тiптi, осыған байланысты арнайы заң кабылдаған болатын.
Мысалы, Ресейде «Балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен кадағалау тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң қабылданып, күшiне енді. Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы кауiпсiздік ережелерін нығайтуға күш салынады .
Өкінішке орай, басқаларға керексіз болып қалған осы ойыншықтар бiздiң елiмiзге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып келіп жатыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, сауда орындарына шығатын ойыншықтардың 80-90% Қытайдiкi көрiнедi .
Әлемдік брендтердің өнімдерін көшірумен белсенді түрде айналысып отырған Қытай кәсіпорындары сапаға емес, санға мән беруде. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін ойыншықтарға алданып, онда қандай қатердің бұғып жатқанына аса мән бере бермейміз.
Кытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі мемлекеттікимекемелерде жасалып, елімізге ресми түрде әкелiнiп, тексеруден өтiп, сапасы жөнiнде - зауытта сертификаты бар тауар. Олар негізінен жүк түрінде әкелiнiп, сертификат органына зерттеуге жіберіледі. Бұл ойыншыктардын құжаты болғандыктан кез-келген дүкен қиындықсыз алады. Ал, екіншісі заңсыз әкелінген ойыншыктардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды көбіне дүкен алмайды. Сондыктан ондай тауарлар базарда сатылады.
Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар балалардың ағзасына зиянын тигізіп ортыр. Мамандардың айтуынша, Қытайдан келген ойыншықтар халыкаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Олардың кұрамындағы зиянды химиялық заттар: фенол бекiтiлген нормадан 1,2-1,4 есе: қорғасын кадмий 1,6-4,0; формальдегид 1,2-4,1 есе артық. Химиялық зиянды заттар 1,7 есе артық.
Формальдегид өте улы зат, өлі денелердi сақтауға пайдаланылады. Бірақ сөйте тұра, осындай улы заттардың жиынтығымен сәбилер күнде ойнайды. Фенол формальдегид теріге тез сiңiп, бала жүйкесіне әсер етеді. Дәрігерлер сәбилер арасында бұл күнде әртүрлі аллергия ауруының да күрт көбейіп отырғанын жасырмайды. Оның бiр себебiн қытайлық ойыншықтардан іздесек, адаспаймыз.
Ауыр металл тұздары кадмий, қорғасын улы химиялық заттардың кұрамына кіреді. Мәселен, кадмий тыныс алу жолдары мен асқазанға зиянды әсер етсе, қорғасын ағзада жиналып, созылмалы улануға себеп болады.
Ойыншықтардың негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан ата-аналар көп жағдайда хабарсыз.
Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез-келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшырытады. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоймай асқазан, ішек дерттерінеде ұшыратады.
Еліміздегі базарлар мен дүкен сөрелерін арзан әрi сапасыз ойыншықтардың жаулап алуының нәтижесінде омыртқасы қисық, керең, иіс сезу мүшесi әлсіз ауру буын өсіп келеді . Әрине, жас балғын сәби мына әлемдi ойыншық арқылы таниды. Осы жансыз бейнемен сырласады, олардан баланы бөліп алу қиын. Сондықтан ойыншықтарды дұрыс таңдай білу әрбір ата-ананың міндеті. Ойыншық алар кезде қауіпсіз ойыншықты ажырата білуді үйрену қажет. Ең алдымен, сатушыдан өнiмнiң санитарлық анықтамасын сұрап, одан кейін бағасы тым арзан ойыншықты алмаған дұрыс. Сонымен қатар ойыншықты алдымен иіскеп көру де маңызды. Иiсi тым өткір ойыншықты алудан бас тарту қажет.
Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Отандық ойыншықтарды өндіріп шығаруға баса назар аудару керек. Өскелең ұрпактың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына оның қолындағы ойыншықтарының тигізетін әсері мол.
Отандық ойыншық өндіретін зауыттар көптеп ашылып, ойыншықтың бағасы барлық балалар сатып алатындай қол жетімді болуы өте маңызды.