Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1199

Жаңартылған бағдарлама бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.

Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де,

болашақтың дидарын көзге елестету үшін де

 кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Тарихты оқып білу әрбір азаматтың міндеті.Бүгінгі сүрген өмірің ертеңгі тарихқа айналатыны хақ,сондықтан әрбір адамның жүріп өткен жолы мен сүрген өмірі оның артында қалған ұрпағы үшін маңызды болуы керек.Ата-бабаларымыздың тарихын білу,жалпы қазақ халқының тарихын білу біздің ұрпақ үшін өте маңызды да міндетті. Ұрпағымыздың еліне,жеріне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін ояту үшін де қазақ  елінің тарихын білу оны қызығып оқу жетіп жатыр.Жүректері елім үшін деп соққан батыр қыздарымыз бен жігіттеріміз қай заманда да болған,сол ата-бабаларымыздың ерлігін еліне деген жанкештілік істерін қазіргі ұрпаққа айтып жеткізу,санасына сіңіру біздің парызымыз. Қазiргi дамыған заманда  оқушылар үшiн бiлімнің мәнi маңызды екені белгiлі. Оқушыларымыздың келешекте табысты болуын қамтамасыз ету үшiн оқыту мен оқуды ұдайы арттырып отыруымыз қажет. Бiрыңғай тестiлеу жүйесi елiмiзде жыл сайын жетiлдіріліп келедi. Әр жылғы тест жүйесi мектепте бiздің қалай оқытып жатқанымыз бен мектеп бiтiрушілердің нені талап ететінi арасындағы алшақтықты анықтап бередi. Бұл жағдай әр мұғалiмнен ҰБТ-ға дайындаудың тиiмді әдіс-тәсілдерiн шебер меңгерудi талап етедi. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзiлiк дамудағы адамзаттың орны ерекше екендiгiн, ол жасаған бүкiл әлемдiк құндылықтарды бiлетін, оларды өз Отаны- Қазақстанның дамуы үшiн пайдалана алатын, ынталы, жан-жақты жетiлген, өзiнiң қоғамдағы орнын түсiнетiн азаматтарды қалыптастыру. Бұл мiндеттің орындалуында Ұлттық бiрыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Қазақстан тарихы пәні үлкен ауқымды уақытты қамтитын, қиын да күрделi пән. Себебі: көптеген хронология, тарихи терминдер, кiсi есімдері, қоныстар, жыл, ай аттары, сандар көптеп кездеседі. Оқушылар ҰБТ кезінде осылардан қателiктер жiбередi.  Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзiндік әдiс-тәсiлдері болады. Жалпы оқушыларды ҰБТ-ға дайындауды мен бесінші сыныптан бастаймын.Алдыма келеген оқушыларғы мен оқу жылынан бастар Қазақстан тарихы пәнінен қосымша «хронологиялық сандар» дәптерін бастатып күнделікті сабақта өткен тақырып бойынша даталарды жазғызып оның жауабын қасына жазғызып отырамын. Хронологиямен жұмыс оқушыларды тарихи оқиғалардың өткен уақытын есте сақтауға дағдыландырады.

Тоқсан соңында әр оқушыдан сынақ алып өткен материалдарды толық еске түсіру арқылы қайталатып отырамын.Өткен тақырыптарды үнемі еске түсіріп қайталау арқылы оқушылардың еске сақтау қабілетін дамытуға болады.Үнемі қолданатын екінші тәсілім әрбір болған оқиғаға сын түрғысынан қарап әр оқушының «егер оның орнында сен болсаң не істер едің» деген ашық сұраққа жауап алу, яғни оқушының болған оқиғаның ішінде болған жағдайда қандай амал қолданар едің деп өз ойын толық жеткізуге мұрша беріп оны қалған оқушылармен пікір таластыра отырып талқылауымыз.Бұл екінші әдіс оқушылардың функционалды дамуына, жіберген қателіктеріне сыни көзқараспен қарап күнделікті өмірде де жібереген өз қателігін өзі түзеуіне мүмкіндік береді.Үшінші үнемі қолданатын әдісім сабақтың басында үй жұмысын сұрамастан бұрын тақтаға оқу жылы басынан бастап өткен тақырыптардың даталарын іліп «сандар сөйлейді» әдісін қолданамын.Оқушылардың жас-ерекшеліктерін ескере отырып тілдік мақсаттарды дамытуға байланысты көру,есту,жазу дағдыларын дамыту мақсатында осы тақтадағы даталарды сөйлету арқылы есте сақтау қабілетін арттырамын.Келесі үнемі қолданатын әдісім ол әр оқушыға әр   тақырып бойынша тест тапсырмаларын өздері құрастырып келуге тапсыру.Келесі сабақта құрастырып келген тестерін оқып оның жауабын жатқа айтады немесе сабақты бекіту кезінде әр оқушы өзінің құрастырған тестерін бір-біріне беріп білімдерін тексереді.Бұл әдістің тиімділігі оқушы теспен жұмыс жасай алады және оны өқұрастыру үшін іздене жұмыс жасайды. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс iстеу әрекеттерi және есте сақтау қабiлеттері арттады. Тест тәсiлдерi оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек Тарихи терминдермен де жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету-мұғалiмнің басты мiндетi. Заманауи тәсiлдің ең негiзгi ерекшелiгi оқушылардың алған бiлiмдерiн жай ғана иеленiп қоймай, оларды орынды жерде қолдана бiлулерi керек. Қосымша сабақтарда көбіне «дөңгелек стол», «Дебат», «Ашық микрафон» әдістерін көп қолданамын Бұл жерде оқушылардың сөйлеуіне ерік беремін өз ойларын еркін жеткізулеріне, тығырықтар шығатын жолдарды өздері іздеуіне, топта өздерін лидер ретінде көрсетулеріне,жанындағы достарына көмек бере отырып топты алға алып шығуларына көп көңіл бөлемін.Жалпы Қосымша сабақтың мақсаты – оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету.Қосымша сабақтың міндеттерi – оқушылардың сабақта алған бiлiмдерiн тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгiштiк пен жауапкершiлiкке тәрбиелеу.

Күтiлетiн нәтиже – ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету.

Жиырма бес жыл еңбек өтілімде талай оқушыларды ҰБТ-ға дайындап түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін.Басында болған 30 сұрақтан 25 –ке түстік қазіргі таңда 15 сұраққа түсіп отырмыз. Қазіргі таңда  мемлекетіміз анағұрлым жүйелі шешімге келді—ҰБТ ны екі кезеңге бөлді. Біріншісі, тек орта мектеп үшін қорытынды бағаға бағдарланады. Ол ауызша өтеді. Ал екіншісі—тек  жоғары оқу орындарына қабылдану үшін қолданылады. Ол сынақ  тест түрінде алынады.Сондай ақ қазіргі тесттің ерекшелігі бұрынғы бір жауабы дұрыс  тестпен қатар сәйкестендіру және бірнеше дұрыс жауапты тестер және контекст тапсырмалар енгізілген. Бұл оқушылардан мектепте ауызша емтиханға ал, жоғары оқу орнына түсу үшін тестке дайындалуды қажет етеді. Яғни дайындықты екі есе күшейту керек деген сөз.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі.Кейінгі кезде кездесетін контест тапсырмалар мені біраз ізденуге мәжбүр етті. Бұл контекстер оқушыларға біраз қиындықтар туғызды сондықтан мен «ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ.

ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕГЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ МЕН АЙТҚАН ТҰЖЫРЫМДАРЫ.(жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған оқу-әдістемелік құралы) атты оқу-әдістемелік құралын жазып шығардым.Бұл оқу-әдістемелік құралда ежелгі Қазақстан мен жаңа Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбектері мен тұжырымдарының жинағын біріктіріп оқушыларға ҰБТ-да кездесетін контекст сұрақтарға дайындалуға арналған таптырмас құрал болып табылады.Бұл құралда сақ дәуірінен бастап қазіргі Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбектері айтқан тұжырымдары және қосымша берілген деректер мен Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы түгел енгізілген.Нақтылап айтатын болсам 5-сынып, 6-7-сынып, 8-9 сыныптардағы Қазақстан тарихы бойынша ежелгі Қазақстан мен жаңа Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбектері мен тұжырымдарының түгел кіргізілген. Мысал ретінде үзінді көрсетіп кететін болсам:

5- сынып.Сақтар туралы тарихи мәліметтер.

Ежелгі грек және рим авторлары –Арриан, Полиен, Диодор, Плиний, Ктесий, Помпей Торг, Птолемей, Страбон сақтар туралы мәліметтер қалдырған.Грек деректерінің ішінде б, з, д V ғасырда жазылған Геродоттың «Тарих» атты еңбегі ерекше құнды мәліметтер береді.Геродот сақтардың массагет атты тайпасы туралы мәліметтер қалдырса, басқа грек авторлары дай, аргипейлер, аримаспылар және т.б туралы да деректер келтірген.Грек авторлары сақтарды «дұшпанға қатал, досқа адал» болған деп суреттейді.Ктесий: «сақ әйелдері ержүрек, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады», -деп жазған.Сонымен қатар грек тарихшылары сақтарға «олар әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп баға берген.Геродот пен басқа да тарихшылар сақ тайпаларын «Азия скифтері»-деп атаған 

Геродот (б.з.д 448-б.з.д 425 жж) ежелгі грек тарихшысы, «Тарих» тарих атты еңбектің авторы Бұл тарихи еңбекте грек-парсы соғысы мен спқ тайпаларының тарихы туралы құнды мәліметтер жиналған.

Геродот бұл еңбекте «Олар жаяу және ат үстінде де соғыса алады.Найза, қылышпен қаруланады садақты жақсы атады.Жауынгерлерінің бәрі мерген.Найзаның ұшын, жебе, қылышты және аттың сауытын мыстан жасайды.Баскиімдерін, белдіктерін, аттың ер-тұрмандарын алтынмен әшекелейді.Алтын мен мыс өте көп.Олар егін екпейді.Үй малдарын өсіріп, балық аулайды.Сүт ішеді.Күнге табынып, оған жылқыны құрбандыққа шалады»- деп жазған.

Страбон «б.з.д 64-бз 24 жж шамасында)-ежелгі грек географы, тарихшысы атақты «География» еңбегінің авторы.Оның еңбегінде Кавказ бен Орталық Азиядағы тайпалар туралы көптеген құнды мәліметтер келтірген.Ол сақтар туралы «Каспий теңізінен бастап сақтардың басым бөлігін дайлар деп атайды, Ал олардан шығыс жақта массагеттер тайпалары қоныстанған.Олардың ортақ аты сақтар, бірақ әр тайпаның өз аты бар.Жалпы алғанда, олар көшпелі халық болып табылады.Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүректілігін көрсетті.Күнге Құдай ретінде сеніп, о, ан жылқыны құрбандыққа шалды.Олар –атқа мінудің шебері.Жауынгерлері садақ, қылыш және қола балтамен қаруланып, сауыт киеді.Шайқас кезінде алтын белдік тағады.Аттың ауыздығы мен ер-тұрмандарын алтыннан жасайды.Елдерінде алтын, мыс көп.егіншілікпен айналыспайды, мал өсіріп, балық аулайды» -деп жазған. 

Көне парсы жазба деректеріне Персеполь, Накши-Рустем жазбалары, «Бехистун» жазулары жатады.Көне парсы деректерінде «сақ» сөзінің мағынасы «құдыретті ерлер» деп түсіндіріледі.Ал парсылардың қасиетті Авеста кітабында сақтарды «жүйрік атты турлар» деп атаған.

Сақ патшайымы Томирис жайында зерттеулер.

Геродот. «Тарих».Б.З.Д V ғасырдың ортасы «Парсы патшасы Кир Томириске үйленгісі келген болып, құда түсуге елшілер жібереді.Үйленуді емес массагеттер патшалығын билеуді көздеп отырғанын түсінген Томирис келісім бермеді.Осыны сылтау еткен Кир массагеттерге ашық соғысқа шықты, жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатты»-деп жазды.

Геродот. «Тарих».Б.З.Д V ғасыр «Мидиялықтар патшасы!Егер сен массагеттерді шабуға шынымен құмар болсаң, өзен үстінен салынып жатқан көпір құрылысын тоқтат.Көп әуре болмай біз жоқ жағаға өт, біз өзеннен үш күндік жерге шегінейік»-деп жазды.

Геродот. «Тарих».Б.З.Д V ғасыр «Қанішер Кир! Бұл жеңісіңе масаттанба!Сендер парсылар, адал айқаста емес, залымдық арқылы жеңдіңдер.Енді басың аман тұрғанда жерімнен кет, әскерімнің бір бөлігін арсыздықпен жеңгенің де жетер.Егер олай етпейтін болсаң, қан жұтқызуға массагеттер пірі Күн құдайының атымен ант етемін» деп жазған.

Полиэн ежелгі грек авторы: «1 Дарийдің соғыс әрекеттерінен түк шықпады.Парсылар сақ жасақтарының соңына түсіп, даланы кезумен болды.Сақтар малдарын өздерімен айдап әкетіп, жауға шөп те қалдырмай шегініп отырған», -деп жазған.

Герадоттың жазбалары бойынша «сақтар шегініп, парсы әскерлерін шөлейтті жерге әкетпекші болған. Сақтар жер жағдайын жақсы біледі.Көшпелі сақтар жылдам қозғалып, бір күншілік жер озып отырған.»-деп жазды.

Грек-Рим тарихшылары: Ежелгі заманның аса танымал қолбасшысы А.Македонскийдің сақтармен соғысы туралы да деректер қалдырған.А.Македонскийдің Орталық Азияға жасаған жорықтары туралы мәліметтер Арриан, Курций Квинт Руф және т.б еңбектерінде берілген.Олардың бірінде: «сақтар Македонскийдің әскерімен екі жыл бойы соғыс жүргізді.Александр сақтарды соғыста сақтарды тізе бүктіре алмады», -деген мәлімет келтіріледі.

Аррианның айтуынша, осы соғыста сақтарды «аптап ыстық, шөл және Александрдың лай судан ауырып қалуы құтқарды».

Б.з 90-175 жылдары аралығында өмір сүрген тарихшы Арриан: «Александр жорығы» деген еңбегінде: «Сырдария өзені жағасынан сақтар кетпеді.Олар Александрге бағыттап, өзеннің арғы жағасынан садақ атып, мазақ қылып, оның сақтармен соғыса алмайтынын айтты», -деп жазады.

Аррианның дерегі бойынша, «Көтерілісшілер Самарқан қаласын қоршауға алып, көмекке жіберілген македон әскерлерін жойып жіберді», -деген.

 

8-9- сынып. (ХХ –ХХI ғасырлар)

Жәдидшілдіктің негізін қалаған Исмаил Гаспринский (1851-1914) 1883 жылы Ресейдегі мүсылмандар « тіл, идеяәрекет жагында да бірігу керек» деп атап көрсетті.

Т.Күзембаевтың естелігінен: «Елді жайлаған аштық мені бала кезімнен жердің астына түсіп еңбек етуге мәжбүр етті. Біз терезе орнына киізбен бітелген кішкене тесіктері бар жеркепеде тұрдық. Қайда барсаң да, бір үзім нан сұрап жылаган балалардың даусы естіледі.Ал забойда мойындарына қайыс белбеу байлап. ауыр шанамен көмір тасыган. құр сүлдері қалган балаларды көресің. Оларды шеткерірек қадагалушы бақылап тұратын. Ол жазықты болып қалгандарын қамшымен сабайтын»-деп жазды .

 Мемлекеттік Думаның депутаттары Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Т.Нүрекенов, Ш.Қосшығүлүлы 1907 жылғы наурыздағы мәлімдемесінде:«Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылыгы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанга жайлы, қызыгы мол бос серуен құру емес, табигаттың қиындықтарын жеңе отырып. өмір сүру болып табылады», - деп жазды.

Қосымша мәлімет. Қазақстан. Үлттық Энциклопедия. Алматы, 1998. 1-том

...Жалпы революцияға дейінгі Ресейде Мемлекеттік Дума төрт рет шақырылды. III Мемлекеттік Дума 1907 жылдың 1 қарашасынан 1912 жылдың 9 маусымына дейің, IV Дума 1912 жылдың 15 қазанынан 1917 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеді. Өмірінің соңғы күнінде Ресей патшасы II Николай Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетін құрған болатын, кейін ол патшаның биліктен бас тартуы жөніндегі манифесті дайындады. Дума 1917 жылдың 6 қазанына дейін жұмыс істеді. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлерінің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондәғы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.

Журналдың «Айқап» деп аталу себебін М.Сералин: «...Біздің қазақтың неше жерден «қап» деп қапы қалган істері көп. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болган соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды», - деп түсіндірді.

Бұл құрал 55 беттен тұратын кітапша.Сонымен бірге бұл оқу-әдістеме құралын 5-9 сыныптар БЖБ мен ТЖБ-да да қолдануларына болады.Аттестациядан өтетін мұғалімдерге де теске дайындалуға  таптырмас   құрал болып отыр.

 

 

Қорытынды.Ұсынылып отырған әдістемелік көмекші құралда жаңа форматтағы ҰБТ- ға дайындық, Ежелгі Қазақстан мен жаңа Қазақстанды зереттеген ғалымдардың еңбегі мен айтқан тұжырымдары.модульдік технология негізінде оқытудың өзекті мәселелеріне арналған. Қазіргі таңда ұлт тарихын оқытудың бірегей жолын іздеу үдерісінде, осы көмекші құралдың өзіндік үлесі бар деп білеміз. Көмекші құрал жоғары сынып оқушыларына тарих пәнін оқытудың қыр-сырын ашумен құнды. Әдістемелік көмекші құрал тарих мұғалімдеріне, сондай-ақ ұлт тарихын қадірлейтін көпшілік қауымға арналған.Және 5-11 сынып оқушыларына БЖБ мен ТЖБ-да да қолдануға болады.Сондай-ақ ұстаздарға аттестацияға дайындық ретінде қолдануға болады.

222 0
Нургуль Бельгибаева, ЖОББМ КММ тарих пәні мұғалімі Ақмола облысы,Зеренді ауданы, Елікті ауылының Ұлы Дала Ұстазы № 001567
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: