Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1198

Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы дала елі

Мақсаты:   оқушылардың   туған  жерге  деген   сүйіспеншілік  сезімдерін   арттырып,   ой  өрісін,  санасын    ояту,  кіндік  кескен   жерін  құрметтеу, мемлекеттік   рәміздерді   құрметтеуге,  сүюге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Қазақстан   Республикасының  мемлекеттік  рәміздері.Ту.Елтаңба. Гимні,Сөзжұмбақ.

Сабақтың  барысы.

Сәлемдесу.

Атыңнан  айналайын, егемен  ел,

Тәуелсіз  күнің   туды, кенеле  бер.

Мерейің  құтты   болсын  тәуелсіздік!

Ғасырдың  тойы   болшы  келе  берер.

Мұғалім  сөзі: 

Тәуелсіздік  туы   көтерілгенде  дүниеге  келген, қазақ   перзенті  бүгін 30 жаста. Тәуелсіздік  сенің  абыройың,намысың ,  иығыңдағы     қалқаның,  маңдайыңдағы   жарық  жұлдызың.

21 ғасыр  білім   ғасыры.Біздің  алға  қойған   мақсатымыз –өткенімізді  білетін, бүгінді  түсінетін,  ертеңімізге   сеніммен  қарайтын  азамат   болу.Енді  ең  басты   бақытымыз  Тәуелсіздік  30   жылдығына  ой  жіберейік.

Оқушылар кезек-кезек жылдарды  айтып  шығып тақтаға суреттерін  іледі.

1991-2021  жылдар   арасындағы Қазақстанның  көркейіп  дамуы.

-1991  жылы 2 қазанда Тоқтар  Әубәкіров   ғарышқа  ұшты.

 -1991   жылы  1  желтоқсанда   тұңғыш  президентіміз  сайланды.

 -1992 жылы   2 наурызда  Қазақстан  Республикасы Біріккен  Ұлттар Ұйымына  мүше   болды.

-1993  жылы   15 қарашада  ұлттық валютамыз- теңге  айналымына   енді.

-1994  жылы   Қазақстан  шетел  мемлекеттерімен  достасты.Келісімшарттарға  қол   жеткізді.

-1995  жылы 30   тамызда Қазақстан Республикасы   ата  заңы  қабылданып, 5-ші  қыркүйек   күні  өз  күшіне   енді.

-1996  жылы Республикамыз  әрбір   елмен  қарым  қатынаста   отырып каспий  теңізінің  құқықтық   мәртебесі  туралы  келіссөздер   белсенді  жүргізілді.

-1997  жылы   Қазақстан  Республикасының    астанасы    Астана  қаласына көшірілді және  Астана  ресми   түрде  Қазақстан  астанасы   мәртебесіне  ие  болады.

-1998  жылы   Елордамыз  Ақмолаға  Астана   аты  берілді..Сондай –ақ  осы   жылы  елімізде  зейнетақы реформасы  басталды.

-1999  жылы Қазақстан  Республикасының  президенттік   сайлауы  өтті.Н.Ә.Назарбаев  жоғары   пайызды  дауыспен  Президенттік   қызметіне  қайта  сайланды.

-2000  жылы   Қазақстан  Республикасы  президентінің   жарлығымен  республиканың  әскери   докринасы  бекітілді.

-2001  жылы Қазақстан  Республикасының «Ғылым  туралы» заңы   қабылданды.

-2002  жылы  Денсаулық  жылы   болып  жарияланды.

-2003  жылы   Астана  қаласында  Әлемдік   және  дәстүрлі  діндер   көшбасшыларының  бірінші сьезі  өтті.

-2004  жылы Астанада   Қ.Р Тұңғыш  президентінің  музейі   ашылды.

-2005  жылы   9  мамырда  Ұлы   Отан  Соғысы  жеңісінің   60  жылы  тойланды.

-2006  жылы   Пирамида  үлгісіндегі  «Бейбітшілік   және  келісім  сарайы»   салынды.

Мемлекеттік  гимн   жаңарды.

-2007  жылы «жасыл   ел» бағдарламасы бекітілді

-2008  жылы «Самұрық-Қазына  ұлттық әл – ауқат  қоры   құрылды. 6- шілдеде  Астана  күні   тарихқа  енді.

-2009  жылы   19  мамырда Қ.Р-ның білім  және   ғылым  министірлігінің № 224  бұйрығымен «Болашақ»  халықаралық   стипендиясы  бекітілді.Халық  санағы   өтті.

-2010  жылы   ЕҚЫҰ  төрағалығы  мен   Астана  самиті  ел   мерейін  асырды.

-2011  жылы Президент  Н. Назарбаевқа «Елбасы»  атағы   берілді.

-2012  жылдың   ең  маңызды  саяси   оқиғасы – «Қазақстан  2050» стратегиясы  қабылданды.

-2013  жылы «Әділет   және  Руханият»  партиялары   бірігіп  жаңа  бір   саяси  партия  құрды және   оның  аты «Бірлік»  болып   аталды.

-2014  жылы   Ұлттыұ  мұражай  ашылды.

-2015  жылы Айдын   Айымбетов  ғарышқа  ұшты және   

2015  жылы   Қазақ  хандығының  550   жылдығы  тойланды.

-2016  жылы   Тәуелсіздікке  25  толды.Ұлт   азаттық  көтеріліске 100  жыл   толды.

-2017  жылы ЭКСПО көрмесі  өтті.

-2018  жылы   Астананың  20  жылдық   мерей  тойы  тойланды.21 қарашада  Елбасының «Ұлы  даланың    жеті  қыры»  атты   мақаласы  жарияланды.

-2019  жылы   Тұңғыш  президент  өкілеттігін   тоқтатты.Қ.Ж. Тоқаев ел   президенті   болып  сайланды.

-2020  жылы   Еріктілер  жылы.

-2021  жылы   Қ.Р  президенті  2021   жылды  - Тәуелсіздігіміздің  30   жылдығы  деп  жариялады.

Оқушылар  міне   содан  бері  30   жыл!

Оқушылардың   тақпақтары.

1-оқушы    Аяулым.

2-оқушы    С.Кәусар.

3-оқушы    Жәудір.

4-оқушы   Інжу.

5-оқушы   Нұрислам.

6-оқушы    Досымжан.

7- оқушы   Мұқағали.

8-оқушы   Нұрзат.

9-оқушы   Қазына.

Сөзжұмбақ  шешу; «Тәуелсіздік».

Сұрақтары;

  1. Желтоқсан   көтерілісінің    құрбаны  болған  кім?
  2. Соғыста  ерлікпен   қаза  тапқан  батыр   қыз
  3. Қ.Р  Рәмізі.
  4. Қазақстанның  ақшасының   аталуы.
  5. Өзеннің  атау.
  6. Қазақстанның   Елордасы.
  7. Әнұранның    авторы.
  8. Көктем  мерекесі
  9. Мұз  айдыны.
  10. Туымызда   бейнеленген  құс.
  11. Соғыста   қаза  тапқан   батыр қыз.

 

Қ

а

й

р

а

Т

 

 

 

Ә

л

и

я

 

Т

У

 

 

 

 

 

 

 

Т

Е

Ң

Г

Е

 

 

 

І

Л

Е

 

 

 

 

 

А

С

Т

А

Н

А

 

 

Н

Ә

Ж

І

М

Е

Д

Е

Н

О

В

Н

А

У

Р

Ы

З

 

 

 

М

Е

Д

Е

У

 

Б

Ү

Р

К

І

Т

 

М

Ә

Н

Ш

Ү

К

 

 

 


 

Шығармашылық  жұмыс.

Тәуелсіздікке  тарту:   Оқушылар  жасаған  жұмыстарын   таныстырады.

Топтық  тапсырма

1-топ  :   «Тәуелсіз  Қазақстан»  топтастыру.

2-топ :  «Ту»   мозайка   құрастырып,бояу.Ақпарат  беру.

3-топ : «Елтаңба»  пазл.Ақпарат  беру.

Биылғы  жыл- қазақ   халқы  үшін айрықша  ардақты,   мемлекетіміз  үшін   ең   мерейлі  мерекелі  жыл.   Биыл  біздің  тәуелсіздік   алғанымызға  30  жыл   толып  отыр.Ғасырға  бергісіз   30  жыл  күллі   қазақтың  арманы  тілегін   аспандатқан,  бабаларымыз  бен   әкелеріміз  аңсаған  арманы    орындалған  30  жыл,   ұлы  мерекеміз  құтты   бола  берсін!

Ән: Нұрмахан  Аяулым.

(Қазақстан  картасына   гүл  суреттерін  жабыстыру)

Қорытынды:   «Бес   саусақ»  әдісі  арқылы   бәйтерек  моунментін  жасау

                             (оқушылар  өз   елдеріне   тілектерін  жазады)

Мұғалім  сөзі:

Бір ата , бір  ананың   түлегіміз

Бір  болсын   қайда  жүрсек  тілегіміз

«Бірлік  барда   тірлік  бар»  деген   бабам

Бірлік  деп   бірге  соқсын  жүрегіміз!   -дей  отырып,  ашық   тәрбие  сабағымызды  қорытындылаймыз!

 

251 0
Мөлдір Керімқұлова, «Төрткүл» жалпы орта мектебінің өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 001566
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: