Топтық тапсырмалар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау оқушының оқу белсенділігін арттырады.
Қазіргі ақпараттар мен жаңа технологиялар дамыған тұста оқушылардың кітапқа, оқулыққа деген құштарлығын арттыру,өздігінен білім алуға үйрету оқу жұмысын жақсартатыны сөзсіз. Сондықтан зерттеулер барысында оқушыларға берілетін тапсырмаларды сұрыптап, жас ерекшеліктері мен қабілеттерін ескерудің маңызы зор.
Өзім дәріс беретін сыныптың оқушыларын 3 топқа бөліп, тапсырмаларды жеке беріп отырдым.3 кластың «Жанды табиғат» бөлімі бойынша оқулықта 14 сабақта 6 жұптық жұмыс,3 топтық жұмыс,4 шығармашылық жұмыс берілген.
1 сабақ «Оқуға шақыру» тақырыбы бойынша І топқа суреттерге зер сал,бәріне ортақ тақырып ойластыр. ІІ топқа сызбадағы ойды өз сөзіңмен түсіндір. ІІІ топқа тақырыпқа сай мақал-мәтелдер құрастыр деген тапсырмалар берілді. «Өрмекші» әдісі (постерде)бойынша өз жұмыстарын қорғады. 2 сабақ «Күн шыққанда» тақырыбы бойынша І топқа сурет салу, ІІ топқа қорытынды ой айтылған ойды тауып жазу, ІІІ топқа мақал-мәтелдер беріліп, бәріне ортақ болатындай тақырып ойластыру берілді. «Үштік» әдіс(Ойлан, жұптас, бөліс) бойынша тапсырмалар жүйеленді. 3 сабақ «Есеннің кірпісі» тақырыбы бойынша І топқа әңгімеден табиғат суреттелген жолдарды тауып оқу, ІІ топқа әңгіменің авторы туралы не айтасың? ІІІ топқа Есеннің іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір деген тапсырмалар берілді. «Зерттеушілік конференциясы» әдісі» бойынша оқушылар өз көзқарасын білдірді.Бұл тапсырмалардың ерекшелігі оқушылардың ықыласын,ойын дамытып, шығармашылық әрекетке баули бастады. 4 сабақ «Табиғат тағылымы бойынша І топқа мысалдан кейіпкерлерге қатысты сөздерді табу, ІІ топқа мысалға сүйеніп, кейіпкерлерді сипаттау,ІІІ топқа тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер іздеу. «Шахмат» әдісі Саймон Браунхилл бойынша жүргізілді. Аталған жұмыстардан соң оқушылар белсенділігі арта түсті. 5 сабақ «Құмырсқаның қанағаты» тақырыбында І топқа оқыған мәтініңе сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазу, ІІ топқа ертегіні топқа бөлу, ІІІ топқа ертегі бойынша сурет салу тапсырылды. «Сұрақ ілмегі» әдісі бойынша берілді.
6 сабақ «Қанатты достарым» тақырыбында І топқа мәтінге сүйеніп, суреттегі кейіпкерлер арасында диалог құрастыру. ІІ топқа кластер құрастыру, ІІІ топқа мәтінді бөліктерге бөлу тапсырылды. «Кластер» әдісі негізінде ұйымдастырылды.7 сабақ «Қамқорлық» тақырыбында І топқа суретке қарап, берілген сұрақ-тапсырмаларды орындау,ІІ топқа кестені толтыру, ІІІ топқа тақырып бойынша мақал-мәтелдер құрастыру тапсырылды. «Жасырын сөздер» ойыны арқылы бұл тапсырмалар жүргізілді.
8 сабақ «Туған өлке гүлдері» тақырыбында І топқа анаңа, ұстазыңа және досыңа сыйлайтын гүлдеріңе көркем-бейнелі сөздердің көмегімен сипатта, ІІ топқа 5 жолды өлең құрастыр, ІІІ топқа өлеңнен көркем-бейнелі сөздерді табу тапсырмасы «Ұшақ» әдісі Саймон Браунхилл бойынша берілді. Осы 8 сабақ өткеннен кейін топтық жұмыстар беру оқушылардың оқуға деген құштарлығын арттыра бастады. 9 сабақ «Табиғаттағы байланыс» тақырыбына І топқа мысалдың қорытынды ойына сәйкес келетін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер ойластыру.ІІ топқа кейіпкерлер арасына диалог құрастыру, ІІІ топқа мысал бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылды. «Желпуіш» әдісі(Веер)Саймон Браунхилл бойынша жүргізілді. 10 сабақ «Мен қалада тұрамын» тақырыбы бойынша І топқа әңгіменің әр бөліміне ат қой, ІІ топқа өлеңнің мазмұны бойынша ауызша мазмұнда, ІІІ топқа мәтін бөліктеріне ат қою тапсырылды. «Буклет» әдісі Саймон Браунхилл бойынша өткізілді.11 сабақ «Бау-бақша аясында» тақырыбы бойынша І топқа кейіпкердің іс-әрекетіне баға беру,ІІ топқа суреттегі жемістерді айқындайтын эпитет ойластыру.ІІІ топқа «Менің бау-бақшам» жобасын құрастыр деген тапсырмалар таратылды. «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі арқылы ұйымдастырылады.12 сабақ «Алмастың ағашы» тақырыбында І топқа мәтіндегі ең көңілсіз оқиға не? ІІ топқа кейіпкердің іс-әрекетіне баға бер. ІІІ топқа әңгімеден қандай қажетті ақпараттар алдың? «Төрттік» әдіс бойынша жүргізілді.13 сабақ «Киіктің айласы» тақырыбында І топқа суретті пайдаланып, мәтінді әңгімеле, ІІ топқа мәтінге сүйеніп, байланысу сызықтарын жүргіз, ІІІ топқа ақбөкен туралы мәтіннен қандай ақпарат алдың? «Ашық микрофон» әдісі Саймон Браунхилл бойынша бұл тапсырмалар сараланды.
14 сабақ «Нені үйрендім?» тақырыбы бойынша І топқа салыстыра сипаттау, ІІ топқа екі шығарманы салыстыру кестесін толтыр, ІІІ топқа құстардың таңғы тіршілігі туралы айтылған шығармалардың жұбын таңдау. SWOT – талдау бойынша өткізілді.
Осы тарауды аяқтағанда топпен жұмыс жасау оқушының белсенділігін арттыруға ықпал ететіні анықталды.
Топтық жұмыс өте тиімді, себебі топтарда жұмыс істеген оқушылар түрлі адамдармен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар,сыныптағы топтық жұмыс барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін түрлі стратегияларды байқауға болады.
Топтық жұмыстар мұғалімнің ұйымдастырылуымен, оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатына негізделген. Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге баулу,олардың білімге ынтасын арттырып,өз бетінше еңбек етуге,еңбек сүйгіштікке,алған білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге,оқыған материалдарын тиянақты меңгеруге жәрдемдеседі,олардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн былай деген екен : “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”.
Сондықтан бүгінгі таңда мәртебелі мамандық иелері ұстаздар қауымының алдында үлкен міндет шәкірттерді сапалы білім нәрімен суысындату басты назарда болмақ!