Мен Тәуелсіздік туралы эссе жазуды өзіме үлкен бақыт деп білдім. Себебі Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл.
Тәуелсіздікке жету біз үшін оңай болдыма? Тәуелсіздік бізге не берді?
Менің ойымша, тәіелсіздікті қолға кіріту оңай болған жоқ. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біз мұғалімдердің , халқымыздың басты парызымыз.
Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Тәуелсіз елдің алғашқы президенті – Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіз Қазақстан –жетістігі мол, тыныш мемлекет және бізді бүтүн әлем таниды, 1991 жылда біздің алдымызда мемлекет бір тұтас халық болуы тиіс , деген қиын жағдай бар еді» -деген еді. Сол айтқанындай 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Елімізді барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Тәуелсіздіктің мыңызды елеулілеріден бірі біз өз тарихымызды үйреніп , бұл жарық әлемде кім екендігімізді, кімдердің жалғастырушылары екенімізді біле бастадық. Бұл халқымыздың білім және рухани жоғарылауында маңызды мәселе болуда. Елбасымыз айтқанындай, «Отанымыз болашағы білімді жастар қолында»
Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне Елбасымыз және қазіргі күнде президентіміз Қ. Тоқаевтің қосқан үлесі орасан. Көптеген ауруханалар, мектептептер, балабақшалар құрылды.Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өз ана тілінде білім алуда. Мектеп оқушылары үшін ана тіліміз яғни өзбек тілінде жаңартылған дәстүрде оқулықтар шығуда . Көп балалы аналарға жәрдем ақы, үйбен қамту , тегін емделу, жастарға білі алу мәселесінде үлкен мүмкіндіктер берілуде.
Жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таңыта білді. Қаланың аспанмен теңесе салынған биік ғимараттары мен халықтың қолданысы үшін әрқилы ойын-сауықтық кешендер барлығы қала әсемдігіне көрік қосып тұр. Қазақстанның әсем мекені Туркістан қаласы облыс болып, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы Ахмет Ясауи кесенесі, бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды. Бұл туралы Елбасымыз : «Менің ең маңызды арманымдарымнан бірі –Түркістанды текқана түркий халықтар емес, мусылмандар рухани орталығына айналдыру»-деген еді. Міне жақын жылдарда Түркістан облысының күннен күнге көркеюіне күәміз.
Тағы бір жетістігіміз біз мұғалімдер үшінде мүмкіндіктер жаратылып , мұғалім мәртебесі жоғарылауда, білімізді көтеретін курстар көбеюде, сабақтарымыз жаңартылған дәстүрлерде өтіп, пән техника өркендеуде деген пікірдемін.
Сондай екен, Аллаға шүкіршілік етіп айтатынымыз: «Тәуелсіздік бізге не берді?»-деп емес , «Отан үшін не істей аламыз?» -деп біз ұстаздар, жас өскелең ұрпақты жақсылап тәрбиелеп, білім беріп тәуелсіз Қазақстанның құдретін асырып , , әрқашан мақсатымыз –тыныштық, тілегіміз –татулық болсын. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тойы құтты болсын!