Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1186

Математика қосу және азайту

Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-10

Сәлемдесу

Ынталандыру

«Артық суретті алып таста» әдісі.Оқушыларға бірнеше суреттер көрсетіліді. Ортақ тақырыпты табу тапсырылады. Ешбір байланысы жоқ суретті алып тастау сұралады.

Біз қай елде тұрамыз?

Ия, балалар, біз тамаша елде, Қазақстан Республикасында, тұрамыз, оның аумағы өте үлкен және егер біз оның барлық жеріне саяхат жасағымыз келсе, ол үшін өте ұзақ уақыт кетер еді. Мен сендерге біздің елге ойша саяхатқа баруға ұсыныс жасаймын.                                                                                                                   Әр адам саяхаттағанды жақсы көреді.  Жолда көптеген қызыққа кенелуге, адал достар табуға және жай ғана көңіл күйіңді көтеруге болады. Бүгін біз де сендермен бірге Қазақстан қалаларына саяхатқа аттанамыз.

 Біз өлкеміздің қай облысында тұрамыз?

Қандай қалаларымыз бар?

Осы аталған қалалардың қайсысында болдыңыздар?

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Қазақстан қалаларын саяхат.

Сәлемдесу

Оқушылар суреттерді қарап ортақ суреттерді біріктеріп, артық суретті алып тастайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

Қ.Б: «от шашу» әдісі арқылы бағаланады.

Оқулық, суреттер.

 

 

11-20

Өзектендіру.

Оқулықтың № 1 тапсырмасындағы суретке қара және онда кескінделген қалаларды ата. 

Біздің Республиканың тағы қандай қалаларын білесіңдер? 

Кәне, қанша қала білетінімізді санайықшы.

Есептерді шығар. Әрқайсысына есептің қысқаша жазылуы және сызбасын таңда.

а)

 

 

ә)

 

 

 

б)

 

 

Сурет бойынша кескінделген қалаларды атайды.

Өздері білетін қалаларды атап шығады.

 

 

Әрқайсысына есептің қысқаша жазылуы мен сызбасын таңдайды, есепті шығарады

а) Шешуі:

8 – 6=2 (а.)

Жауабы: 2 қала атауы

 

ә)Шешуі:

6+2=8 (а.)

Жауабы: 8 қала атауы

 

б)Шешуі:

8 – 2=6 (а.)

Жауабы: 6 қала атауы

 

Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады.

 

 

 

Есепті шығар. №1 Дескриптор:

1.Есептің қысқаша жазылуы мен сызбасын таңдайды;

2. Есептерді салыстырады.

 

 

 

Қ.Б:Жұлдызша арқылы бағалау

Оқулық, дәптер.

 

21-25

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Осы шығарылған есептерді салыстыр. 

Олардың бәрі бірдей ме? Айырмашылықтары неде?

Есептердің ұқсастықтары неде? 

Бұндай есептерді қалай атаймыз?

Мәселелік жағдаятты түсінеді.

 

 

 

Мағынаны тану

26-30

Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы №2тапсырманы өз бетімен орындауды ұсынады.

Есептерді оқы және шығар. Әр есептің сұлбасын тап. 

Практика жүзінде жұмыс жүргізу. Оқушыларға таспалар мен қажетті құралдар (қайшы, сызғыш)беріледі.

а) Ұзындығы 60 см таспадан бірнеше сантиметр қиып алынды. Онда тағы 20 сантиметр таспа қалды. Неше сантиметртаспа қиып алынды?

 

 

Тапсырманы өз бетімен орындайды.

Болды – 60см

Қалды – 20см

Қиып алды - ? см

Шешуі:

60 – 20=40см

Жауабы: 40см қиып алынды.

 

Қалған есептерді осы негізде орындайды.

№2 Дескриптор:

1.Есептерді шығарып,суреттегі сұлбасын табады.

2. Практика жүзінде таспамен жұмыс жүргізеді.

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне байланысты «Бас бармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Оқулық, дәптер, таспа, қайшы, сызғыш

31-35

 

Қиындықтарды түзету.Дәптермен жұмыс.

Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді. 

– Кімде қиындықтар туындады?

– Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қателіктің себебі неде? 

– Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар. 

(Қосымша тапсырмалар орындау).

– Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай? 

(Қателіктерді түзету).

– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Қателікті түзету үшін дәптердегі №1тапсырманы орындауды ұсынады.

 

2-тапсырма:Салыстыр.

6 см-4см*5см-2см

3см*10см-4см

3см+1см*4см-2см

 

 

 

Оқушылар қаламдарымзды қойып, бүгінгі QR- сабаққа арналған бейнематериалды     тыңдап алайық.

 

Қатемен жұмыс жасайды.

Дәптеріне есептің қысқаша жазылуын жазады. Есептерді шығарады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А) Шешуі:

70 см - 30 см = 40 см

Жауабы: 40см қиып алынды.

Ә) ) Шешуі:

30 см +40 см = 70 см

Жауабы: таспаның ұзындығы 70 см.

 

 

 

2-тапсырма: Салыстыруды орындайды

6 см-4см<5см-2см

3см<10см-4см

3см+1см>4см-2см

 

 

Оқушылар бүгінгі сабаққа арналған бейнематериалмен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптердегі №1

Дескриптор:

1.Есепті шығарады.

2.Таспалардың ұзындықтарын салыстырады.

 

 

 

 

 

 

№2 Дескриптор:

1.Есепті шығарады.

2.Салыстыру амалын қолданады.

Өз білімін бағалау үшін      дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.

 

Баспа  негіздегі жұмыс дәптері

36-42

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №3тапсырманы жұппен орындау.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.Қосынды және айырма жаз. Олардың мәнін  тап. Қалай тексеру керектігін түсіндір.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау .Сен зерттеушісің

Оқулықтағы №4тапсырманы орындау.   Карточкаларда қала атауы мен суреті беріліді. Кері жағында сандар беріледі. Оқушылар қалаларды  таңдап алып, берілген санға байланысты
 қосу мен азайтуға мысалдар құрастырады.

1-тапсырма (төмен):Берілген тапсырмаға байланысты қосу мен азайтуға мысалдар құрастырады.

2-тапсырма (орта): Берілген санға мысал құрастырады және байланысы жоқ кез келген төрт мысал құрастыруға болады.

3-тапсырма (жоғары) Карточкадағы қала мен берілген санды байланыстыра отырып     мысал құрастырады.

Қосынды және айырма жазады және олардың мәнін  табады. Қалай тексеру керектігін түсіндіреді.

Бірінші кестеден бір мысал қарастырайық. Қосынды жазады.

40+30=70

Қалай тексеру керектігін түсіндір? (Қосу амалын оған кері амал азайтумен тексеріледі)

70-30=40

70-40=30

Екінші кестеден бір мысал қарастырайық.

Өрнек жазады.

90-30=60

Қалай тексеру керектігін түсіндір? (Азайту амалын оған кері амал қосумен тексеріледі)

60+30=90

30+60=90

 

№4 тапсырма.

2+2=4    2-2=0

3+2=5    3-2=1

4+2=6    4-2=2

5+2=7    5-2=3

6+2=8    6-2=4

7+2=9    7-2=5

8+2=10   8-2=6

Қалған тапсырмаларды  осы негізде орындайды.

 

 

 

 

 

 

№3 Дескриптор:

1.Жұппен есепті шығарады.

2.Қосу амалын және оған кері азайту амалын орындайды.

3.Есептің шығарылу мәнін түсіндіреді.

Қ.Б: «Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады.

 

 

 

 

 

 

№4 Дескриптор:  1.Таңдап алынған карточкадағы тапсырманы орындайды.                 2.Қосу мен азайтуға мысалдар құрастырады.       3.Берілген санға және байланысы жоқ кез келген санға мысал құрастырады. 4. Берілген сан мен қалаға ортақ байланысты табады. Қ.Б: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау.

Оқулық, дәптер.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.

Рефлексия

43-45

Оқушылармен «Жұдырық-Алақан» әдісі бойынша кері байланыс орнату. 

Егер сабақ түсінікті болса,  ашық алақаның көрстеді;

Мүлдем түсініксіз болса, жұдырығын көрсетеді;

Сұрақтарына толықтай жауап ала алмаса, әлі де болса жұмыс істеу керек деп санаса 3 саусағын көрсетеді. Осы әдіс арқылы мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін тексере алады.

Бағдарламаға сәйкес  үйге тапсырма берілмейді.

Мұғалімнің нұсқауы бойынша «Жұдырық-Алақан» әдісімен кері байланыс береді.

 

 

 

213 0
Алия Мутиева Көздіғара негізгі орта мектебі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, БҚО Сырым ауданы № 001509
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: