Білім беру ұйымының атауы | Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясы | |||||
Пәні: | Жаратылыстану | |||||
Бөлім: | Заттар және олардың қасиеттері.Ауа мен су. | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Сақбай А.Р. | |||||
Күні: | 07.12.2021ж | |||||
Сынып: 3 «Б» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Заттар қандай болады? | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 3.3.1.1 Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктейді. Көптеген оқушылар: денелердің неден жасалатынын түсінеді. Кейбір оқушылар: заттардың шығу тегі туралы біледі. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру
Топқа бөліну
Тақырыпты ашу
Өзін-өзі тексеру
Жаңа білім
Ортасы
Сабақты бекіту
Кері байланыс
Үйге тапсырма: | Сәлеметсіздер ме!
Психологиялық дайындық Оқушылар орындарынан тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтады.
Қайырлы күн, досым! Қайырлы күн болсын! Бүгінгі сейсенбі күн, Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын!
(Жасалған гүлдер арқылы топқа бөлу.) Топ аттарын анықтау 1. Алмаз 2. Резеңке 3.Шыны 4 Ағаш.
Ашылған гүлдерден сөздерді оқу ,сол заттардың атауларына байланысты топқа бөлу.
«Галереяға» саяхат. Сынып ішіндегі заттарға назар аудару. - Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен? •Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Үй тапсырмасын сұрау
1.Инфекцияға қарсы тұру қасиетті не деп атаймыз? (имунитет) 2.Қанайналым жүйесінің негізгі мүшесі-… (жүрек) 3.Кішкентай балалардың тамыры минутына неше рет соғады? (120рет) 4.Ең ұсақ қан тамыр-… (қылтамыр)
«Заттар мен денелер» туралы мағлұмат беру. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бізді қоршаған әлемде алуан түрлі зат бар. Олардың көбі табиғатта дайын күйінде кездеседі. Мұндай заттар табиғи деп аталады. Мысалы, су, ағаш, тұз, алтын. Кейбір заттар адам өзі де жасай алады. Жасанды заттарға пластмасса, резеңке, шыны, синтепон жатады. Адам жасанды заттардың сипатын табиғи заттарға барынша жақындатуға тырысады. Сондықтан ғылымның бұл саласында зерттеулер жалғасып, жаңалықтар әлі де ашылады.
1-тапсырма: Топтық жұмыс: «Сан алуан заттар» ойыны Берілген тапсырма бойынша заттарды табиғи және жасанды түрлерін анықтап, постерге жазады, жабыстырады, қорғайды.
Видеоролик көру: https://youtu.be/S-JUx3ovxFM Сұрақ жауап:
2-тапсырма: Жұппен жұмыс «Кім жылдам?» әдісі Әр топқа жасанды және табиғи денелерге байланысты заттар беріледі. Сол заттардың қандай денелерге жататынын анықтап айтады. Құрамын анықтайды.
«Неден жасалған» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Топтарға сөмке, бөлме, табиғат, ағаш суреттерін тарату. Карточкалардағы қима қағаздарды орындарына жабыстырып, неден жасалғандарын түсіндіру.
Қазақ үйді көріктендіру үшін, балалар не түсінгендерін шыраққа жазып жабыстырады.
Сабақтағы көңіл күйлерін ,сабақтан алған әсерлерін бағдаршамдардың түстеріне байланысты қолдарына алып жоғары көтеру.
Қызыл түс-көңіл күйім тамаша,сабақты жақсы түсіндім. Басқаларға да түсіндіре аламын.
Жасыл түс-мен түсіндім, бірақ барлығын емес.
Сары түс-мен ештеңе түсіне алмадым.
69-бетті мазмұндап келу.
|
Ширату жаттығула-рын жасайды
Қабырғалар-дағы суреттермен танысады
Әр топтан 1 оқушыға қалпақ кигізу арқылы үй тапсырма- сын сұрау
Оқушылар заттардың табиғи және жасанды түрлерін анықтайды
1.Заттарды ажыратады. 2.Құрамын анықтайды
1.Денелер неден жасалғанын анықтайды
Көңіл күйлерін, сабақтан алған әсерлерін берілген дөңгелекшер арқылы көрсетеді.
|
Қолды үш рет шапалақтау арқылы бағалау
Қолды үш рет шапалақтау арқылы бағалау
|
Табақ,су
Гүлдердің күлтесі ашылу арқылы топқа бөлу.
Галереяға ілінген суреттер топтамасы
Қалпақ
Оқулық, қима суреттер, клей, қарандаштар
https://youtu.be/S-JUx3ovxFM
|