«Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» М.Әуезов
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр» делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында. Жалпы білім беру мазмұны - оқыту процесінде оқушылар меңгеруге тиісті білім, икемділік пен дағды көлемін білдіреді. Білім беру мазмұны педагогикалық үндеу ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырмасының нұсқасы ретінде қарастырылады, яғни баланың білім, икемділік пен дағдыларына қойылатын талаптар ретінде. Баланың болашағы, оның зият дамуы, мүддесі және оқуы, келешекте еңбек іс - әрекетіне қатынасы көп жағдайда білім беру мазмұнымен анықталады. Мемлекеттік білім беру саясатының бағытында қазіргі таңдағы мектеп баланың әсерлі дамуын жүзеге асыруы мен тұлғаның қажеттілігі мен қабілеттерін ескере отырып, оның бірқалыпты қалыптасу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керектігі айтылады. Мектептерде білім беруді заман талабына сай ету осыған бағытталған. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Оқыту үдерісін Білім мазмұнының жаңартылған бағыты мұғалімнің бағыттауымен оқушының өздігінен білім алуына ықпалы зор. Жаңартылған білім мазмұны белсенді оқыту арқылы әр түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдыру, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын ояту. Жаңартылған оқу бағдарламаларында пәннің мазмұны және мақсаттары мұғалімдер үшін бірізділігімен тиімді. Бағалаудың жетістік критерийлері де өте жақсы қамтылған. Мұғалім үшін тиімділігі оқушыны әділ бағалай алуы, мақсаттың нақтылығы, ресурстардың жеткіліктілігі. Оқушы үшін белсенді оқытудың тиімді жақтары, оның жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуінде. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Себебі өз білмейтіндерін басқа білетін оқушылардан толықтыруы. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып та былады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008). Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді (МАН, 49 бет) Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды–машыққа қол жеткізу ғана емес,солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану,жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Кез келген қоғам үшін өскелең ұрпақтың қайсыбір таңдау жасағанда ұлттық рух пен ұлттық мүделерді бастап орынға қойып,азаматтық пен адамгершілік ұстамдарынан ауытқымауы аса маңызды. Сондықтан , тәрбиелей отырып, сапалы білім беру ұстанымын қою қажет. Икемді тұлға болу үшін неге икемделу керек екенін бала да, ата-ана да айқын білу керек. Ол үшін жаңа типті мектептің ең негізгі мақсаты — жалпыадамзаттың ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру керек. Білім мазмұны да, құрылымы да,оқыту технологиялары да сол мақсатқа жетуге бағыт алуы керек. » Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»-дейді әл Фараби бабамыз. Дұрыс тәрбиеленген бала ғана «Қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», («Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»-ҚР Президенті 2006 ж 3 жолдауынан) мақсатының орындалуына жеткізе алады. Бұл бағдарламалар мазмұны оқушылардың білімімен қатар функционалдық сауаттылығын дамытуға да бағытталған. Әсіресе, оқушының өмірлік ұстанымының қалыптасуына, Отанын сүюге, отбасы құндылықтарын қадірлеуге және сақтауға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты білуге баулиды. Оқушы тек қана білім нәрімен сусындамайды, рухани болмысын да қалыптастырады. Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана-адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр. Алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану білім беруді жаңарту ісіндегі маңызды буын болып табылады. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын орыс тілі мен әдебиеті сабағында қолдануға болады. Ал жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани азаматтық және адам қабілетін қалыптастыруға игі әсерін тигізсе, ал оқушылардың ойлау,есту,көру,ынталану,бақылау,іздену мен танымдық қабілеттерін ашуға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Ісмер ағаштан бір затты қырнап жасаудан бұрын оны жоңғылап алатыны сияқты, мұғалім де оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын оның бойындағы білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет. Ұлтты жаңа интеллектуалды белеске көтеру туралы Ел президенті қабылдаған үндеуге сәйкес жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі деңгей биік болуы үшін мұғалім әрбір сабағын өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешімі бар өнер шығармасындай ойластырып, дайындауы қажет. Бағдарлама жеті модульден тұрады: Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. |
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012ж
2. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.2016ж
3. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.